Ашық сабақ тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз.
Мақсаты: Балалардың «достық», «халық», «бірлік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-Халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:үнтаспа, оқулық, дәптер.әр ұлт өкілдерінің суреттері.
Шаттық шеңбері.Балалар біз өзін-өзі тану сабағын неден бастаушы едік?
Ендеше барлығымыз шаттық шеңберіне тұра қалайық.
Балалармен бірге шеңбер құрып тұрамын.Сабақ халықтар достығын білдіретін көңілді әнмен басталады.Бәрі бірге ән салады.
Достық
Ортақ мекен жершары, Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Төбемізде бір аспан. Ортақ бізге барлығы.
Барлық ұлттың баласы, Туыспыз біз бәріміз,
Достығымыз жарасқан. Біз Отанды сүйеміз.
Ортақ бізге бір Отан Бақытты елде туған соң,
Ортақ жердің байлығы, Бақытты өмір сүреміз.
Өлең жолдарын талдау.
Мысалы: «Ортақ мекен жер шары,төбемізде бір аспан» дегеннің мәнін қалай түсінесіңдер?
-Өйткені жер, аспан бізге ғана тиесілі емес, ол барлық адамдарға өзге де ұлт өкілдеріне ортақ.
- Қазақстанда қандай ұлттар тұрады.?
- Сенің қай ұлт өкілдерінен достарың бар?
- Бірлігі жарасқан халықпыз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қазақстанда қанша ұлт тұрмасын бәрі бірге оқып, бірге қызмет етеді. Бірге мереке тойлап,бірге қуаныш бөліседі. Не жасаса да бірге жасайды,келісіп әрекет етеді.Татулықта,достықта өмір сүреді.Осындай ажырамас бірлік біздің Отанымыздың үлкен ел екенін басқа елдерге танытады. «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегеннің мағынасы осында.
Әңгімелесу
-Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер және өзге де ұлт өкілдері. өмір сүреді. Олар бір-бірімен тату-тәтті тұрады.Біздің елімізде әр ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасып өмір сүруде.Олардың тілі мен әдет-ғұрпы, салты басқа болғанымен, тілегі мен мақсаты бір.Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны – Қазақстан.
Бір үйде 5-6 ұлт өкілдерінің балалары бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:
Біз бір үйдегі 2-3 адам тату тұра алмаймыз. Ал әр елдің баласы қалай тату тұрасыңдар?-депті.
-Балалар осының себебін сендер неде деп ойлайсыңдар?
-өзара түсіністік
-сыйластық
-еңбексүйгіштік
-мейірімділік
-достық
Мәтінмен жұмыс
Халықтар достығының мәнін ұғындыру мақсатында Ж. Жабаевтың «Туысқан ел» өлеңін мәнерлеп оқып беремін және ол туралы оқушылардың пікірін білу мақсатында сұрақтарға жауаптар тыңдалады.
-Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «Бірімен-бірі туысқан» деп айтады.
-Терезесі тең жатыр дегенді қадай түсінесіңдер?
-Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?Слайд көрсету
Дәйексөз
Қазақстан халықтарының бірлігінің қажеттілігін ұғындыруда дәйексөздің мәнін аша түсіндіремін.
Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» .деп аталады.Бұл халық даналығын қалай түсіндіресіңдер?
Балалардың жауаптары
-Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан халықтар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Қазақстанды мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік.
Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.
- Біздің елде қазақстан халықтарының бірлігі күнін қай күні атап өтеміз?
-Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде аталып өтуде.
Жаңа ақпарат
Оқулықта берілген «Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді» деген жаңа ақпаратпен оқушыларды таныстырудың мақсаты олардың алған білімдерін түйіндеу болып табылады.
Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды,бақытты,тату өмір сүреді екен.соның бір көрінісі ретінде Грузин мен қырғыз айтысын көрейік.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
-Сенің ұлтың кім?
-Қырғыз.
-Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
-Менің өз елім-Қазақстан.
-Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
-О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
-Ал сен грузинсың ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
-Сен де өз еліңе бар!( осылай дауласып жатқанда, қазақ баласы келеді)
-Балалар осыншама неге дауласып жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
-( Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
-О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе?
Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Тұрғанда да тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
-Жарайды,жарайды!(келісіп қолдарын салады)
-(Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Ойын-жаттығу
Оқушылардың басқа халықтардың тілі мен дәстүрлеріне сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында жүргізіледі.
Балалар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа үш түрлі ұлттың тілінде Отан туралы тақпақ айту және оның мағынасын түсіндіріп беру тапсырылады.
Екінші топқа «Менің елім бақытты» тақырыбында әңгіме құрастырып, оқыту.
Үшінші топқа Мақал-мәтелдегі тасталып кеткен сөздерді орнына қойып, шаңырақ құрастыру.
Балалар үстел үстіндегі қағаздардың артқы бетіндегі сөздерді, мақалды оқып, жетіспейтін сөзін қосып айтып шаңырақтың макетін құрайды.
Балалар тапсырмаларын жария етеді.
Мен ойын-жаттығуда берілген тапсырмалардың мазмұнын қорытындылаймын:
-Міне, балалар, өздерің орындап көрсетіп отырғандай, Отан туралы тақпақ қай тілде айтылмасын,олардың мазмұнында берілген Отанға деген сүйіспеншілік, тілек-арманның мағынасы бірдей.
Әр ұлт өкілдерінің тілі мен әдет-ғұрпы, салты басқа болғанымен, тілегі мен мақсаты бір.Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны – Қазақстан.
Өздерің құраған қазақ шаңырағының астында әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.
Әр түрлі ұлттың аналарының, әкелерінің мақсаты бір-жақсы бала өсіру,нағыз адам тәрбиелеу. Өйткені олардың ұлты басқа болғанымен түп негізі-адам. Адам қай ұлттың өкілі болмасын, қай елде тұрмасын бір-бірімен адами қарым-қатынас жасау қажеттігін ұмытпауы тиіс. Бұл халықты сыйластыққа, бірлікке, достыққа, махаббатқа,бақытқа жетелейді.
. Тыныштық сәті
Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толсын.
Осындай бақытты, бейбіт елде туылып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рахмет айтайық.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген ашықхатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келіңдер.
Қорытындылау
Қазақстан картасына оқушылар әр ұлттың киімін киген суреттерді жапсырады.
Жүректен-жүрекке
Шеңберде тұрып, қол ұстасып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |