Сабақтың басы:
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Табан іздері» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1.Етістік дегеніміз не?(Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөз табы)
2.Етістіктің сұрақтары?(Не істеді? Не қылды? Қайтты?)
3.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?(Баяндауыш)
4.Баяндауыштың астын неше сызықпен сызамыз?(2)
5.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді ?(Дара және күрделі болып 2-ге бөлінеді)
|
Сабақтың ортасы:
|
Сонымен балалар етістік құрамына қарай яғни орындалу, орындалмауына байланысты болымды және болымсыз болып 2-ге бөлінеді.Болымсыз етістік болымды етістікке -ма,-ме,-ба,-бе,-па,
-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы: барма,жүрме,күлме т.б.
Оқулықпен жұмыс
39-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
«Жариялау» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор:
1.Мәтінді түсініп оқиды.
2.Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
3.Мәтіннен болымсыз етістіктерді табады.
Тақтамен жұмыс
Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр.
Оқы, ти, күт, шап, үз, жина, ойна, көмектес, жүгір,айт,күл,отыр,ал,жүр,сөйле.
Дескриптор
1.Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жазады.
|
Сабақтың соңы:
|
Сабақтықорытындылау.
Балаларбүгінгісабағымызданеніөттік. Болымдыжәнеболымсызетістікдегеніміз не?.
Болымдыетістік- қимыліс-әрекеттіңжүзегеасуынбілдіреді.
Болымсызетістік- болымдыетістікке –ма, -ме, -ба, -бе, -па,
-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Сабақты бекіту
«Шыбын ұру» әдісі арқылы сабақты бекіту
1.Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөз табы? (етістік)
2.Етістіктің сұрақтары?(не істеді?не қылды?қайтты?)
3.Бір ғана сөзден тұратын етістік?(дара етістік)
4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік?(туынды)
5.Болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістік?(болымсыз)
6.Болымсыз етістікті тап?(ойнама)
7.Болымды етістікті тап: (ақылдас)
Кері байланыс
«Басбармақ»әдісі арқылы сабаққа кері байланыс орнату.
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары,төмен,орташа оқушыларға қандайжоспарлар пайдаландыңыз?
|
Бағалау.
Оқушылардың материалды меңгеруін қалай жоспарлайсыз?
|