Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сілтеме:
Нұсқаулық, Қазақ әдебиеті 9- сынып оқулығы «Атамұра»2014 ж.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.
Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары артады;
Негізгі идеялар:
Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын ресурстар:
Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, материал. C.Торайғыровтың еңбектері
Оқыту әдістері:
Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
Интерактивті оқыту әдісі;
Оқыту үшін бағалау;
1.Жеке жұмыс
2.Топтық жұмыс
3.Жұптық жұмыс
4.Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны
Дерек көздері:
қосымша материалдар, оқулық хрестоматиясы, ғаламтор.
Даналық ой
Әр ақынның тағдыры әр түрлі жағдайда қалыптасады.Тұқымы топыраққа түсіп,оңай өнім беретін де, талмай ізденіп,қиыншылықпен алыса жүріп шындық жолын табатын да ақындар болады.Сөйте жүріп олар өз тағдырын өзі жасайды. Сұлтанмахмұт осы соңғы жолмен жүрген ақын.Ол өз өмірін өзі, өз өлеңімен жасады. (С.Қирабаев)
Мұқан молда Сұлтанмахмұттың ақындық жолды таңдауына игі әсерін тигізеді.Бұл туралы ақын өзінің «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»деген алғашқы өлеңдерінің бірінде жазады.
Ол тағыда кімдерден дәріс алады,қандай еңбектері бар?
1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман молданың медресесінде екі үш жылдай оқиды. Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.
Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.
Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.
Түсіну
.
. Көзі ауырып, дәрігерлер оқуға, жазуға рұқсат етпейді. Бұл аурудан оны қазақтан шыққан білгір дәрігер Әбубәкір Алдияров жазады. Сонан соң Троицкі маңындағы ауылдарда бала оқытады.
Күзде Троицкідегі “Айқап” журналында жауапты хатшы болып орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.
10 минут уақыт беріледі.
Постер құрады, өз сөздерімен қорғайды.
Балалар бір –бірінің жұмыстарына баға береді.1-5 баллды айтады.
Оқу іздеп Семейге барады, бірақ діттеген оқуына түсе алмайды.
Тарбағатайдағы Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады.
Семейге келіп, одан Томскіге сапар шегеді. Сол қалада Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, орысша білім алады. Қиыншылықта өмір сүреді. «Жұмасына екі рет «обед» етем, құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. «Киноматограф» вечерлерге бір мәрте барғаным жоқ. Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті» - деп жазатыны осы тұс.
Ақын өлеңдерінде қазақтың шаруа жайы да мал баққан елдің тұрмыс-тіршіліктері де молынан жырланатындығын өлең ішінен тауып қағазға түсіру.
Ақпан төңкерісінен кейін Семейде құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялайды.
Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.
Талдау
Сергіту сәті: А) C.Торайғыров туралы түсіндіру. (слайд арқылы) кітапта
308 бетті балалар оқиды.10 мин. уақыт беремін.
Б) «Өзіңді тексер» атты тапсырманы орындау.
-Ал, балалар сергіту сәтін өткіземін, әбден шаршаған боларсыздар.Орнымыздан тұрамыз,
21 мамырда аурудан қайтыс болды. Небары 27 жас өмір сүрген ақынның соңғы сөзі «Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын» болған екен.
Балалар орындарынан тұрып, «Биле, биле» сергітуін жасайды.
1) Балалар, C.Торайғыров туралы айтады, талдайды, мысал келтіреді. Сұрақтарға жауап береді.
2) Берілген слайдты ашу, балалар C.Торайғыров туралы теріп оқиды.Түсіндіреді.
Белсенді оқушыларды бақылап отыру.
Бағалау парағына жазу.
Синтез /Жинақтау/
а) Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, нақты әңгімелерге сай кесте құру, ойларын жинақтап, түйін жасау.
Мәтінмен жұмыс жүргізу. 308-бет, таным дерек бойынша жұмыс жасау
Алғашқы поэмасы «Таныстыруда" Алашорда өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарды елге таныстырып, оларды «бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай» деп жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды.
Топтардың бірін –бірі бағалауы. Мұғалім өз бағасын жасайды.
Бағалау
«Гүл күлтелері» рефлексия
Әр гүлдің күлтелері таратылады.
Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.
Рефлексияны қарау, қорытынды жасау.Үйге тапсырма ) C.Торайғыров туралы деректер жинау