№17
Сабақ тақырыбы: Дүниетаным мен дін (5 сағат)
Қазақстан территориясына әлемдік діндердің таралу жолдары қандай?
|
Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Уақыты:
|
Мұғалімнің аты - жөні:Калиева З.С.
|
Сынып: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Белгілібіроқытумақсаты; Осысабақтыңсолмақсатқақолжеткізудетигізетінүлесі
|
Қазақстан жеріндегі әлемдік діндердің таралу себебін сипаттайды, жолдарын анықтайды және бүгінгі күні діндердің қоғамдағы ролін түсінеді
|
Сабақтың мақсаты
|
Әлемдік діндердің таралуын сипаттау, түркі қоғамындағы ислам дінінің рөлін анықтау
|
Тілдік міндеттер
|
Түркілердің әлеміндегі тәңірлік сенімнің қызметі жайлы пікір алмасу, әлемдік діндердің таралуын баяндау, ислам дінінің қоғамдағы алатын орнын сипаттайды
Пәндік лексика мен терминология:
Тәңірлік наным - сенім, Аруақ, Ұмай Ана, отқа табынушылық, тотемизм, христианизм, неостериандық, зороастризм, манихейлік дін, буддизм, ислам
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Діннің таралуы, діннің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы, дін үшін соғыс, діннің дәстүрге әсері, ислам діннің мемлекеттік дін болып жариялануы
|
Алдыңғы білім
|
Ислам, христиан, будда, отқа табынушылық, анемизм, тотемизм, фетишизм, магия ұғымдары
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс - әрекеттер
|
Деректер
|
Сабақтың басы
3мин
|
Инерактивті тақатадан Қазақстан картасында әлемдегі үш негізгі діннің суреттерін көрсету.
Оқушылардан бұл суреттерге қарап сендер не айтасындар? -деген сұрақ қою арқылы сабақтың
|
Суреттер
Орта ғасыр Қазақстан картасы(Ұлы Жібек жолы)
|
Ортасы
10 мин
20 мин
7 мин.
15 мин
5 мин
15 мин
|
1.Сөздік жұмыс: Интерактивтік тақтада жаңа сөздермен таныстыру.
Тапсырма: Берілген сөздердің мағынасын сәйкестендір.
1
|
Дін
|
мусульманство
|
|
2
|
дін уағызшылары
|
церковь
|
|
3
|
насихат
|
проповедь
|
|
4
|
ілім
|
священная война против неверных
|
|
5
|
шіркеу
|
духовный
|
|
6
|
Несториандық бағыттағы
|
сотрудничать
|
|
7
|
ағым
|
учение
|
|
8
|
уағыз
|
течение
|
|
9
|
пайғамбар
|
несторианский толк
|
|
10
|
«ғазауат»
|
обратить в ислам
|
|
11
|
исламға қарату
|
пророк
|
|
12
|
мұсылманшылық
|
сотрудничать
|
|
13
|
рухани
|
святой
|
|
14
|
ынтымақтасу
|
религия
|
|
15
|
қасиетті
|
миссионеры (религиозные проповедники
|
|
2. Мәтінмен жұмыс.
Т.Сыныпты төрт топқа бөлу әр топқа әлемдік діндер туралы деректер таратылады.
Діндердің таралу түрлерін анықтайды және сипаттайды.
Т Оқушыларға діннің мемлекет үшін және адам үшін маңыздылығын анықтайды
Тапсырма: мәтінді оқып, келесі сұрақтарға жауап бер.
А) Әлемдік діндер Қазақстанға қандай жолдармен тарады?
Ә) Әлемдік діндер Қазақстанға қандай өзгерістер әкелді?
Жауапты дәптерлеріне жазады. 5-6 сөйлем болу керек.
Жұптық жұмыс: ой алмасу. Жауаптарын талдау.
Тапсырма: мәтін бойынша кестені толтыру
Кесте «Діндер»
Діндер
|
Пайда болған уақыты
|
Пайғамбар-
лары
|
Қасиетті кітаптары
|
Негізгі ойы
|
Қазақстанға еңген уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Картамен жұмыс
С Діндер Қазақстанның қандай жерлерінде таралғаның анықтайды
А) Картаға ортағасырлық қалаларды орналастыр
Ә) Қазақстан жерінде діндерінің таралу жолдарын көрсет
Б) Әр діннің ортағасырлық қалаларда орналасқанның белгіле
4. Картамен жұмыс – ойын өткізу.
Оқушылар деректерді пайдаланып, сыныптың ішінде қолайлы заттардан (парта, орындық, сөмкелері, т.б.) карта жасап Ұлы Жібек жолын түрлі-түсті жіптермен өткізеді. Картада қалаларды орналастыру. Олардың арасындағы географиялық қашықтықты көрсету үшін парталарды тиісінше орналастыру және өзен көлдерді де белгілеу қажет.
|
Дерек (қосымша1)
http://referaty-v.kz/қазақстан-жеріндегі-дін-және-рухания
(соғыс, миссионерлік арқылы, неге соғыс арқылы, миссионерлік арқылы таралу қалай жүргізілі)
Қазақстандағы «Ұлы Жібек жолы» картасы
Оқушылардың карталары, кескін карталары
Форматив. Бағалау
Қосымша 2
Ақ қағазға жазылған қала атаулары, үш діннің белгілері, түрлі-түсті жіп пен қағаздар
Діннің маңыздылығы жазылған критерийлер немесе әр оқушы жеке өз критерийлерін жазады
|
Соңы
|
Сабақты бекіту
Рефлексия өткізу
Бүгінгі сабақта не білдік? Қандай тыс мағлұмат алдық? Не ұнады?
Бағалау
|
Кесте 1
|
Кесте «Діндер»
Діндер
|
Пайда болған уақыты
|
Пайғамбар-
лары
|
Қасиетті кітаптары
|
Негізгі ойы
|
Қазақстанға еңген уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма: мәтінді оқып, келесі сұрақтарға жауапбер.
Буддизм
Буддизм діні, тұңғыш әлемдік дін – б.з.б. VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Будда діннің негізін қалаушы Сиддхартха Гаутама. Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде тарала бастады. Әсіресе II-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары дінді тарату мақсатымен белсенді әрекеттер жасады. Мұқан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болмады. Тек VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға ұмтылыстар жасағаны туралы деректер жеткізеді. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Акбешім, Испиджаб қалаларынан табылды.
Несториандық бағыттағы христиан діні
Христиан діні ең көп тараған діндердің бірі, ол алғаш Палестина жерінде б.з.б І ғасырда пайда болды. Христиан дінін алғаш ұстанған еврейлер болды, бірақ біраз уақыттан соң бұл дін көп ұлтты қамтыды. Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні аздап таралды. VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұктар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. қалаларды қазғанда табылды. XIV ғасырда қазак жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды.
IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Бірақ монғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғасырда) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде монғол хандарының біразы христиан дінін қабылдаған болатын. Жалпы, христиан діні қазақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарындағы ру-тайпалардың арасында әр жерде қауым болып, бірде әлсіреп, бірде күшейіп, XIV ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Олардан қалған тарихи жәдігерлер археологиялық қазбалардан белгілі шіркеулер қалдығы, сирия тілінде қағазға, қышқа жазылған христиандық уағыздар, крест рәміздер, иконалар, металл крестер және ортағасырлық авторлардың мәліметтері. Несториандық христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі — крест пен көгершін.
Ислам діні
Ислам дінінің тарихы Солтүстік Араб өлкесінен басталды.VII ғасырдың басында Мұхаммед пайғамбар Аллахты тану жайлы алғашқы уағыздарын айта бастады. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның жолын жалғастырушы халифтер тұсында араб тайпалары түгел ислам дініне көшіп болды да, енді сыртқы елдерді исламға қарату басталды. Ислам дінін қабылдауға қарсылық көрсеткен халықтарға қарсы «ғазауат» соғыс жариялады.
Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Ислам дінінің қазақ жерінде орнауы халықтың рухани, идеялық жағынан бірігуіне, ынтымақтасуына жағдай жасады. Мұсылмандық: кентті (қалалы) өңірлерде, ең алдымен, оңтүстікте, содан соң Жетісуда таралып орнықты. Орталық, шығыс, солтүстік, батыс аймақтарындағы көшпелі, жартылай көшпелі казақтар арасында ислам діні XII ғасырға дейін біртіндеп таралды. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі — қалың бұқара арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады.
1.Дерекпен жұмыс
А) Әлемдік діндер Қазақстанға қандай себептерден тарады?
Ә) Әлемдік діндер Қазақстанға қандай өзгерістер әкелді?
Тапсырма: кескін картамен жұмыс.
Кескін картамен жұмыс
А) Картаға ортағасырлық қалаларды орналастыр
Ә) Қазақстан жерінде діндерінің таралу жолдарын көрсет
Б) Әр діннің ортағасырлық қалаларда орналасқанның белгіле
Балл
|
Дескрипторлар
|
2
|
Картаға ортағасырлық қалаларды орналастырды
|
2
|
Діндердің таралу жолдарын көрсетеді
|
2
|
Қалаларда діндердің орналасқаның белгілейді
|
Тапсырма: мәтінді толықтыр.
Буддизм
Буддизм діні тұңғыш әлемдік дін – будда діні біздің дәуірімізге дейінгі ......... ғасырда көне .................. пайда болды. Будда діннің негізін қалаушы ........................ ......................
. ................. жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде ................. діні де тарала бастады. Әсіресе .......-........ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы ............... ........................... белсенді әрекеттер жасады. Мұқан қаған .............. дінін қабылдап, буддалық .......................... кітаптарды ............... тіліне аудартқаны белгілі. Бірақ, будда дінінің ........... ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болмады. Тек ........ ғасырдың алғашқы жартысында ғана ........ түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Буддашылар ........... құрып, осы ........... мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.
Түркі кағандарын буддизмнің: «Адам ................, ............ айтпа, ............ жасама, ................ ........................ ішпе» деген ........................... қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде ......................., ......................... қалаларынан табылды.
Несториандық бағыттағы христиан діні
Христиан діні ең көп тараған діндердің бірі, ол алғаш ......................... жерінде б.з.б ....... ғасырда пайда болды. Христиан дінін алғаш ұстанған ..................... болды, бірақ біраз уақыттан соң бұл дін көп ................... қамтыды. Қазақ жеріне ........... ғасырда .......................... бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Христиан дінінің ............................... ағымы .......—............. ғасырларда ........................... мен ...................... Қазақстан жерінде христиандық ............................. көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған ............................ болған, шіркеулер .................., ..............., ................., ................., ....................., .................., т.б. қалаларды қазғанда табылды. .............. ғасырда қазак жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук ................... қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің ............................ болғанын хабарлайды.
........... ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан .............................. діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан ............................ көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде ......................... пен ......................... қатар өмір сүрді. Бірақ монғолдардың .............. кезеңінде (.......... ғасырда) ...................... дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде ..................... хандарының біразы ...................... дінін қабылдаған болатын. Жалпы .................... діні қазақтың .................., .................-................, ............... аймақтарындағы ру-тайпалардың арасында әр жерде ............... болып, бірде әлсіреп, бірде күшейіп, ........... ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Олардан қалған тарихи .................. археологиялық қазбалардан белгілі .................... қалдығы, .............. тілінде қағазға, қышқа жазылған христиандық .................., крест рәміздер, ................, металл крестер және ортағасырлық авторлардың .............. . Несториандық христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі — ............ пен ...................... .
Ислам діні
Ислам дінінің тарихы .................. ............. өлкесінен басталды. .......... ғасырдың басында ............................. пайғамбар Аллахты тану жайлы алғашқы ....................... айта бастады. .......................... пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның жолын жалғастырушы .................... тұсында араб тайпалары түгел .............. дініне көшіп болды да, енді сыртқы елдерді ............... қарату басталды. .............. дінін қабылдауға қарсылық көрсеткен халықтарға қарсы «................» соғыс жариялады.
Ислам діні қазақ жеріне ....... ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, ................ Қазақстан мен ................ жеріне таралды. .......ғасырда ислам діні .................... мемлекетінің ............ дініне айналды. Ислам дінінің қазақ жерінде орнауы халықтың ..............., ................. жағынан бірігуіне, ................................... жағдай жасады. Мұсылмандық: кентті (қалалы) өңірлерде, ең алдымен, ........................, содан соң ................... таралып орнықты. Орталық, ................, солтүстік, ............. аймақтарындағы көшпелі, жартылай көшпелі казақтар арасында ислам діні ........... ғасырға дейін біртіндеп таралды. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, ......................, ....................... тәрбиелеуі — қалың бұқара арасында бұл дін ......................... кең таралуына жағдай жасады.
Глоссарий
Дін – религия;
Негізін қалаушы – основатель
Тарала бастады – начал распространяться;
дін уағызшылары – миссионеры (религиозные проповедники);
насихат – пропаганда;
орнығу, орнату – установить, укрепить, основать;
ілім – учение;
шіркеу – церковь;
Несториандық бағыттағы – несторианский толк;
ағым – течение;
уағыз – проповедь;
пайғамбар – пророк;
қарсылық көрсету – оказать сопротивление;
«ғазауат» - священная война против неверных;
исламға қарату – обратить в ислам;
ену – проникать;
ресми – официально, государственный;
мұсылманшылық – мусульманство;
рухани – духовный;
бірігу – объединяться;
ынтымақтасу – сотрудничать;
қарапайымдылық - скромный, простодушный;
шыдамдылық – терпеливость;
белгі – знак;
көгершін – голубь;
қасиетті – святой;
жалғастырушы – продолжатель;
1
|
Дін
|
мусульманство
|
|
2
|
дін уағызшылары
|
церковь
|
|
3
|
насихат
|
проповедь
|
|
4
|
ілім
|
священная война против неверных
|
|
5
|
шіркеу
|
духовный
|
|
6
|
Несториандық бағыттағы
|
сотрудничать
|
|
7
|
ағым
|
учение
|
|
8
|
уағыз
|
течение
|
|
9
|
пайғамбар
|
несторианский толк
|
|
10
|
«ғазауат»
|
обратить в ислам
|
|
11
|
исламға қарату
|
пророк
|
|
12
|
мұсылманшылық
|
сотрудничать
|
|
13
|
рухани
|
святой
|
|
14
|
ынтымақтасу
|
религия
|
|
15
|
қасиетті
|
миссионеры (религиозные проповедники
|
|
Жаңа дәуір – новое эпоха (время);
Бас кезінде – в начале;
Үлгі – образец;
белсенді – активные;
әрекеттер – действия;
қоғам – общество;
елеулі – значительный;
ықпал – влияние;
алғашқы жартысы – первая половина;
кейбір – некоторые;
ел басшы – правитель народа;
ынта білдіру – проявить инициативу;
қауым – община;
мемлекеттік дін – государственная религия;
айналдыру – превратить;
ұмтылыс – ринуться, стремиться;
Тараған, тарау – распространяться;
пайда болу – появление, возникновение;
алғаш – первый;
ұстану – придерживаться (каких-то взглядов);
аздап – немного;
ығыстыру – вытеснять;
жаулап алу – завоевать;
жәдігер – ;
қазбалар – раскопки;
қалдық – остатки;
мәліметтері – информация;
өлке – край;
қайтыс болды – умер;
дамыған – развитый;
қала мәдениеті – городская культура;
жағдай – условие, положение;
өңір – окрестность;
ой тазалығы – правильные мысли;
қалың бұқара- всеобщий, среди всех;
Достарыңызбен бөлісу: |