Жоспар тұтастық пен тұрақтылықтың тұғыры 2



Дата13.12.2021
өлшемі38,33 Kb.
#125423


ЖОСПАР

1. Тұтастық пен тұрақтылықтың тұғыры

2. Еліміз ұлтаралық келiсiм мен демократиялық қоғам құру

3. Ассамблея қызметi

4. Ынтымақ болған жерде ғана ырыс болады

5. Сыбайлас жемқорлықты төмендету

6. Қорытынды

Тұтастық пен тұрақтылықтың тұғыры. Қазақстан алып бәй­терек секілді. Оның саясын­да 100-ден аса ұлт өкілі пана тауып, өсіп-өр­кен­деп, өрісін кеңейтіп отыр. Бақытын қазақ то­пы­рағынан тапқан сол эт­нос­тар бүгінде Қазақ­стан халқы Ассамблеясы туы­ның астында бiрiк­кен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы дүниеге келген бұл қоғамдық инс­титут ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде бей­біт қо­ғамның бөлінбес бөл­шегіне айналып үлгерді. Биыл 28 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы шақырылады. Бұл жолы сессияның күн тәрті­бінде «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы көтерілмек.

Еліміз ұлтаралық келiсiм мен демократиялық қоғам құруға, бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты сақтауға ерекше назар аударып келедi. Сан алуан этностық топ өкілдері мекендеген Қазақстан үшін ынтымақ пен бiрлiк – жай айтыла салған сөз емес. Кез келген мемлекеттің мықтылығы, өр­кен­деп алға жылжуы сол елдің ішкі бірлігімен тығыз байланыс­ты. Әсіресе тілі, діні бөлек әр­түр­лі ұлт өкілдері топтасқан мем­­­­ле­­кетте ел іргесінің сөгіл­ме­ге­ні, та­тулығына сызат түспе­гені керек.

Тағдыр тоғыстырып, тарих табыстырған талай ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіретін Ассамблея сияқты ұйымды құру туралы ойын Мемлекет басшысы алғаш рет 1992 жылы Алматы қаласын­да өткен Қазақстан халқының бірінші форумында біл­дірген еді. Елбасының айтуынша, бұл – қоғамдық келісімді сақ­тайтын, халықтар дос­ты­ғын мұрат еткен ерекше ұйым болуға тиіс. Осылайша, Қазақ­стан Президентінің «Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясын құру тура­лы» Жарлығымен 1995 жыл­дың 1 наурызында елдегі қоғам­дық тұрақтылық пен этнос­ара­лы­қ келісімді нығайту мақ­са­тын­да аталған қоғамдық инсти­­тут құрылып, ол Қазақстан Рес­публикасы Президенті жанын­­дағы кеңесші органға айналды. Міне, сол уақыттан бері Ассамблея өзара сенімділік пен түсіністіктің діңгегіне айналып, ауызбіршілікті сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Жалпы, Ассамблея секілді ұйым ешқандай мемлекетте жоқ. Есесіне, Елбасының бұл идея­сын тәжірибе ретінде алып, қол­данысқа енгізген елдер бар.

Ассамблея қызметiнiң негiз­гi бағыттары сан-салалы. Мем­­ле­кеттiк ұлттық саясатты әзiр­леуге және iске асыруға жәрдем­десiп, мемлекеттiк тiлдi және Қазақ­стан халқының басқа да тiл­дерiн дамытуды көздейдi. Этнос­аралық саладағы өңiрлiк саясатты жетiлдiруге атсалысып қана қоймай, демография және көшi-қон саласындағы жоспарлар мен iс-шараларды әзiрлеуге, елiмiз бен шет мемлекеттерде этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихат­тауға, мемлекеттiң ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сарап­тама жасауға белсене қатысуды үр­дiске енгiздi. Елбасының өзі де Ассамблеяның кезекті бір сессия­сында: «Ассамблеяның тарихы – бұл біздің тұрақтылығымыздың тарихы. Қоғамдық келісімнің кепілі болған Ассамблея елі­міздегі тұтастықтың тұт­қасы­на, бірліктің діңгегіне, достық­тың дәнекеріне айналды. Өзара сенімге негізделген түсіністік пен толеранттылық – тәуелсіздікпен тұтас ұғымдар. Ынтымақты ырыс­қа, алуандықты байлыққа ба­ла­ған біз бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Бұл – «Біз, Қазақстан халқы...» деп басталатын, Ассамблеямен тұстас өмірге келген келелі Конституциямызда берік көрініс тапты. Осы екі ұлы құндылық тұрақ­тылықтың, тұтастықтың және гүлденудің іргетасына айналды. Ассамблеяны құру арқылы біз ұлттық бірлікке дара жол таптық», деген еді.Ассамблея назарынан шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы да сырт қалған емес. Олардың өз ана тiлiн, мәдениетi мен ұлт­тық дәстүрiн сақтауға және дамы­туға бағытталған ке­шендi iс-шара­ларды қолға алып, Ата­ме­кенiмен тығыз байланыс орнатуына қолдау көрсетіп келеді.

Ынтымақ болған жерде ғана ырыс болады. Осынау қағидатты берiк ұстанған Ассамблея мүше­лерi этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеуге, қақты­ғысты жағдайларды болғызбау мақсатында ұсынымдар әзiрлеп, практикалық шараларды iске асыруға белсене араласып жатқан жайы бар.Ассамблеяның мiндетi – халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қо­ғамның негiзiн қалаушы құнды­лықтар бойынша қоғамдық келi­сiмдi қол­дау және дамыту, сон­дай-ақ, қоғамдағы экстремизм мен ради­кализмнiң көрiнiстерi мен адамның құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу.

Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізді мекендеген әр­бір этносқа да пайдасы көп болды. Дархан даланың дара қасиетін бойына сіңірген қонақ­жай қазақ ешкімді де жатырқаған жоқ. Өздеріне босып келгендерді де, жосып кел­ген­дерді де бауырына тартып, бір үзім нанды бөліп жеді. Өзге ұлт өкілдері қең пейіл қазақ даласында этномәдени бірлестіктерін құрып, өзінің тілін, ділін, салт-дәстүрін дамытып отыр. Тіпті Қазақстан хал­қы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне депутаттардың да сайла­нуы – бұл институттың елімізде қан­ша­лықты рөл атқаратынын аңғарт­са керек.



Этникалық тілдер мен мә­дениетті мемлекеттік қолдау тиімді жүргізіліп жатқанын да атап өту қажет. Бұған дәлел, бүгінде 88 мектепте сабақ өз­бек, тәжік, ұйғыр және украин тілде­рінде жүргізіледі; 100-ден ас­там мектепте 22 этностың тілі өзін­дік пән ретінде оқытылады. Бұған қоса, этностың тілін оқытатын лингвис­тикалық орталықтар жұмыс істеп, өзге тілдегі басылымдар жа­рық көріп тұр. Сондай-ақ, теле­арналардың бетінде 11 тілде бағдарлама, орыс, өзбек және ТМД елдері бойынша жал­ғыз ұйғыр, кәріс, неміс театрлары жұмыс іс­тейді. Міне, өзге этносқа деген өз­геше көзқарас пен құрмет біз­дің елде ғана бар екенінің дәлелі осы болса керек.Жалпы, Ассамблея туралы қоғамда әр­түрлі пікірлер бар. Дегенмен де бұл қоғамдық институт арқылы біз өзіміздің де ұлттық мәселемізді алға шығара білуіміз керек. Өйткені өзгеге түсіністікпен қарап, тілін, мәдениеті мен тарихын дамытуға мүмкіндік беріп отырған қазақтардың мүддесіне өзгелер де көзжұмбайлықпен қарауға тиіс емес. Президент те бір сөзінде: «Қазақ халқы көптеген ұлт өкіліне пана беріп, қолдау жасап, көмек көрсетті. Енді сіздер қазақ ұлтының заңды ұмтылысына түсіністікпен қарайтын шығарсыздар. Тағдыр бізге өз мемлекеттілігімізді құруға мүм­кін­дік берді, оған ықыласпен қа­раңыздар», демеп пе еді?! Ендеше, бір­ге тумаса да бірге жүрген, бір ауаны жұтып, бір шаңырақтың астында өсіп-өніп жатқан өзге этностар ортақ Ота­нымыз – Қазақстанның патриоты ­болып, ұлттық мәселелердің алға шы­ғуына үлес қосуы керек. Әсіресе тілдік тұтастық мемлекеттік тұтастық екенін ешкім де естен шығаруға тиіс емес.

2050-стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың идеологиялық негізі ретінде ХХІ ғасырдың жаһандық сын қатерлері, тез саяси өзгермелі, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта жаңа тәсілдерді сапалы қалыптастырудың қажеттілігін көрсетті. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысаны мен көріністеріне қарсы ымырасыз іс-қимылды көздейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды. Сонымен бірге, жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелеріне ерекше басымдық берілді және оның тұжырымдамалық негізі Елдің 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясына енгізілді. Жоғарыда аталған стратегияның негізгі міндеттері ретінде мыналар айқындалды: - мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл; - қоғамдық бақылау институтын енгізу; - квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; - соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; - халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган аталған стратегияны үйлестіруші болып белгіленді. Барлық мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер, өз кезегінде, оны жүзеге асыруға қатысады. Оның орындалуын бақылауды үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған арнайы мониторингтік топ жүзеге асырады. Бұл топ талдау қорытындылары бойынша стратегияның орындалуын қанағаттанарлық деп бағалады. Жалпы алғанда, өткен жылы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде 42 іс-шара жоспарланған болатын. Бұл процесте мемлекеттік органдардың қызметіне ашықтық пен айқындық қағидаттарының енгізілуі үлкен маңызға ие болды. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңдардың қабылдануы нәтижесінде бұл тапсырма орындалды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 225 қоғамдық кеңес құрылды, олардың құрамында шамамен 3800 адам бар. Қоғамдық кеңестер құрылған сәттен бастап нормативтік құқықтық актілерді сараптамауға белсене қатысуда. Сонымен қатар жұртшылық үшін құқықтық статистиканың қол жетімділігі артты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарлы жұмыстар іске асырылуда. Мәселен, кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары заңнамалық тұрғыда жоғарылатылды және судьяларды іріктеу тетіктері жетілдірілді. Атап айтқанда, еңбек өтілінің болуы туралы талап күшейтіліп, судьяларға кандидаттардың полиграфтан өтуі міндеттелді. Бұдан өзге, тағылымдама институты және кепілгерліктің объективтілігіне жауапкершілікті бекіте отырып, кандидаттарға қатысты жоғары тұрған соттар судьяларының кепілгерлік институты енгізілді. Судьялардың кадрлық құрамын қалыптастыруда басты рөл тәуелсіз сарапшылардан құралған Жоғарғы Сот Кеңесіне беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың дамуына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қосымша серпін берді. Оны орындау барысында 60 заң қабылданды, негізінен олардың ережелері сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған. Бұл ретте, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заңдарды атап өтуге болады. Сарапшылардың пікірінше, өкілеттігін асыра пайдалану көбіне мемлекеттік сатып алу саласында көптеп кездеседі. Жаңа заңның қабылдануы нәтижесінде, конкурсқа қатысу тәртібі жеңілдетілді, кезеңдердің саны екеуден біреуге азайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғатын бір көзден сатып алуды өткізу мүмкіндігі шектелді. Жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негізін айқындайтын негізгі акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылды. Онда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, тәуекелдерін талдау, мәдениетті қалыптастыру секілді алдын алу институттары көрініс тапты. Жоғарыда аталған Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл субъектілеріне ерекше мән беріліп, олардың құзырет шеңбері кеңейтілді. Сонымен бірге жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзге де заңды тұлғалардың өкілеттіктері бекітіліп, бұл өз кезегінде аталған іс-шараға жаппай қатысуды қамтамасыз етті.

Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және әдеп нормаларын сақтау, оның ішінде лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты сыйлық алуға тыйым салу бойынша міндеттер жүктелді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тағы бір маңызды тетігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңда нормативтік түрде бекітілген қоғамдық бақылау институты болды. Енді халықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуы мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін жоғарылатуға ықпал етеді. Бұл қоғамдық тыңдаулар, мониторинг және сараптама жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу мен ақпараттандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін бірқатар заңдардың қабылдануы, сондай-ақ жаппай декларациялаудың енгізілуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға оң әсер етті. Осылайша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы алдағы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-шаралардың маңызды бағыттарын айқындады.



Сыбайлас жемқорлықты төмендету әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде Бүгінгі күні сарапшылар қауымдастығы сыбайлас жемқорлық әлеуметтікэкономикалық дамуға ықпал етеді деген бірыңғай көзқарасты қолдайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл Оңтүстік Шығыс Азия және Скандинавия түбегі елдерінің тәжірибесімен дәлелденген. Онда сыбайлас жемқорлық минималды, ал өмір сапасы – әлемдегі ең жоғары деңгейде. Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан әлемдік ЖІӨ жыл сайын шамамен 2%-ды жоғалтады, бұл 1,5-2 триллион АҚШ долларына парапар1 . Егер Қазақстан мысалында осындай есептеулер жүргізсек, онда жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Есептеулер кезінде ЖІӨ көрсеткіштерін және 2015 жылға доллардың теңгеге шаққандағы орташа жылдық бағамын қолдана отырып, экстраполяция әдісі қолданылды. Сондықтан кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту мен сақтау үшін жағдай жасау болып табылады. Сарапшылардың бағалауынша, жемқорлықтың 1%-ға азаюы ЖІӨнің 1-1,5%-ға артуына ықпал етеді, ал ЖТИ-дің (жемқорлықты түйсіну индексі) 2,4 баллға жақсаруы ЖІӨнің жыл сайынғы өсімін 0,5%-ға арттыруға себеп болады. Осыған байланысты, қазақстандықтардың соңғы 5 жылдағы әл-ауқаты деңгейінің көрсеткіштер динамикасы зерттеліп, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімі 37%-ға, төменгі күнкөріс деңгейінің 22%-ға, жан басына шаққандағы орташа табыстың 46%-ға артқанын көрсетті. Бүгінгі таңда бүкіл әлем сыбайлас жемқорлықтың халықтың әл-ауқаты деңгейіне тигізетін ықпалын бағалау кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың Джини және Индекс коэффиценттерінің көрсеткіштерін негізге алады. Соңғы жылдары аталған есептердегі Қазақстанның орны өзгеріссіз қалып отыр деуге болады. Алайда, инфляцияны ескере отырып, азаматтардың нақты кірістерінің шамалы өскені туралы тұжырым жасауға болады. Сондықтан Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында инфляция деңгейін кезең-кезеңімен 3-4%-ға төмендету міндетін белгілеп берді. Сонымен бірге, 2016 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 0,5%-ға төмендетілді. Бұл ретте, ол тауарларға және қызметтерге тұтынушылық бағаларының индексі негізінде есептелінеді, бұл сарапшылардың бағалауы бойын- 18 ша елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерімен қоса алғанда тауарлар мен қызметтер құнының 5-15%- ға өсуіне алып келеді. Осыған байланысты, макроэкономикалық жоспарлау кезінде көбірек объективтілікті қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерінің инфляциялық процестерге тигізетін әсеріне талдау жүргізген жөн. Сыбайлас жемқорлықтан еркіндік елдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін элементтердің бірі болып табылады. Мәселен, 2016-2017 жылдардың нәтижесі бойынша Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексінде 42 орыннан 53 орынға жылжыды. Төмендеу көбіне жаһандық дағдарыстық құбылыстар негізінде макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты болды. Бұған қоса, жоспарлы жұмыстың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нәтижесінде «Бейресми төлемдер және паралар» көрсеткіші бойынша Қазақстанның соңғы 2 жылдағы рейтингі 19-орынға жақсарды. Жалпы алғанда, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы шетелдік инвестицияларды тартумен байланысты, бұл Үшінші жаңғыртудың негізгі басымдықтарының бірі саналады. Әдетте, инвесторлар қаражат салу туралы шешім қабылдау кезінде жемқорлық тәуекелдерін ескереді. Бүгінгі таңда Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі үшін жағдай жасауда және соңғы 3 жылда Doing Business рейтингінде 18-орынға көтеріліп, қарқынды ұмтылыс жасады. Бұл бизнесті жүргізу үшін қарапайым және ашық жағдай жасаумен негізделіп, дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес келеді. Алайда, бизнес-ортаның айтарлықтай жақсаруы әлемдегі қалыптасқан экономикалық жағдайлардың себебінен тікелей шетелдік инвестициялардың азаюынан құтылуға мүмкіндік бермеді, инвесторлар консервативті стратегиялардан сақтанады. Тағы бір маңызды бағыттардың бірі, инновациялық ортаны қалыптастыру болып табылады. Қазіргі кезде аталған саладағы әлемдік лидерлер АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Израиль болып табылады, оларда ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі ҒЗТКЖ шығындарының үлесі 3%-ды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,2% аумағында құбылады, жалпы алғанда соңғы 3 жылда ҒЗТКЖ саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің саны 14%-ға және сәйкесінше 4%-ға өсуі байқалуда. Дегенмен, бұл талантты жас мамандардың технологиясы жоғары елдерге кетуін тоқтата алмауда. Shapes Survey Бүкіләлемдік экономикалық форумының жыл сайынғы зерттеуінің нәтижелері бойынша, сұралған жас қазақстандықтардың 80%-ы жемқорлық мәселесін аса өзекті деп атап көрсеткен, бұл аталған құбылыстың белгілі бір мөлшерде бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Үшінші жаңғырту елдің цифрлық экономика стандартына көшуін айқындады, оның ажырамас бөлігі болып инновацияның дамуына жағдай жасау саналады.

Қорытындылай Ұсынылып отырған бастама Мемлекет басшысының Жолдауының тұжырымдамалық бағытына жауап береді және экономиканы цифрлауға қатысты ережелермен түсіндіріледі. Сонымен қатар алдағы уақыттағы жұмыстардың маңызды бағыты ұлттық экономиканы деофшорлау болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл елдің әлеуметтікэкономикалық дамуының катализаторы болатын жүйелік және кешенді іс-шаралар негізінде жүзеге асырылуы керек.


Қолданылған әдебиеттер: Елбасы – ерен тұлға; Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі;



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет