Шымкент қаласы, №106 «Ердәулет» бөбекжай балабақшасының психологы Байдеуова Сәуленің дайындық тобына арналған
коррекциялық сабақ
Тақырыбы: «Біз дүниені қалай танимыз?»
Мақсаты: Түйсік пен қабылдаудауды дамыту, жағымды қарым-қатынас түзету, балалардың рефлекцияға қабілеттілігін дамыту, топты жақындастыру, аргессиядан жеңілдеу, жасалған жақсылық өзіңе оралатынын сезіндіру.
Материалдар: әртүрлі ойыншықтар, тақталар, доп, плакат, түрлі-түсті фламастер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
Жүргізуші: Барлығымыз айналамызда не болып жатқанын байқаймыз, яғни, біз дүниені түрлі жолдармен танимыз. Біз дүниені қандай сыртқы мүшелеріміз арқылы танимыз?
Балалар: Көз арқылы көреміз, құлақ арқылы естиміз, қол қимылдары арқылы түртеміз, мұрын арқылы иіскейміз, тері арқылы сеземіз.
№1 жаттығу. «Қай сезім мүшесі екенін тап»
Жүргізуші: Мен сезімдерді атағанда, оның қайда орналасқанын, қолмен көрсетіп отырыңдар.
Судың ыстық екенін, біз қайдан білеміз?
Аспанның түсін, қандай мүшеміз арқылы білеміз?
Ыстық суы бұрқыраған қазының иісін немен сеземіз?
Түнде шөптің түсі қандай болатынын қалай білеміз?
Кімнің бойы биік екенін қалай білеміз?
Төсек мамық екенін қалай білеміз?
Сағаттың тықылдығанын қалай білеміз?
Үйдің қашықта екенін қалай білеміз?
Шыршаның биіктігі қандай екенін қалай білеміз?
Күлшенің дәмін қалай білеміз?
Балалар: Көз!
Жүргізуші: Ия балалар, көп жағдайда біз көз арқылы түсті, көлемді, үлкен-кішіні, қозғалысты т.б. көреді екенбіз.
№2 жаттығу. «Сен кімсің?»
Балалар дөңгеленіп тұрады, жүргізуші оқушыларға кезекпен доп лақтырып тұрып, «сен кімсің?» деген сұрақ қояды. Қағып алған бала жылдам жауап беріп, алға бір қадам шығады. Мысалы, мен баламын, мен қызбын, мен күштімін және т.б. Егер бала сұраққа жауап бере алмаса, онда өз орнына қалады. Ойын соңында өзгелерге қарағанда алдыға көп жылжыған ойыншы анықталады.
№3 жаттығу. «Сиқырлы қапшық»
Балалар көздерін жұмып, қапшыққа салынған затты қолмен сипау арқылы не екенін анықтау керек.
№4 жаттығу. «Тақтамен жұмыс»
Қатар тұрған тақталардың ішінен, көзін жұмып бір тақтаны ұстатып көріп, көзін ашқан соң сол тақтаны табу керек. Ол тақтаны егер дұрыс тапса, қалай тапқанын түсіндіру керек. Келесі бала, тақталардың қайсысы көңілді, қайсысы көңілсіз екенін бөліп көрсету керек. Келесі бала, сол тақталар ормандағы қандай аңдарға ұқсайтынын айту керек. Келесі бала, сол тақталармен әңгіме құрастыру керек.
№5 жаттығу. «Ұжымдық сурет»
Балалар екі топқа бөлініп, үлкен плакатқа «Табиғатта кездеспейтін жануар» тақырыбында сурет салулары керек.
№6 жаттығу. «Тілек шоғы»
Балалар дөңгелене тұрады, әрқайсысының қолында гүл. Жүргізуші өзі бастап сәлемдеседі. Балалар қолдарындағы гүлі бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жүргізушіге бір құшақ гүл болып оралады. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады»-деп жүргізуші қорытынды жасайды.
Сабақ қорытындысы.
Не ұнады?
Есімізде не қалды?
Достарыңызбен бөлісу: |