Сабақ тақырыбы: Цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын және көлемін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер шығарту.
Дамытушылық: Цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің аудандарын және көлемін табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару .
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, таратпа материалдар, бағалау парақшасы т.б.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Қатарлардың атын оларға сұрақ қою арқылы белгілеп аламыз.
1.Тік төртбұрыштытың өзінің бір қабырғасы маңынан айналғанынан шыққан денені. (Цилиндр)
2.. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті маңында айналуынан шыққан денені (Конус)
3. Кеңістіктің сферамен шектелген бөлігін . (Шар) Сабақ жоспары: І. Үй тапсырмасын тексеру(Үй тапсырмасын тексеру, яғни үйге берілген есеп тақтаға шығарылады. ). Шығармашылық тапсырма. .( 8 ұпай )
ІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы. Өткен сабақты қайталау.( 2 ұпай )
2-ші қатарға : Конус дегеніміз не?Конустың элементтерін ата? Конустың түрлерін ата? Қималары? Негізгі формулалар атандар?
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.