Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы


-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету



бет2/52
Дата28.05.2024
өлшемі207,67 Kb.
#202967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
МР ЛШ 2024 каз0510112533

3-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету

27. Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде төмендегі шараларды сақтау қажет:


– санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтауды және жеке гигиена шарттарын сақтауды қамтамасыз ету.
– дәліздерді, рекреацияларды, холдарды және басқа да үй-жайларды ауысымдар арасында ылғалды жинау.
– сапалы сумен қамтамасыз ету, қолды жуу құралдарымен жууға жағдай жасау.
– қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық кабинеттердің жұмыс істеуі;
- жазғы мектепте тамақтану СанЕжН талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады.
4-тарау. Білім беру процесіне қатысушылардың қызметтері


28. Орта білім беру ұйымының басшысы
– мектеп түрін (лицей, гимназия, жалпы білім беретін мектеп) ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;
– жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;
– жазғы мектептің жұмысын бақылайды;
– жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша Білім басқармасына есеп дайындайды.
29.Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары
– бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін ұйымдастырады;
– оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушыларға білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін құрылған сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;
– әдістемелік бірлестіктерде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдауды және олардың санын талқылауды ұйымдастырады;
– педагогтер, психологтар, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің волонтер-жоғары курс студенттері үшін консультациялар ұйымдастырады;
– бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
– білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
- жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау анықтамасын дайындайды.
31. Педагогтер
- білім алушыларға және олардың ата-аналарына/заңды өкілдеріне баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын хабарлайды;
- білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;
- құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін жүзеге асырады;
- жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;
- білім алушыларға жеке кеңес береді;
- өз пәнінен жазғы мектепті аяқтау қорытындысы бойынша салыстырмалы талдау дайындайды.

  1. Мектеп психологтары

– білім алушыларға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;
– білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар жүргізеді.

  1. Медицина қызметкерлері

– жазғы мектеп жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
– жазғы мектептегі тамақтану сапасын және СанЕиН талаптарының сақталуын бақылайды;
– қажет болған жағдайда жазғы мектеп жағдайында дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетеді.

  1. Ата-аналар/заңды өкілдер

– баласын жазғы мектепте оқуы үшін барлық қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етеді;
– баланың жазғы мектепке баруын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет