Сабақ Тақырыбы: Біріккен сөз 4 сынып



Дата10.06.2017
өлшемі12,14 Kb.
#19045
  • Мақсаты. Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын түсіндіру.
  • Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатындығы.
  • Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауыстың бірі түсіріліп, жазылатындығын бірнеше мысалдар арқылы түсіндіру.
  • Дамытушылығы. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін , шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен және жекелей жұмыстар жасауға үйрету.
  • Тәрбиелік жағы. Ұқыпты, әдемі жазуға үйрену.
  • Көрнекілік. Сызба , суреттер.
  • Сабақтың түрі. Аралас сабақ.(дүние тану,
  • ана тілі пәндерімен байланыс)
  • Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Психологиялық дайындық
  • Аспанға қарап ай көрдім,
  • Төмен қарап жер көрдім.
  • Біздің алар бағамыз,
  • Ылғи төрт пен бес пе екен.
  • Көк және қызыл кәмпиттер шашу
  • арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • 1.Сөз неден тұрады?
  • 2.Қаратпа сөз деген не?
  • 3.Күрделі сөз деген не?
  • 4.Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не?
  • Сонымен өткен сабақты «сұрау» әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қою арқылы жауап алдық.

Жаңа сабақ Біріккен сөз. Ерте, ерте , ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты «Күрделі сөздер»екен. Оның үш ұлы болыпты.

  • Күрделі сөз
  • Біріккен сөз
  • Қос сөз
  • Қысқарған сөз
  • Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте,бақытты өмір кешіпті. Балалары да , тату болып, бір-біріне н ажырамай, ұйымшыл болған екен Біріккен сөздер- екі не одан да көп түбірден құралған сөздерден тұрады. Олар бірігіп жазылады. Мысалы . Балқарағай. . Бал+қарағай.
  • Екі түбірден құралып тұр. Ала+бота, Ала+көл.Мысалы мынау не? Айна
  • Мынау не? Гүл Осы екі заттың атын біріктіріп айтайықшы,
  • Айна+гүл. Сонда екі заттың бірігуі арқылы біз біріккен сөз жасадық .
  • Бірінші түбірі Айна сөзі, екінші сөз гүл.

Оқулықпен жұмыс. 32-жаттығу. Берілген сөздерден бірігу арқылы біріккен сөздер жасау. Әр сөз неше түбірден құралған?Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұр?

  • Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты ұяң
  • , үнді дыбыстардың біріне бітіп, кейінгі түбірдің
  • басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса,
  • олардың орнына
  • ғ, г әріптері жазылады. Ол қатаң болып айтылса,
  • , қ, к әріптері жазылады.
  • Мысалы. Ботагөз, Ырыскелді.
  • Дәптермен жұмыс.
  • Көркем жазу.
  • Аққу, шаңсорғыш, кемпірқосақ.
  • 33-жаттығу
  • Сөздерді оқып, көшіріп жаз.Әр сөз неше түбірден құралған?
  • Аққк, бұзаубас,Ақмарал, шаңсорғыш.
  • Оқулықпан жұмыс.
  • Ережені хормен айту.
  • 34-жаттығу.
  • Өлеңді оқып, жатқа жаз.Өлеңде біріккен сөз бар ма?Біріккен сөздердің астын сыз.
  • Кемпірқосақ.
  • Күн күркіреп , себелеп,
  • Жаңбыр жауып басылды.
  • Көкжиекке керемет,
  • Кемпірқосақ асылды.
  • Топтық жұмыс.
  • 1-топ.
  • Әр сөз неше түбірден құралған?
  • Айнабұлақ, Алакөл,итбалық.
  • 2-топ.
  • Біріккен сөздердің арасына (+) белгісін қой.
  • Қосқұдық, Ақтеңіз, Түйебай.
  • 35-жаттығу.
  • Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлам құрап жаз.
  • Аққұтан, шекара, көкжиек. Бұлар қандай сөздер?
  • Бұлар қандай мағына береді?
  • Яғни екі түбірден құралған, бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді.
  • Сергіту сәті.
  • Тербеледі ағаштар,
  • Алдымнан жел еседі.
  • Кіп-кішкентай ағаштар,
  • Үп-үлкен боп өседі.
  • Дамытушылық тапсырма.
  • 1-топ 2-топ
  • 1.Таудың суретін сал. 1. Салған суреттің атын жаз.
  • . Алатау.
  • 2.Екі құдықтың суретін сал. 2.Қосқұдық.
  • 3.Ағып жатқан бұлақ. 3. Айнабұлақ.
  • 4.Балықтың суретін сал. 4. Көксерке...
  • 5. Сұлу құстың суретін сал. 5. Аққу.
  • «Кім шапшаң» ойыны.
  • Біріктіру арқылы біріккен сөз жасау.
  • 1.топ 2.топ.
  • Сары су
  • Саңырау құлақ
  • Қос аяқ
  • Тау ешкі қайда жүреді? Немен қоректенеді? . Әңгіме құрау.
  •  
  • Шығармашылық жұмыс.
  • Екі топ кестені толтыру. Біріккен сөздер жаз
  • аң
  • құс
  • жәндік
  • балық
  • Постермен жұмыс. Біріккен сөз туралы алған білімдерін қағазға түсіру.
  • Біріккен сөз
  • Біріккен сөз
  • Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалады
  • Қараторғай
  • көкқұтан
  • аққұйрық
  • итмұрын
  • Бекіту. Үй тапсырмасы. 36-жаттығу. Біріккен сөз .
  • Бағалау.
  •  
  • і


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет