Металды термиялық өңдеу теориясы Термиялық өңдеу мынадай түрлерге бөлінеді.
1.Күйдіру,
2.Нормальдау.
3.Шынықтыру (закалка),
4.Жұмсарту (отпуск).
5.Химия-термиялық өңдеу.
1. Күйдіру. Күйдірудің өзі мынадай алты түрге бөлінеді:
а)рекристализациялық күйдіру (қайта кристалдау үшін),
б)толық күйдіру,
в)шала күйдіру,
г) түйіршікті перлитке күйдіру,
д)изотермиялық күйдіру,
е)диффузиялық күйдіру.
Суық күйде өңделген (прокаттау, шпамтау, созу т.б.) детальдардың ішкі кернеулерін жою, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттерін арттыру үшін оларды рекристалдық күйдіру (қайта кристалдау)арқылы өңдейді.Рекристалдық күйдіруде металды рекристалдау температурасынан (tº ) жоғары температураға дейін (650-700ºC) қыздырып, біраз уақыт сол температурада ұстағаннан кейін белгілі жылдамдықпен суытады.
Толық күйдіру эвтектикаға дейінгі болаттарды толық өңдеу үшін қолданылады.Толық күйдіруде металды Ас (GS сызығы) температурадан 20-40ºC жоғары қыздырып, сол температурда белгілі уақыт ұстағаннан соң аз жылдамдықпен(әдетте пешпен бірге) суытады.Мұндай әдіспен өңделген металдың структурасы майдаланып, ішкі кернеуі жойылады және жұмсарып, механикалық өңделгіштік қасиеті артады.
Шала күйдіру арқылы өңдегенде металды Ас мен Ас -тің аралығындағы температураға біраз уақыт ұстағанннан соң аз жылдамдықпен суытады.Термиялық өңдеудің бұл түрінде қайта кристалдану процесі толық цементит (эвтектоидқа дейінгі болаттығы) өзгермейді.