3 Сабақты жабдықтау:
компьютер,слайд
3.1 Оқу-әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
«Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет!» П.Ж.Жүнісбеков
М.Т Жетпейісов, Г.А.Мамедалиева,М.С.Дуйсенбаев
3.2 Техникалық құралдар, материалдар:
Компьютер,смартфон
4 Сабақтың барысы .
Металдарды термиялық өңдеу – металдан және қорытпадан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы.
Металдарды термиялық өңдеу :
термиялық (жылу әсерімен),
химиялық-термиялық,
термомеханика (термиялық және пластикалық деформация аралас) болып бөлінеді.
Термиялық өңдеу – бірінші және екінші реттік жасыту, шынықтыру, жұмсарту, ескіру деп жіктеледі.
Бірінші реттік жасыту металдар мен қорытпаларды құю, қысыммен өңдеу, пісіру, т.б. технологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын ақауларды жою үшін пайдаланылады.
Болаттарды өңдеуде екінші реттік жасытудың бірнеше түрі пайдаланылады.
Шынықтыру нәтижесінде болаттың қаттылық, беріктік, үйкеліске шыдамдылық қасиеттері артады.
Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалыққасиеттері жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |