(С, Ж, К, ҚБ) Оқушылар босаңсу және иілгіштікке жаттығулар орындайды.
1. «Гимнаст».
Б.қ. –бір қырында жатып, бір қол алға созулы.
1-2 - дегенде бос аяқты бүгіп, жамбасқа тигізу керек.
3-4 - дегенде артқа шалқайып, аяқты жоғары көтеру керек.
8 рет қайталау.
2. «Сайқымазақ».
Б.қ. – негізгі тұрыс.
1-2 дегенде - қарынға жатып иекпен бүгілген қолдарға таяну және аяқты бүгу.
3, 4, 5,6 - дегенде аяқпен ауада сермеу.
7-8 дегенде арқаға аударылу.
1-2 дегенде – қолды бастың астына қойып, аяқты тізеде бүгу.
3-4 дегенде – бір аяқты екіншісіне қою.
5-6 дегенде – аяқты аустыру.
7-8 дегенде – екі аяқты еденге қою.
4 рет қайталау.
(С) Оқушылар дем алуға арналған жаттығуларды орындайды.
1. «Майшамды үрлеп сөндір».
Б.қ. – еденде отырып, аяқтар алдында қайшыланған, қолдар еркін тізенің үстіне қойылған, арқа түзу. Мұрын арқылы терең дем алу, майшамды үрлеп жатқан сияқты ауызбен дем шығару. Жаттығуды бірнеше рет қайталау.
2. «Мамық».
Б.қ. – дәл солай. Мұрынмен терең де малу. Мамықты үрлеп, ауада ұстап тұруға тырсқандай бірнеше рет ауызбен дем шығару.
3. «Шар».
Б.қ. – дәл солай. Қол іште. Мұрын арқылы терең дем алып, ішті толтыру. Ауызбен дем шығарып, іштегі ауаны шығару.
Дескриптор:
Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Қосаяқпен секіруді біледі
Секірген мезгілде серпілуді біледі.
|