Бағалау критерийлері
|
Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі.
Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді.
Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады және олардың маңызын түсіндіре алады
Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды.
Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады.
|
Сабақтың тақырыбына қысқаша түсінік
|
Барлығымыз білеміз, қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Адамзат алға қадам басқан сайын техника да жаңаруда. Қиялдап, армандайтын, фантастикалық идеялар шындыққа айналуда.
Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгертіп жатқанын күнделікті өмірден, ғаламтор арқылы біліп отырсыңдар. Мысалы, роботты білесіңдер. Әртүрлі күрделі қызметтерді орындап, адамның кәсібін меңгеруде. Технология деген не? Технология –өнер, шебер, білгір деген мағынаны білдіреді. Технология бір бұйым жасау үшін шикізатты дайын өнімге айналдырады. Мысалы: Алдыңғы сабақтарда энергияның баламалы көздерін оқып білдіңдер. Энергия алу жолдары. Ауызсуды алу, тазарту жолдары, осының бәрі жаңа технология.
|