Сабақ тақырыбы БҮтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері (3 сағат берілген, 3-сабақ) Осы сабақта



Дата31.10.2022
өлшемі107,79 Kb.
#155910
түріСабақ
Байланысты:
Шалатаева Г


САБАҚТЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
№31 жалпы білім беретін мектеп
математика пәні мұғалімі:
Шалатаева Гульмира Сапарбековна
Шымкент қаласы
Сабақ тақырыбы
БҮТІН көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
(3 сағат берілген, 3-сабақ)
Осы сабақта
қол жеткізілетін
оқу мақсаттары
  • 7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
  • 7.1.2.6 көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;
  • 7.2.1.1 санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану.

Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
  • нөл жіне бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу:
  • санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
  • көрсеткі ші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу.

  • Кейбір оқушылар:
    Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдануда ізденісті қажет ететін есептерді шығару.

Бағалау критерийі
Барлық оқушылар:
  • нөл жіне бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін қолданады;
  • санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады;
  • көрсеткі ші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табады.

  • Кейбір оқушылар:
    Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдануда ізденісті қажет ететін есептерді шығарады.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже (12 сағат)
1 тапсырма
Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс»
№1.104 Сандарды негізі 2 болатын дәрежемен алмастырыңдар:
16; 8; 4; 2; 1; 1/2; 1/4; 1/8.
Дескриптор:
* натурал көрсеткішті дәрежесін анықтайды;
* нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәрежесін табады.
Белсенді оқыту әдісі
Мақсаты: Нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу.

Бағалау критерийі:
Оқушылар
* натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады;
* нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін біледі.
1 тапсырма Жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі


Қалыптастырушы бағалау:
жұптар өз жауаптарын басқа жұптармен ауысып, өзара бағалау.
Саралау әдістері
Сабақ барысында саралаудың нәтиже, жұмыс қарқыны, диалог және қолдау көрсету, бағалау тәсілдері қолданылады.
Дескриптор :
Оқушылар
  • нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады
  • өрнектің мәнін табады.


Нәтиже бойынша саралау:
Оқушылардың көпшілігі:
  • нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін қолданады;

  • Кейбір оқушылар:
  • санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады.

Қалыптастырушы бағалау:
топтар талдау жұмыстарын жүргізеді, бірін-бірі бағалайды.


Бағалау критерийі:
Оқушылар
нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін қолданады.
Мақсаты: Санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады.
2 тапсырма Топтық жұмыс «Тарсия» әдісі
«Әке» тобы үшін
№1.105 Өрнектің мәнін табыңдар:
1) 18∙(-9)-1; 2) 0,5-2+(1/4)-1; 3) 102∙(1/50)-1;
4) (0,97)0+(0,1)-3; 5) (2/3)-2; 6) 2-3-3-2.
«Ана» тобы үшін №1.101
«Бала» тобы үшін №1.102
«Дос» тобы үшін №1.103
Критериалды бағалау
Мақсаты:
нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу; санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану; көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу.
Бағалау критерийі: Оқушылар
нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін қолданады;
санды өрнектерді есептейді.
Денгейлік тапсырма (А, В, С)
А деңгейі
№1.107 Нөлмен салыстырыңдар:
(-0,001)6; 2) (-)-3; 3) (-2)-3.
В деңгейі
№1.108 Салыстырыңдар:
2-5 және 2-4; 2) (-3)-3 және 3-3; 3) (0,3)-3 және (0,3)-4.
С деңгейі
№1.109 Негізі үш болатын дәреже түріне келтіріңдер:
3х∙3х+1∙31-х; 2) (3у)2∙(3-3)у; 3) 81с:34с-2.

Дескриптор:
А – бүтін көрсеткішті дәрежелі санды нөлмен салыстырады;
В – бүтін көрсеткішті дәрежелі сандарды салыстырады;
С – нәтижені негізі 3 болатын дәреже түріне келтіреді.
Қалыптастырушы бағалау:
Жарайсың (толық және дұрыс орындалған жағдайда).
Жақсы (толық және аздаған қателіктер бар жағдайда).
Әлі де тырысу керек (дұрыс емес орындалған жағдайда).
назарларыңызға
рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет