Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



бет1/52
Дата28.05.2024
өлшемі207,67 Kb.
#202967
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
МР ЛШ 2024 каз0510112533




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ


Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ





2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Астана
2024


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында әзірленді.


2. Жазғы мектеп көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің білім алушылары үшін, сондай-ақ қыс мезгілінде қатты аязға байланысты сабақтар тоқтатылған өңірлердің білім алушылары үшін орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылады.
Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс істейтін болады. Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен / заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
3. Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізіледі.
4. Жазғы мектепті ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыру талап етілмейді.
5. Бұл Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.
2-тарау. Жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру

6. Жазғы мектепте оқыту 2023-2024 оқу жылының 4-тоқсанында оқу процесін тоқтата тұру салдарынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде, қаладағы су тасқыны жағдайына байланысты халықты мәжбүрлі эвакуациялау салдарынан, сондай-ақ қыс мезгілінде қатты аязға байланысты сабақтар тоқтатылған өңірлерде ұсынылатын болады.


Жазғы мектептегі сабақтар оқушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, жеке тәсілдер негізінде ұйымдастырылады.
7. Аймақтардың білім басқармалары орта білім беру ұйымдарында жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.
8. Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жылдың 27-31 мамыры аралығында 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілі бойынша аралық емтихандар өтеді. Емтиханды өткізу күнін мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңестің шешімімен белгілейді. Сабақ кестесі аралық емтихан тапсыру кестесін ескере отырып жасалады.
9. Сабақтар коронавирустық пандемиядан кейін ұйымдастырылған жазғы мектептердің тәжірибесі бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың негізгі пәндері бойынша жүргізілуі тиіс
10. Климаттық жағдайларды ескере отырып, бастауыш сыныптарда сабақтар 30 минуттан, 5-10 сыныптарда 40 минутқа дейін өткізіледі. Күніне 5 сабақтан артық емес.
11. Сабақ кестесі оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін қалыптастырылған сыныптар ескеріле отырып жасалады.
13. Педагогтер меңгеруге күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелер мен оқу мақсаттарын ескере отырып күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрады (1-қосымша «Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар»).
14. Жұмыстың түрлері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
15. Орта білім беру ұйымдары ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке кеңестерді дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке кеңес беру ұйымдастырылады.
16. Жазғы мектепте білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.
17. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
18. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
19. Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.
20. Білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында қосымша қызықты материалдарды, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.
21. Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдай білуге, оларды дәлелдеуге, ақпаратпен жұмыс жасауға, талдауға, салыстыруға, қорытындылауға бағытталуы тиіс.
22. Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі төмен білім алушылардың қызығушылығына қолдау көрсету ұсынылады. Қажеттілігіне қарай жеке сараланған тапсырмаларды әзірлеу қажет.
23. Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, сабақтарды оқу сыныптарынан тыс, таза ауада ұйымдастыруға бағытталған ахуалдық міндеттерді пайдалану ұсынылады.
24. Сабақ өткізу кезінде педагог:
- балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аудару және оқуға қолдау көрсету;
- сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу;
- 2 сабақтан кейін дене жаттығуын өткізу ұсынылады.
25. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет