Сабақ тақырыбы Дененің импульсі және күш импульсі



Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#86618
түріСабақ
Байланысты:
Дененің импульсі және күш импульсі Сабақ жоспары.


Күні: 13.01.2020 ж

Бекітемін:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3В Сақталу заңдары

Сынып: 9

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дененің импульсі және күш импульсі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.3 - дене импульсы мен күш импульсі анықтамасын білу;



Сабақ мақсаттары

Дене импульсының анықтамасын оның жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде біледі;
Нәтижеге болжамалы баға бере алады;
Күш импульсы дене импульсының өзгеру мөлшері болып табылатынын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Дене импульсының анықтамасын береді.
Дене импульсының формуласын біледі.
Дене импульсын дененің жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде анықтайды;
Күш импульсын дене импульсының өзгеру мөлшері болып табылатынын түсінеді;

Тілдік мақсаттар

Масса, импульс, векторлық жылдамдық, күш, серпімді, серпімсіз, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, серпімді деформацияның энергиясы

Бастапқы жылдамдық

начальная скорост



ini

массаial velocity



мас

а
mass

жылдамдық

скорость

speed

вектор

вектор

vector

Тұйық жұйе

замкнутая система

closed system

Қандай доп үлкен ……. ие?
………. қалай өзгерді?
Егер ….. орын алса іс-әрекетпен не болатындығын болжамдаңыз…..

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Салу есептерін шешу барысында геометрия пәнімен байланысын көруге болады. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде информатикамен байланыс орнатылады. Оқушылар моменттерді талдап, күш жұбы тұжырымдамасын тәжірибе экспериментальды түрде және әзірленген мысалдармен жүзеге асыра отырып математика, геометрия пәнімен байланыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

Күштерді салу барысында интерактивті тақта қолданылады. Bilimland.kz сайтын пайдалану.

Бастапқы білім



9 сыныптан: Ньютонның 2 заңы, масса дене инертілігі,жылдамдықтың сағынасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

3 мин




І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын байқау. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.

  1. Қызығушылығын ояту. Бір-бірлеріне C әрпіне басталатын тілек тілейміз.

Бейне ролик арқылы жаңа тақырапқа ену


Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

bilimland.kz сайтынан алынған бейне ролик бойынша оқушылардың ойын талқылау.



  • Неге денелер өз қозғалыстарын жалғастырады және көпшілігі түбінде тоқтайды, осыған не себеп болады?

  • Импульс деген не?

  • Импульс қалай анықталады?

  • Неге ғарыштағы дене шексіз импульске ие бола алады?

Слайд /бейнеролик/


Презентация


https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti



Сабақтың ортасы

3 мин
8 мин


2 мин
5 мин


8 мин
7 мин

Миға шабуыл - проблемалық сұрақтары

  1. Неге адам үлкен жылдамдықпен ұшып келе жатқан допты аяғымен немесе басымен тоқтата алады, ал өте баяу қозғалып келе жатқан вагонды тоқтата алмайды?

  2. Тенис добы адамға тиген кезде оған ешқандай зиян келтірмейді, ал массасы кішкентай бірақ жылдамдығы жоғары (600—800 м/с) оқ адам үшін өте қаупті болып келеді?



Жеке жұмыс.
Тест тапсырмаларды орындау .

  1. Массасы 50 кг конькиде тұрған адам, 20 Н күшпен массасы 2 кг шарды өзінен ары қарай итеріп, шарға қандай үдеу береді?

А. 4 м/с2 B. 0,4 м/с2 С. 10 м/с2 D. 0,38 м/с2

  1. 0,05 Н күштің әрекетінен 10 см/с2 үдеу алған дененің массасы қандай?

А. 1 кг B. 0,5 кг С. 0,1 кг D. 0,05 кг

  1. Дененің жылдамдығы 4 секунд ішінде 36 м/с –тан 24 м/с –ке дейін өзгерді. Дене қандай үдеуге ие болды?

А. 4 м/с2 B. 3 м/с2 С. - 4 м/с2 D. -3 м/с2
4 . Жылдамдықтың уақытқа тәуелдік графигі бойынша дененің қозғалыс үдеуін анықтаңдар.
А. 3 м/с2 B. 1 м/с2
С. 2 м/с2 D. 0,2 м/с2

  1. Күштің әрекетінің нәтижесі қандай факторларға тәуелді?

  1. Күштің түсірілген нүктесіне

  2. Күштің бағытына

  3. Күштің сандық мәніне (модуліне)

  4. Күштің әсер ету бағытына перендикуляр жазықтығының ауданына.

  5. Күштің әсер ету уақытына.



Бағалау. Өзін – өзі тексеру. Презентацияда тесттің жауаптарын көрсету
Кері байланыс. Тест тапсырмаларын орындалуын талқылау.



  • Тақтаға Ньютонның екінші заңын және үдеу анықтамасының формуласын жазу маңызды.

  • Күштің әрекетінің нәтижесі күштің әсер ету уақытына тәуелді ме? Деген сұрақтың туындауы маңызды. Осы сұраққа жауабы бүгінгі тақырыпта анықталады.

Сыныппен жұмыс. Импульстін маңызын талқылау.
Осы шаманың техникада және өмірде маңыздылығы өте зор:

  • атомдық и ядролық физика (атомдық ядолардың соқтығусуы және ядролық реакциялардағы түрленулер осы мағынамен тікелей байланысқан болып келеді);

  • жарылыстар (әскери, құрылыста);

  • қар көшкіні;

  • жер сілкініс;

  • соққылар (авария кезінде, жаруашылықта).

Күш импульсы дене импульсының өзгеру мөлшері болып табылатынына мысал қарастыру.
Деңгейлік есептерді шығару.
ІІ. Сабақтың мақсатына жетуге арналған тапсырма.
Жеке жұмыс
1. Көлемдері бірдей екі дене темір және қорғасын тең жылдамдықпен қозғалады. ( =11340 кг/м3,  = 7800 кг/м3)
А) қандай дененің импульсі артық? (қорғасын)
Б) импульстер бір-бірінен неше есе артық? (1,45 есе)
В) импульстерін теңестіру үшін, импульсі кішірек дененің жылдамдығын қалай өзгерту керек? (1,45 есе арттыру)
2. Массасы 100 г шар горизонталь жазықтыққа жоғарыдан еркін құлайды, соғылу кезінде жылдамдығы 10 м/с тең. Абсолютті серпімді және абсолюті серпімсіз соғылудағы импульс өзгерістерін анықтаңдар. Шарға әрекет ететін орташа күшті анықтаңдар, егер абсолютті серпімсіз соқтығысу уақыты -0,05с созылды, ал серпімді соққы – 0,01с.
(абсолютті серпімді ∆p=2кгм/с; серпімсіз ∆p=1кгм/с; серпімсіз Fорт=20Н; серпімді Fорт= 200 Н)
Бағалау. Бірін-бірі тексереді.
Есептерді оқушыларды тақтады шығартып талдау. Шығару жолын қарастыру.
Кері байланыс. Әр оқушы жеке орындап, орындап болған соң сыныппен бірге тексеру.
Бекіту. Жұптық жұмыс. Бүгінгі сабақта алған білімдерін тексеру мақсатында семантикалық карта беру:

Дене импульсі формуласы




Дене импульсі өлшем бірлігі




Күш импульсі формуласы




Күш импульсі өлшем бірлігі




Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланыс формуласы




Импульстің сақталу заңы формуласы






Бағалау: Өзара бағалау
Кері байланыс: Тапсырманың жауаптарын айтып, оқушылар жауаптарымен тексереді. Жауаптарын талқылау
*Тапсырманы алдын ала орындаған оқушыларға, қосымша тапсырма беруге болады

Презентация

Презентация


Карточка 1

Презентация


Презентация

Презентация


Карточка 2




Қосымша

Сабақтың соңы

2 мин


Оқушыларға графиктік тапсырма беріп, сабақты қорытындылау:

  1. Бүгін нені түсіндіңдер?

  2. Сабақта нені үйрендіңдер?

  3. Қандай қиындықтар кездесті ?

Бағалау.Үйге тапсырма беру. 19, Есептер жинағы
9 сынып (11.1-11.8)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет