Сабақ тақырыбы Дүниежүзілік көлік географиясы Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет2/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#24268
түріСабақ
1   2   3   4



Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сабақты АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру және сабаққа деген ынтасын арттыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дүниежүзілік көлік кешенімен танысады

Оқушылардың басым бөлігі:

Көлік кешенінің дүниежүзілік экономикадағы рөлі туралы ой қозғайды.

Кейбір оқушылар:

Сабақта презентация орындау кезінде жаңа технологияны меңгеруі бойынша белсенділік танытып, шығармашылық жұмыстар атқарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Сабақ барысында ұсынылған тапсырмаларды өзара талқылай, тыңдай отырып білімін қалыптастырады.



Негізгі сөздер мен тіркестер

Құрлық көліктері, су көліктері, әуе көлігі, халықаралық байланыс, теміржол, ұшақ, автомобиль жолдары.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

  1. Диалог: үй тапсырмасын сұрау барысында – өткен тақырыпты еске түсіру, «Ақылды сақа» ойыны сұрақтарына жауап беру кезінде бір-бірінің қатесін түзету

  2. Жазылым: жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылар бейнежазба және оқулықтан өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазады.

Талқылауға арналаған тармақтар

  • Өткен сабақты еске түсіру үшін танымдық ойынды пайдалану;

  • Жаңа сабақты меңгеру кезінде презентация дайындау;

  • bilimland.kz порталының бейнежазбаларынан түсінгендерін өзара талқылау.

Жазылым бойынша ұсыныстар

  • Топтық жұмыс кезінде қажетті терминдерді дәптерге жазып алу;

  • SWOT-талдау жасау арқылы оқушылар сабақты қорытындылайды.

Алдыңғы тақырып

Дүниежүзінің ауыл шаруашылығы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(Тест - 10 минут, «Ақылды сақа» - 5 минут)



Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Тест арқылы сұрау.

(Жұптық бағалау: тестті оқушылар дәптерлеріне белгілеп болған соң, көршісі екеуі тесттерін ауыстырады. Тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша бірін-бірі тексереді).



2. «Ақылды сақа» ойыны.




  1. bilimland.kz порталының

«iTest» ресурсы арқылы «Ауыл шаруашылық географиясы» тақырыбы.




  1. Сандықша, сақа, 7 асық, презентация.




Ойын сұрақтары:


  1. Жоғары дамыған елдерде жер қорының біраз бөлігін иеленушілер кімдер? (фермерлер)

  2. Латын Америкасындағы жер иеліктері? (Латифундия)

  3. Дәстүрлі ауыл шаруашылығының екінші атауы қандай? (Өртеп-кесу)

  4. Балық ұны жасалынатын мойва балығы қай елде көп аулайды? (Испания)

  5. Шайдың отаны (Қытай)

  6. Күнбағыс өсіруден қай ел бірінші орын алады? (Ресей)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет