Сабақ Тақырыбы: Дыбыс үндестігі Сыныбы: 5"б"



Дата25.08.2017
өлшемі86,67 Kb.
#27401
36 мектеп-гимназия

Ашық сабақ

Тақырыбы: Дыбыс үндестігі

Сыныбы: 5"б"


Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Бахонова Ә.Қ

Атырау, 2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы

Дыбыс үндестігі (2-сағат)


Мақсаты

Үндестік заңының екінші түрі дыбыс үнестігін терең меңгерту, жаттығулар арқылы бекіту. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін ажырата білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Сөз бен қосымшаның жігінде, сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі болатынын біледі, дыбыс үндестігін ажырата алады, ықпал түрлеріне мысалдар келтіре алады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Тұжырымдамалық карта, Ойлан, бірік, бөліс, Лездеме, Венн диаграммасы, Бес жол өлең, Топтастыру, Ұйқасын тап.

Дерке көздер мен жабдықтар

Интерактивті тақта, слайд, постер, гүлдің суреттері, оқулық, интернет материалдары, бағалау парақтары.

Ұйымдастыру кезеңі


Ұйымдастыру

Сабақта жағымды көңіл күй орнату.

"Бір-біріңе күлімде"

Оқушыларды гүлдің аттарымен раушан, бәйшешек, қызғалдақ топтарына бөлу.

Топ оқушыларын критерийлер арқылы бағалау.

Критерийлер бойынша бағалау үшін бағалау парағын таратып беру



Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Бағалау критерийлері арқылы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу
Қызығушылық

тарын ояту



Үй тапсырмасын

тексеру


Шығармашылық жұмыс

Телефон, радио, теледидар, компьютер, ғарышқа ұшатын зымырандар, аспан денелері-күн, ай, жұлдыз, т.б. қатыстырып ойдан ертегі құрау.





Үйге берілген тапсырма

бойынша үш топтың

жұмыстарын тексереді.

Өткен тақырыптарды

қайталау мақсатында тірек

сызба жасау тапсырады.

Әр топ оқушысы

ережелерді еске түсіріп,

сызба бойынша айтып

шығуы тиіс.



Телефон, радио, теледидар, компьютер, ғарышқа ұшатын зымырандар, аспан денелері-күн, ай, жұлдыз, т.б. қатыстырып ойдан ертегі құрайды.

Ережелерді еске түсіріп, қайталайды.

Үндестік заңы

Буын Дыбыс

үндестігі үндестігі

білім-ді Ілгерінді ықпал

ақыл-ды Кейінді ықпал

әшекей-ле Тоғыспалы



Түсіну

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен құрамындағы дыбыстары кейінді ықпалдың әсерінен өзгеріске түскен сөздердің астын сызу. Сөз ішінде, сөз арасында бір-біріне әсер етуші дыбыстарды анықтау.



Оқушылардан кейінді

ықпалдың әсерінен

өзгеріске түскен сөздерді

тауып, дыбыстардың бір-

біріне әсерін түсіндіруді

тапсырады.

1-топ 334-жаттығудағы мәтінмен жұмыс жасайды.

2-топ Мәтін тақырыбы "Жусан"

3-топ Мәтін тақырыбы:

"Көкпек"


1-топ 334-жаттығу

Өсімдігі, шығады, сүйрігін, түбінен, мамығына, шығуынан, тұмсығы.

2-топ

Биіктігі, жапырағы, сабағын, азығы, тегі, қос жынысты



3-топ

Аймағына, биіктігі, сабағының, жапырағы, көкпегі.



Қолдану

Тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау, қорғау.

Дыбыс үндестігін көрсете отырып, сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты табу.





Тұжырымдамалық картамен жұмыс жасап, қорғайды.

Дыбыс үндестігін ажыратады, айтылуы мен жазылуын сызықша арқылы қатар жазып, салыстырады.

1-топ Боз құнан, ала кел,

Қараағаш, тас бұлақ,

Бесжан

2-топ Қара қой, келіп еді,



Жезқазған, қара ала, жаз сайын

3-топ атың кім, Меңдіқұл,

көк орамал, Құрманбек,

сәнқой.


Оқушылардың мақсаты Дыбыс үндестігін ажырата отырып, айтылуы мен жазылуын салыстырып көрсетеді.

1-топ Боз құнан-боз ғұнан

Ала кел-ала гел

қараағаш-қарағаш

тас бұлақ-тас пұлақ

Бесжан-Бешшан

2-топ Қара қой-қара ғой

Келіп еді-келіб еді

Жезқазған-Жезғазған

Қара ала-қарала

Жаз сайын-жас сайын

3-топ атың кім-атың гім?

Меңдіқұл-Меңдіғұл

Көк орамал-көгорамал

Құрманбек-Құрмамбек

сәнқой-сәңқой



Талдау

Әр топ оқушыларына берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.


Әр топ оқушылары берілген тапсырманы өздігінен орындайды.

Тәртібімен, ақиқатқа, әлемде сөздеріне фонетикалық талдау жасау.



1.Тәртібімен-жіңішке буынды сөз, себебі

құрамындағы дауысты

дыбыстар жіңішке

дауыстылар.




2.Т-дауыссыз дыбыс, себебі

өкпеден шыққан ауаның

сөйлеу мүшелерінің бірінің

кедергісіне ұшырап

шығуынан жасалған, үн мен

салдыр қатысына қарай

қатаң.

ә-дауысты, себебі өкпеден



шыққан ауа ауыз қуысында

ешбір кедергіге ұшырамай,

ауа еркін шығады. Жіңішке,

себебі бұл дыбысты айтқанда

тілдің ұшы сәл алға қарай

созылып, үсті сәл

төмендейді. Жақтың

қатысына қарай ашық, ерін

мен езудің қатысына қарай

езулік.


р-дауыссыз, үнді

і-дауысты, жіңішке, қысаң,

езулік

б-дауыссыз, ұяң



м-дауыссыз, үнді

е-дауысты, жіңіщке, ашық,

езулік

н-дауыссыз, үнді



3. 3 жағдайда

тасымалданады

тәр-тібімен, тәрті-бімен,

тәртібі-мен

4.Буын үндестігі бар

Тәртіп+і+мен



5.Дыбыс үндестігі бар

Тәртібімен ( )



Жинақтау

Мәтінмен жұмыс

1-топ "Плюс-Минус-Не қызық" әдісі арқылы ертегі мәтіні бойынша "Не жақсы?", "Не жаман?", "Не қызық?" сұрағына фактілер мен идеялар жазу.

2-топ Мәтін бойынша жуан, жіңішке сұрақтарға жауап беру.

3-топ Ертегіні абзац-абзац түрінде бөліп алып, ондағы дыбыс үндестіктерін табыңдар.



Топ бойынша шығармашылық тапсырмалар береді.

1-топ ертегіні оқи отырып, негізгі кейіпкердің жақсы жағы мен жағымсыз жағын жазады. Ертегіде не қызық болғанын айтып береді.

2-топ ертегіні оқи отырып сұрақтарға жауап береді.

1.Өзенді жалқау деуге бола ма?

2.Неге оны жалқау деп айта алмайсыз? Түсіндіріңіз.

3.Бұрынғы өзен мен қазіргі өзеннің айырмашылығы бар ма?

4.Егер ол бұрынғыдай жайбарақат қала берсе не болар еді?

3-топ Ертегі мәтінін абзацтарға бөліп, дыбыс үндестігін тауып жазады.

Мұғалім сөзі: Жалқау өзен жалқауланып қалып қоймады, адамдарға көмектесіп, еңбек етті. "Еңбек-ырыстың бұлағы,

Еңбек -бақыттың шырағы" деген сөз бар. Кейіпкеріміз өзен еңбек етуінің арқасында елге пайдасын тигізді, жақсылық жасады.



Топтар өзара пікірлесіп, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды.

1-топ Өзеннің адамдарға қызмет еткені, электр тогын өндіруі жақсы жағы болса, еріншектеніп жұмыс жасағысы келмеуі жаман жағының бірі. Мені қызықтырғаны адамадардың электр тогын өндіру үшін әртүрлі нәрселерді ойлап табуы болатын.

2-топ

Өзенді жалқау деуге болмайды. Ол ауыл адамдары үшін зор пайда әкелді. Адамдар ақылмен түрлі әдіс таппаса, өзенді сендірмесе, ол бұрынғы сол жалқау өзен болып қалар ма еді, кім білсін?



3-топ

Дыбыс үндестігі: ағып, ағу, жалқаудың, дүниеде, неменеге, өзенге, ауылдың, пайдалы, қолымнан, жағын, бөлігін, адамдар, ақымағым, қызыққа, ойыншығың, бөгеттің, ойыншыққа, көктемде, қалақтарды, доңғалағы, машинаның, үйдің, тогын, күшімен.




Бағалау

Кері байланыс





Әр топ оқушылары өздерінің жұмысын өздері бағалайды.

Сабақ бойынша кері байланыс жасау

Үйге тапсырма:

336-жаттығу

Мәтіннен қарамен жазылған сөздердің мағынасын тауып жазу.

Ережелерді жаттау.



Оқушылар сабақта ұсынылған бағалау парағын толтырып, өз ұпайларын есептеп шығарады.

Бағалау критерийі:

1 балл- сабаққа мүлде қатыспаған жағдайда

2 балл- сабақтың кейбір кезеңдеріне ғана қатысса (мысалы үй жұмысын орындау, топтық талқылаулар)

3 балл- бәрін дұрыс айтып, топта талқылауларға қатысып отырған жағдайда

Бағалау шкаласы:

16-18 ұпай "5"

13-15 ұпай "4"

10-12 ұпай "3"

9-5 ұпай "2"

Сабақта нені білу маңызды болды?

Сабақтың қай сәті саған қызықты болды?

Бүгін жаңа не нәрсе үйрендік? Нені меңгердік?

Жиынтық бағалау


Оқушылар сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі бағалайды. Бағалау парағын толтырады.

Мұғалімнің жиынтық бағасы



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ауызша кері баланыс жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет