Сабақ тақырыбы: «Денсаулық бірінші байлық»



бет3/3
Дата01.11.2022
өлшемі19,25 Kb.
#155993
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Бірінші байлық- денсаулық

Бағалау критерийлері
Тыңдалған мәтін бойынша факті мен көзқарасты ажыратады.
1. Мәтінді мұқият тыңдайды.
2. Фактіні ажыратады.
3. Көзқарасты ажыратады.
Саралау: «Факт» және «Көзқарас» анықтамалары тақтаға шығарылады. Оқушылардың деңгейлері мен қажеттіліктеріне сәйкес мәтін өңделді.
ҚБ: дескрипторлар арқылы әр оқушы өзін – өзі бағалайды. Дескрипторлар оқушыларға тапсырманы орындауға көмектеседі.
Тыңдалымнан кейінгі жұмыс. «Жұптас – ойлан – пікірлес» әдісі арқылы топ ішінде оқушылар жұпқа бөлініп, ажыратқан факті мен көзқарасты өзара талқылайды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың білімдері артады және айтылым дағдылары қалыптасады.
ҚБ: «Ойлан да айт» тәсілі арқылы оқушылар жұпта бір – бірін тексереді және ауызша бағалайды.
2 – тапсырма.
Жазылым алды жұмыс. Бұл тапсырма «Мен білемін» әдісі арқылы өткізіледі. Оқушылар өз білімдерін көрсетеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады. Осы тапсырма арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды. Мұғалімнің сұрағы: - Дискуссивті эссе дегеніміз не?
Дискуссивті эссе – көтерілген мәселе бойынша ой қозғау, шындықты айқындау; немесе пікірді, ұстанымды өзгерту; проблеманы жан – жағынан көруге мүмкіндік береді. Дискуссивті эссе талдай отырып жазылады.
Жазылымнан кейінгі жұмыс:
ҚБ: оқушылар, топ ішінде, жазылған эссе жұмысын бір-біріне табыстап, дескрипторлар арқылы бағалайды.
Соңы
3 минут Кері байланыс. «Мұғалімге жеделхат» әдісі арқылы, оқушылардың мақсатқа жеткен, жетпегені тексеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет