Сабақ Тақырыбы: «Бүріккіш»



Дата05.02.2022
өлшемі70,68 Kb.
#22538
түріСабақ

Сарыағаш ауданы
Қызылжар елді мекені
82 Ж.Жабаев жалпы орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«Бүріккіш» - құралы.

Пәні: Ақпараттық мәдениет негіздері.
Пән мұғалімі: Қожабек Тамара.
2016 жыл.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ф.Нысанкулова



Пәні: Ақпараттық мәдениет негіздері.

Саб.тақырыбы: Графикалық редактор. «Бүріккіш» - құралы.

Күні: 02.12.16 ж

Мұғ.аты –жөні: Қожабек Тамара.

Сынып: 2-в

Қатысқан оқушылар саны: 25

Қатыспаған оқушылар саны: 1

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Графикалық редактордың «бүріккіш» құралымен таныстыру, оқушыларға алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Графикалық редактор терезесінің сурет салуға арналған бағдарлама екенін біледі.

2-деңгей
(қолдану, талдау):

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Графикалық редактор терезесінен бүріккіш құралын таба алады, сурет салғанда қолдана алады.

3-деңгей
(жинақтау, бағалау):

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Графикалық редакторда бүріккіш құралын пайдаланып сурет салып, қорғайды.

Тілдік мақсат

Графикалық редактор - graphic editor - графический редактор.
Бүріккіш – опрыскиватель – sprayer.

Ресурстар

Оқу дәптері, АКТ, таратпалар, суреттер, дискеттер.

Пән аралық байланыс

Математика, бейнелеу, музыка, қазақ тілі, дүниетану.

Алдыңғы оқу

Paint – графикалық редакторы.

Сабақтың жоспары

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт



Берілетін тапсырмалар және
қолданылатын әдістер



Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері.

І. Ұйымдастыру кезеңі
(психологиялық ахуалды қалыптастыру)
(1-3 минут)

Сәлемдесу.
Түгелдеу.
Мұғалім: «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр
жаңа технологиялардың
ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі
жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»
Н.Назарбаев
Балалар бүгінгі сабағымыз еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 25 жыл толуына байланыстырылып өтпек.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
«Ребус» шешу: «Тәуелсіздікке 25 жыл.»
Оқушылар:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған.
«Тәуелсіздік таңдары!»
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным!
Оқушыларды фигуралар бойынша топқа бөлдік:
1. Бесжұлдыз. 2. Эллипс 3. Ромбик
4. Үшбұрыш 5. Көпбұрыш

Тиімді
болды.
Формативті бағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
(7-10 минут)
1-деңгей (білу, түсіну)

  1. Тест құрастырып келу.

Топтар бір-бірінің Paint – графикалық редакторы тақырыбына құрастырып келген тесттеріне «Ия-жоқ» әдісі арқылы жауап береді.

Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
1-2 ұпай

2-деңгей (қолдану, талдау)

1.«Кім жүйрік»-әдісі, таратпамен жұмыс.
Графикалық редакторының құралдарымен аттарын бір-бірімен сызық арқылы қосу, сәйкестендіру.

Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
2-3 ұпай

3-деңгей (жинақтау бағалау)



3. Графикалық редакторда «Тәуелсіздік таңы» тақырыбына сурет салып, шығарып келу, қорғау.

Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
4-5 ұпай

Сергіту сәті 2 минут

«Тәуелсіздік таңы» - тақырыбына слайдтар көрсету. АКТ




Жаңа сабақ
5-7 минут



«Буындарды жина»- әдісімен тақырыпты ашу.
«Бү – рік – кіш » - құ – ра - лы .
1. «Озық тапсырма»- әдісі.
«Бүріккіш »- құралы тақырыбына алдын ала ақпарат дайындаған оқушылар компьютерде «Тәуелсіздік таңы» - тақырыбына сурет салып, бүріккіш құралын пайдаланып жұмыс жасайды және оны қорғайды.
2. «Суреттер сөйлейді»-әдісі.
Paint графикалық редакторының терезесінің қатарларымен таныстыру.
1.Тақырып қатары
2. Мәзірлер қатары
3. Жұмыс алаңы
4. Құрал-сайман қатары
5. Палирта
Суреттерге қарап әңгіме құрайды, сұрақтарға жауап береді.
- Бұл суреттерден не көріп тұрсыңдар?
- бұл қандай бағдарлама?
- құралдардар тақтасын атаңдар?
- суретшінің негізгі құралдарын атаңдар?
- бүріккіш құралымен қалай жұмыс жасаймыз?
- «Тәуелсіздік таңы» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Paint – графикалық редакторы сурет салуға арналған бағдарлама. Пуск – все программы – стандартные – Paint –батырмаларын басу арқылы ашамыз.
Бүріккіш құралы графикалық редактор терезесінің сол жағындағы құрал-саймандар тақтасында орналасқан.

Жеке жұмыс,
Топтық жұмыс.



Сабақты бекіту
15-20 минут
1-деңгей (білу, түсіну)

«Дискеттер шеруі» әдісі.
Өткен тақырыптарды қайталау, бекіту үшін дискеттерге компьютер құрылғыларының суреттерін жапсырып, қандай құрылғы екенін және атқаратын қызметі туралы айтады. Мыс: Монитор – ақпараттарды экран бетіне шығарады. Пернетақта – ақпараттарды енгізетін құрылғы. Тышқан, Жүйелік қорап, Колонка, Басып шығарғыш

Жеке жұмыс
1-2 ұпай

2-деңгей (қолдану, талдау)

«Бояу түсін тап» – әдісі.
Суреттердегі амалдарды орындап, бояу түсін табады және бояйды.
4+5=9 қоңыр 3-2=1 жасыл 6-3=3 қызыл 1+4= 5 сары

Жұптық жұмыс
2-3 ұпай

3-деңгей (жинақтау бағалау)



«Өрмекші торы»-әдісі.
Дискеттерге жапсырылған өрмекшілерді торға жапсыру үшін графикалық редактор құралдарын аттарына сәйкес суреттің үстіне жапсырады.
Мыс: өрмекшінің астына қылқалам деп жазылған, соны тордағы қылқыламның суретінің үстіне сәйкестендіріп жапсырады.

Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
4-5 ұпай

Үйге тапсырма.
5-7 минут
1-деңгей (білу, түсіну)

Оқу дәптерімен жұмыс.
1.№ 3 тапсырма әр топтағы заттарды боя.




2-деңгей (қолдану, талдау)

Графикалық редакторда «Бүріккіш» құралын пайдаланып әр түрлі фигуралардың суретін салу.




3-деңгей
Шығар-қа бейімдеуге, функционалдық сау-н дамытуға арналған тапсырмалар:
Қаб-і жоғары оқуш-ға тап-р

Алдын ала тақырыпқа ақпарат дайындау.
«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшіргіш» құралдары.




Бағалау
2-3 минут

Бағалау парақшасына әр оқушы өзін бағалап отырады.
Бағалау тақтасына топбасшы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

15-13 «5»
12-10 «4»
10-8 «3»

Кері байланыс:

Алма, жүрек, төртбұрыш, гүлдер, жұлдыздар суреттеріне әр топ өзінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сабақта не ұнады, не ұнамады, неге ұнамады? Сол туралы стикерлерге кері байланыс жазып, жапсырады.




Қосымша ақпарат.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану.
АКТ-мен байланыс: АКТмен жұмыс жасалды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?


Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?




Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?




Тәлімгер : Пернебаева Г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет