Ашық сабақ
Тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін сөздерді оқи алу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа дыбысты сөздерді енгізу.
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, дыбыстық талдау жасау;
ә) тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайд-шоу, почта , чеснок , чемодан, чек, чемпиондардың суреттері.
Әрекет
кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
А) Жұмысқа қажетті қалыпты сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;
Ә) Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қош келдіңіздер!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмыз!
ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындау.
Балалар, өткен сабақта біздер қандай дыбыспен танысып едік?
Ц дыбысы.
Ц дыбысы қандай дыбыс?
Ц дауыссыз дыбыс.
Ц дыбысына байланысты қандай өлең жаттадық?
Цирк келді қалаға,
Алыстағы Мәскеуден
Офицер болып келіпті,
Омар аға әскерден
Балалар, осы өлеңде ц дыбысы кездесетін сөздерді атаңдаршы?
Цирк , Офицер
Жарайсыңдар. Осы сөздердің ішінен офицер сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайық.
О – дауысты дыбыс.
Ф – дауыссыз дыбыс.
И– дауысты дыбыс.
Ц – дауыссыз дыбыс.
Е – дауысты дыбыс.
Р – дауыссыз дыбыс.
Жақсы, енді өткен сабақты пысықтап «Алма жинау!» ойынын ойнап жіберейік. Алма артында жасырылған өтілген дыбыстарға байланысты шапшаң сөз құрайық .
Тарақ, тауық , тышқан , доп , достар, алма , Алматы, ана , ыдыс , анар, раушан ,
Жарадыңдар, балалар.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Балалар, дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Ал дауыссыз дыбыстар ше ?
Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Әріп дегеніміз не?
Қазақ тілінде барлығы неше әріп бар? Оның нешеуі дауысты ?Дауысты дыбыстарды атаймыз.
Өте дұрыс, өткен дыбыстарды жақсы меңгерген екенсіңдер.
|
Шаттық шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.
Өткенді қайталайды
|
Ізденістер ұйымдастыру
|
Жұмбақ шешу
Орындық тұр –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (Ч)
Дұрыс айтасыңдар балалар ч әріпіне ұқсайды. Бүгін ч әріпін өтеміз.
Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Чемодандар, сөмкелер.
Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.
ЧЕ – МО – ДАН
Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
Ч дыбысы.
Балалар, ч дыбысы дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Сонымен, чемодан деген не? Оны қайда пайдаланады?
Чемоданға киімдерімізді саламыз. Алысқа жол жүруге жиналғанда мамаларымыз заттарды чемоданға салады.
Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайықшы, балалар:
Сара Сәуле дүкен сөмкелер чемодандар барды алды сатып көп
Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.
Жақсы балалар , енді ч дыбысынан келетін сөздерді айтып , оған дыбыстық талдау жасайық.
Ч- Ч- П-
Е- Е- О-
М- М- Ч-
П- О- Т-
И- Д- А-
О- А-
Н- Н-
Дәптермен жұмыс.
Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч
Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?
Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.
Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?
«Болашақ чемпиондар».
Балалар, чемпиондар деген кімдер?
Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.
Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)
Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова.
Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.
Болашақ чемпиондар
Сырғанайды екеуі,
Мұзайдынға кеп бірге.
Желді қуып жетеді,
Екпін қосып екпінге.
Бақыты боп бар елдің,
Алар талай байрақ та.
Чемпионы әлемнің
Болар күні әлі алда.
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын бірге талдайды. Оқушыларға тізбектей оқытады.
|
. Мақсат: Алған білімдерін тиянақтау. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сактау үшін сол дыбыстан басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.
|
Рефлексті қозғаушы
|
IV. Сабаққа қорытынды жасау.
Сонымен, балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Ч дыбысымен таныстық.
Ч дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?
Чемодан, чемпион, чемпионат, чек, чех, почта.
Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, «Көк тудың желбірегені» әнін орындайық. Еліміздің президенті айтпақшы: «Болашақ бүгіннен басталады». Сендер тәуелсіз еліміздің еркін өскен ұландарысыңдар. Болашақта ел үмітін ақтар, білімді, мәдениетті, үлкен азамат болыңдар!
Хормен « Көк тудың желбірегені» әні орындалады. Экранда ән мәтініне сай слайд-шоу жүріп жатады.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
|
Сұрақтарға жауап береді.Мадаққа ие болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |