Елбасының тарихи жолы Елбасының 2019-2020 жылғы сапарларының мәні



Дата07.02.2022
өлшемі35,58 Kb.
#94035
Байланысты:
Елбасы


Елбасының тарихи жолы
Елбасының 2019-2020 жылғы сапарларының мәні
2019 жыл жастар жылын
2020 ж еріктілер жылы

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.


1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.


Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы.


1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.


1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.


1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.


1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.


1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.


1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.


1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.


1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.


1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.


1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.


1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н.Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.


2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.


2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда айқын жеңіске жетті.


2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты.


Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - «SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті.


Президенттің үш қызы бар.


Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы.


Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.


Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.




ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов болды. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов делегацияны қарсы алып, қонақтарға Елшіліктің жаңартылған ғимаратын көрсетті. Сонымен қатар қонақтар Қазақстан-Ресей қатынастар мұражайын аралап, сирек кездесетін экспонаттармен танысты. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған дипломаттармен амандасып, оларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі (ВДНХ) «Қазақстан» ұлттық павильонында болып, Мәскеу қаласы күніне арналған мерекелік шараларға қатысты. Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары басталды Н.Назарбаев пен В.Путин Мәскеудегі «Қазақстан» ұлттық павильонын аралады »

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/339491-elbasy-m-skeudegi-aza-stan-elshiligine-bardy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 16-18 қаңтарында Америка Құрама Штаттарында ресми сапармен болады. Қазақстанның мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен бірге, ресми және іскерлік қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізеді.



***
ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге тұңғыш сапары осыдан 27 жыл бұрын Қытайға жасалған болатын. Естен кетпес ерекше сапардың нәтижесі де айтарлықтай болды. Өйткені, сол тұста көтерілген екі ел арасындағы мәселелердің барлығы өз шешімін тауып, Қазақстан мен Қытай мықты стратегиялық әріптес деңгейіне көтерілді. «1991 жыл. Шілде. Ел Президентінің шетелге тұңғыш сапары. Қытай Халық Республикасына алғашқы достық сапарында Нұрсұлтан Назарбаев 40 сағат жолда болды. Оның 20 сағатын ұшақта өткізді. ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен, Қытай Үкіметі мен Бейжің қаласының және Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының басшылығымен кездесті. Ірі қалалар мен үлкен кәсіпорындарда болды. Осы жолы «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл теміржол мен автомагистраль толық іске қосылғанда, Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтетіндігі айтылған еді. Бүгінде Ортаазиялық Иранмен қосқан темір жол жөнінде сол кезде сөз етілген-тұғын. Әрине, Үрімжіде өткен ағайындармен жүздесу ерекше әсерлі болды. Тіптен протоколда жоспарланған сапар сондағы қандас ағайындардың өтінішіне орай бір тәулікке созылды. Сапар қорытындысында Мемлекет басшысы: «Алыстағы ағайындарға туған Отаны - Қазақстан шекарасын айқара ашты, сол мәселені толықтай келісіп, шешіп келемін» дегені есте. Қазір еліміздегі қазақ тілді журналистердің біразы сол алыстан келген ағайындар, солардың балалары.

China Daily-дің хабарлауынша, кездесуде Си Цзиньпин Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударған. Сондай-ақ Президенттер «Бір жол – бір белдеу» жобасының тиімділігін атап өтті. 


Өз сөзінде Си Цзиньпин экономика, сауда, энер­ге­тика және қаржы секілді салаларда әріп­тестік­ті нығайтып, даму стратегиясын кеңейтудің қажет­тігі­не тоқталған. Қытай елінің басшысы бес жыл бұ­рын Қазақ­станға мемлекеттік сапары кезінде Жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы ұсы­ныс айтқанын еске салып, жобаның табысты болғанын жеткізді. 
Сонымен қатар China Daily-дің мәліметіне сай, Қытай Президенті Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығы бүкіл салаларда өркендеп келе жатқанын тілге тиек етіп, кездесуде екі ел президенттері бірқатар маңызды құжаттарға қол қойған. Олардың қатарында қаржы, электронды сауда, кеден мәселелері бар. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мем­ле­кеттік сапарына орай The Global Times газеті «Бір жол – бір белдеу» баста­масын­дағы Қазақстанның рөліне тоқталыпты. 
«Қытаймен 1700 километрден астам шекараны бөлісіп жатқан Қазақстан ежелгі Жібек жолы мен заманауи «Бір жол – бір белдеу» бағытында ерекше маңызға ие», дейді басылым. 
The Global Times бастаманың басым бөлігі Қазақ­­­стан аумағынан өтетін болғандықтан, елімізге ин­в­ес­­­ти­­ция көптеп тартылатынына тоқтал­ған. Әсі­ре­се, мұ­най, түсті металл, инфрақұры­лым, ауыл ша­руа­­шы­­лы­ғы секілді салаларға айтарлықтай көңіл бөлінбек. 
Басылымға сұхбат берген Қытайдың Әлеумет­тік ғалымдар академиясының зерттеушісі Яанг Цин екі ел арасындағы қарым-қатынастың беріктігі Жібек жолы экономикалық белдеуінің тұрақтылығына кепіл болатынын айтады. Оның пайымдауынша, Елбасының «Нұрлы жол» бастамасы елдегі экономиканы жаңа сатыға көтеріп, «Бір жол – бір белдеу» жобасымен тиімді ұштасады. Әйтсе де, Яанг Цин Қазақстан мен Қытайдың әлі де дамыта түсетін салалары бар екенін айтып отыр. Мәселен, еркін сауда аймағын құру секілді бастамалар алдағы уақытта көтерілуі тиіс деп санайды зерттеуші. 
AKI press агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары бары­сында бірқатар маңызды мәселелер талқы­ланғанын хабарлады.
Қытай Президенті Си Цзиньпинмен кездесу барысында Қазақстан Президенті екіжақты қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келе жатқанын, 2012 жылғы кездесуден кейін 18 мәрте жоғары деңгейлі отырыстар өткенін атап өтті. 
«Біз осы уақыт аралығында құны 67 миллиард дол­ларлық 127 екіжақты құжатқа қол қой­дық. Бай­ланысты одан әрі дамыта түсуіміз қажет. Екіжақты сауда айналымы 11 миллиард дол­ларға жетіп, 30 пайызға дейін өсті. Қарым-қатынасы­мыз­ды одан әрі нығайтудың мүмкіндіктері мол», деді Н.Назарбаев. 
AKI press агенттігінің мәліметіне қарағанда, Си Цзиньпин ортақ жобалардың маңызына тоқталып, Қазақстанмен әріптестіктің өркендеп келе жатқанын атап өткен. 
«Қазақстанмен бірге адамзат үшін жарқын болашақ жасауға талпынысымызды жалғастыра береміз. Қазақ-Қытай достығының өркендеуіне үлес қосуға әзірмін», деді Си Цзиньпин.
Кездесу барысында Қытай тарапы Қазақстаннан табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға қызығушылық танытып, мұнай-газ индустриясы, заманауи технология мен цифрландыру, энергетика салаларында екіжақты әріптестікті тереңдетуге ықыласты екенін жеткізді. 


***************
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_nursultan_nazarbayev_first_president/25359019.html
осы сілтеме жақсы.\\

2019 жастар жылы

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы.

Тәуелсіз мемлекетіміз жастардың рухани, мәдени білім алып, кәсіби толыққанды дамуы үшін барлық жағдайларды жасап отыр. Бүгінгі күні Елбасы Жолдауында айтылған жастар қамқорлығына қатысты көптеген іргелі жобалар жүзеге асырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Бес әлеуметтік бастама» соның айғағы бола алады.

Елбасы әр жылдардағы өз Жолдауларында «жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» екендігін үнемі атап көрсетеді. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін» басты назарда ұстайды.

Елбасының жастарды қолдауға қатысты айтылған ойларының көрінісі биылғы жылдың Жастар жылы болып бекітілуіне негіз болды. Иә, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Білімді, саналы ұрпақ қана ел болашағы бола алатындығын атап айтқан басшымыз бүгінгі жастарға зор міндет жүктеп отыр.

Ел үмітін ер ақтар. Сөзсіз, бүгінгі жаңа буын жас талап күш-қайраты бойында бар кезде елі, ұлты үшін қызмет жасауға міндетті. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу - білікті, иманды, саналы ұрпақтың қолында. Елбасының жолдауында айтылған келелі идеяларды жүзеге асыруда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастары да белсене еске кірісті. Осы жоба негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жастар форумы» өтті.

Форумға қатысқан ҚазҰУ студенттері де Елбасы үмітін ақтауға, өз мүмкіндіктерін көрсетіп, тың бастамаларға жол ашатындығына сенім білдірді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – қазіргі таңда көптеген инновациялық жобалардың ұйымдастырушысы. Оқу ордасы сапалы бiлiм берумен қатар, студенттерді қазіргі заманға сай бәсекеге қабiлеттi маман, бiлiмдi, дарынды һәм ұлтжанды тұлға ретiнде қалыптастыру жолында жаңа жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті.



«Жас кәсіпкер» бағдарламасы Президент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірибесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. «Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. Жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін- өзі жұмыспен қамтығандар санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаражат көлемін екі есеге арттыруды жүктеді. Осы арқылы үш жылда шамамен 300 мыңға жуық жастар бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Олардың төрттен бірі немесе кем дегенде 80 мың адам өз кәсібін бастап кетеді.
Жастарға арналған баспана Президент баспана проблемасының өзектілігін ескере отырып, қанша құрылыс жүргізілсе де, ірі қалаларда тұрғын үй жас отбасыларға жеткіліксіз болып отырғанын айтты. «Осы орайда тұрғындары миллионнан асқан үш қала бойынша тиісті тапсырма бермекпін. Атап айтқанда, халқы миллионнан асқан шаһарлар көбірек болғанын қалаймын, себебі осындай қалаларда білім беру, ғылым мен мәдениеттің даму қарқыны жоғары болады. Сарапшылардың айтуынша, әлемнің 600 ірі қаласы әлемдік өнімнің 60 пайызын өндіру көрсеткішіне жетеді. Бізде ірі шаһар ретінде Алматы ғана болған еді, енді Астана мен Шымкент те осы деңгейге жетті. Тағы да екі қала осындай межеге жету алдында тұр. Осы ірі қалаларда жылына 1 мыңнан кем емес пәтер жұмыс істейтін жастар үшін салатын боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке берген тапсырмасында.

Ауылға баратын жастар артады Елбасының сөзінше, жастардың стартаптарына қолдау көрсететін қорлардың қызметін ынталандыру маңызды міндет саналады. Осы орайда Үкіметке Жастар стартаптарын қолдаудың қорын құру тапсырылды. «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керек. Осыған орай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынамын. Көшіп барғаны үшін төленетін жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырған жөн. Сондай-ақ, жастарды ауыл шаруашылығымен айналысуға қызықтыра білу қажет. Дамыған елдерде бұл бағыт жоғары өнімді әрі инновациялық салалардың бірі саналады.Онда цифрлық технологиялар мен роботтандырылған кешендер белсенді қолданылады», - деді Н. Назарбаев. Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды. Жас ғалымдар гранты Президент жас ғалымдарға өз идеясын шынайы жобаларға айналдыруда көмектесу керектігін қадап айтты. «Өзім тура осы мәселемен айналысуды көздеп отырмын. Үкіметке осы жұмысты арнайы бақылауға кеңес беремін. Бұл процеске Назарбаев университеті де кіріседі. Осы мақсатта Үкіметке жас ғалымдардың фундаменталды және қолданбалы зерттеуіне бөлінетін гранттық қаржыландыруды 3 млрд теңгеге арттыруды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек Елбасы қашықтықтан оқыту жүйесін дамытуды тапсырды. «Қазақстан өзінің жастары үшін қажетті білім мен дағдыны беруі керек. Бұған қашықтықтан оқыту жақсы мүмкіндіктер береді. Мәселен, АҚШ-та жоғары оқу орындарда 20 млн студенттің үштен бірі онлайн форматында білім алады. Ал біз оған енді кірісіп жатырмыз. Сондықтан елімізде қашықтықтан оқыту саласын кеңейту қажет», - деді ол. Осы орайда, Президент осындай мүмкіндіктерді қазақстандық жастар үшін Open University ұсына алатынын атады. «Үкімет осы бастаманы қолдауы тиіс, бұл жобаны барлық ЖОО-ларда, колледждерде, жұмыс берушілер деңгейінде ілгерілету керек», - деді Елбасы. «Жас маман» бағдарламасы болады Атап айтқанда, Үкімет «100/200» қағидасы бойынша «Жас маман» бағдарламасын әзірлейді. Үш жылда жоба еліміздің барлық өңірінде 200 мыңға тарта жас азаматтарымызды қамтуы тиіс. Оның аясында ең сұранысқа ие индустриалдық әрі сервистік 100 кәсіп бойынша жетілдірілген 200 оқу орны базасында мамандар даярланады. Осы орайда Мемлекет басшысы әр өңірде бір университетті үздік ету керектігін атап өтті. Бұл тұрғыда бұл университеттер шетелдік білікті профессорларды шақыртуға қауқарлы болуы керек. Сонымен қатар, әр облыста заманауи технологиямен қамтамасыз етілген үздік 10 колледж қамтылуы қажеттігі айтылды. Яғни бұл шаралар 100/200 қағидасы арқылы іске асырылады. Жаңартылған оқу бағдарламасына, білікті оқытушылық құрамына назар аударылады. Осы жұмыстарға қажетті қаржы бөлініп, мамандарды оқыту бойынша қазіргі заманғы жабдықтар сатып алынады. Әскери-патриоттық тәрбие «Бүгінде бүкіл еліміз бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына жастарымыз белсенді атсалысуы керек. Осы саладағы компаниялардың бәрі студенттік құрылыс отрядтары үшін арнайы квота бөлгені жөн. Осыған байланысты, рухани орталығымыз - Түркістан қаласын көркейту үшін зор мүмкіндіктер ашылып отыр. Үкімет облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені өз бақылауына алуға тиіс. Сондай-ақ, былтыр өзім бастап берген «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажет. Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.

Мұнымен қоса, Президент қазір дүниежүзінде жастар туризмін дамытудың өзектілігі артып келе жатқанын тілге тиек етті. Бұл сала олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады. Әлемдік ішкі жалпы өнімдегі туризмнің үлесі - 10 процент. «Жастар туризмі халқымыздың бірлігін сақтап, төл мәдениетімізді дамыту мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, ішкі өңірлік байланыстарды нығайтуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге септігін тигізеді. Қазақстанда экологиялық, спорт-сауықтыру және экстремальды туризм орталықтары болуға лайықты жерлер көп. Осы айтылған бағыттарды дамыту үшін тиісті инфрақұрылымды жетілдіріп, жастардың туристік клубтарын жаңғырту керек», - деп нақтылады Елбасы. Бұдан бөлек, Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарында волонтерлердің арнайы курстарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырылды. Себебі, жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет саналады.

Қазақстан Президенті іс-шара алдында жастардың киімдер, спортшыларға арналған тағамдар өндірісі мен интерактивті қызмет көрсету платформаларын құру жөніндегі бірқатар жобаларымен танысып, Үкіметке бұл бастамаларды жүзеге асыруды және ілгерілетуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мәселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондай-ақ, адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екенін айтты.

– Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мыңнан астам жас түлек бітіріп шықты. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9 пайызы оқуға және еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев техникалық және кәсіби білім беру жүйесін сапалы дамытудың негізгі басымдықтарына арнайы тоқталды.

– «100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу қажет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты қамтитын болады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жас қазақстандықтарды қол жетімді әрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты қолдау шараларын қамтуға тиіс.

2020 еріктілер жылы


Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті. 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы жанынан құралған «Еріктілер клубы» 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда 500-ден астам азамат еріктілер қатарына қабылданған. Олар шаһардағы барлық салаға атсалысады.
. Президент волонтерлер күн сайын маңызды жұмыс атқарып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүргенін атап өтті.

"Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз. Алайда Еріктілер жылы кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек", - деді ол республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында.

Оның пікірінше, волонтерлік қоғамға адал қызмет ету.

"Ол халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қажет. Еріктілердің бойындағы қайрат, жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Еліміздегі әр ауыл аймақ осы маңызды жұмыстан тыс қалмайтынына сенемін. Бұл - ең алдымен өркениетті елдің және зор жауапкершіліктің белгісі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бұл жылы жастарға үлкен үміт артатынын атап өтті.

"Ғұлама Абай "Адамзаттың барлығын сүй бауырым "деп баршамызға өсиет қалдырды. Волонтер болу - жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы еріктіліктің жарқын үлгісі боларына күменім жоқ. Мен волонтер жылы аясында ең алдымен еліміздің жастарына зор сенім артамын. Әрдайым абыройлы, әрі табысты болыңыздар", - деді президент.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BIRGEMIZ республикалық волонтердің фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Фронт-офис волонтерлер үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпарат беру қызметін атқарады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өткен Ресей-Қазақстан жастарының форумы аясында екі елдің еріктілерімен кездесу өткізіп, 2020 жылды республикадағы еріктілер жылы деп жариялау бастамасын қолдады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Тоқаев атап өткендей, волонтерллерге ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі және мемлекеттік қызметтің барлық сатыларында 300 жас қазақстандықтардың тізімі - жас кадрлық резервті іріктеу критерийлерінің бірі болады.
"Мен еріктілер адал ниетті адамдар екеніне сенемін. Волонтерлік - бұл шынайы патриотизмнің бейнесі, өйткені сіз елге қызмет етіп, барлығын да халық үшін жасауға тырысасыздар", – деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында еріктілердің халықаралық корпусын құру идеясын қолдады, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның ерікті қауымдастығы көшбасшыларының қатысуымен кеңес құруды ұсынды.
Ресей-Қазақстан жастар ынтымақтастығы форумы 20-21 мамырда Қостанайда өтті. Екі елдің 1000-нан астам белсенділері мен қоғамдық ұйымдарының басшыларын жинаған шараның негізгі тақырыбы еріктілік пен әлеуметтік қызмет болды.
Сондай-ақ форум аясында екі елдің ірі жастар және ерікті бірлестіктерінің ынтымақтастығы ресми түрде бекітілді. Ынтымақтастық туралы меморандумдарға "еріктілер-медиктер" (Ресей) мен "Қазақстанның медицина жастары", ресейлік жастар одағы мен Қазақстан жастар конгрессі, сондай-ақ еріктілер орталықтары қауымдастығы (Ресей) мен ұлттық еріктілер желісі (Қазақстан) арасында меморандумға қол қойылды.
Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Көп елдерде еріктілік жұмыс қатарына қосылады, өйткені волонтер өзінің уақытын бөліп, білімін іске асыра отырып тегін жұмыс істейді. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтар немесе жеке де айналысуға болады. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және т.б. түрлері бар.

Қазақстанда еріктіліктің қарқынды дамып жатқанына қарамастан, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2018 жылғы зерттеулеріне сәйкес, жас азаматтардың 82,6 % еріктілікпен айналыспағандығы анықталған. Әр бесінші жас волонтерлік туралы ешқашан естімеген екен. Әйтсе де, жастар еріктіліктің тұлғалық қалыптасудағы рөлін түсіне бастағаны айқын.

Бұған дәлел – 2017 жылы өткізілген Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен Қысқы Универсиада ойындарында қызмет көрсеткен 8000-нан астам жастардың қамтылуы. Сонымен қатар, еліміздің әр қаласында қарттар, жетімдер, әлеуметтік осал топ отбасылары, апат құрбандары және өзге де жәрдем қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсететін жастар ұйымдарының саны жыл сайын артып келеді.

Әлеуметтік еріктілік – волонтерліктің Қазақстан жастары арасындағы волонтерліктің өзекті бағытының бірі. Жақында қайғылы Арыс оқиғасынан зардап шеккендерге жас азаматтардың белсенді көмек көрсетуі олардың әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші болды. Алайда, көптеген жастардың ерікті болуына ұйымдар мен жобалар туралы ақпараттың аздығы кедергі келтіреді. Әлеуметтік волонтер болу үшін «Ұлттық еріктілер желісі», «Мейірімділер клубы», «Мейірімді жүректер қаласы», «28 петель» және т.б. ұйымдармен байланысуға болады. Бұл бағытта адамның жасы, жынысы, білімі немесе қаржылық жағдайы маңызды емес. Ең бастысы – ниет пен қолдан келетін іспен көмектесу.

Қазақстан жастарының арасында кең таралған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік. Соңғы жылдары елімізде әр түрлі марафондар, триатлондар мен әлемдік чемпионаттар жиі өткізіліп, бұл бағыттың дамуына септігін тигізді. Халықаралық спорттық шараларда ерікті болу үшін шет тілдерін біліп, ашық, сыпайы болу қажет. Сонымен қатар, спорт түрлерінің ерекшеліктерін де білген дұрыс.

Қазақстандықтардың көбісінде еріктілік туралы қате пікір қалыптасқан. «Жалаулар желпіп отыру» бейнесінің пайда болуына шаралық еріктілік әсер етті. Бұл бағыт та елімізде өте кең таралған. Алайда азаматтардың жалау туралы пікірі, әрине, бұрмаланған. Шындығына келгенде, іс-шараларды ұйымдастыруда, үлкен жобаларды жүзеге асыруда еріктілердің маңызы зор. Мысалы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етуге де еріктілер көп жұмыс атқарды.

Аталмыш бағыттың жастарға қызықты болуы тәжірибе алу мүмкіндіктерімен байланысты. Шараларды өткізуге көмек көрсету үшін әлеуметтік желілердегі «Qvolunteers», «Жас Ұлан», «Қазақстан жастарының конгресі», «Қазақстан студенттерінің альянсы» және т.б. жастар ұйымдарының хабарландыруларын бақылап отырған абзал.

Аталған бағыттардан басқа елімізде экологиялық, медициналық, төтенше жағдайлар, корпоративті, мәдени, халықаралық, онлайн, IT және т.б. түрлері дамуда. Әр бағыт бойынша Қазақстан еріктілерінің барлығының басын қосатын «Ұлттық еріктілер желісінен» ақпарат алуға болады.



Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет