Сабақ тақырыбы Ә. Кекілбаев "Аңыздың ақыры" романы



Дата04.05.2024
өлшемі11,56 Kb.
#201770
түріСабақ
Байланысты:
аныздын акыры



Бопай ханым жоғары медициналық колледжі

Оқу сабағының жоспары


(теориялық немесе өндірістік оқыту)
(сабақ тақырыбы)


Ә.Кекілбаев “Аңыздың ақыры” романы
Модул/пән атауы __Қазақ_әдебиеті_________________________________
Дайындаған педагог: Бакитова Айнагул Түгельбаевна
Дайындаған практикант:Макарова Акбота Әлібекқызы _____________________________
2024_ жыл "5" наурыз
1.Жалпы мәліметтер:
1.1.Курс, оқу жылы,топ 1 курс ___________________________________
1.2.Сабақтың типі_аралас сабақ_______________________________________
2.Мақсаты, міндеттері:__ Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу алады, шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алу
Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,жаңа атаулар туралы түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды туған елін, тілін құрметтеуге еңбексүйгіштікке, білімге құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
2.1.Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және
( немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
білімдерін жаңарту,шығармашылық және бастамашылдық дағдыларын арттыру
3.Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева. Қазақ әдебиеті.

  2. С.Қасқабасов, Р. Әлімханов, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай. Қазақ әдебиеті

  3. 2 Техникалық құралдар,материалдар

  • электронды әдістемелік жүйе

  • дидактикалық материалдар

4. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Сергіту сәті
Үй тапсырмасы
«Аңыздың ақыры» романы қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес. Сыншы-
зерттеушілердің романның жанры туралы ортақ бір пікірге келе алмай жүруі де
сондықтан болар. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдардың қатарында
атаса , екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады.
Шығарманы үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған бір топ ғалымдар оның
монологқа, толғанысқа құрылғанын баса айтады. Ə.Кекілбаев өз шығармаларында халық жадында сақталған ескі аңыздарды жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады. Ə.Кекілбаев романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат шығармаларында мифтік-фольклорлық
сарынның, аңыз-əңгімелердің жиі көрініс беруі болып табылады. Ə.Кекілбаев
туындылары көбінесе бүтіндей мифтік-фольклорлық сюжетке құрылады. Жазушы аңыз-
əңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар сілеміне көз жібере отырып, мəңгілік
мəселелерді шешуге ұмтылыс жасаған. Осы сипаттағы шығармаларының бірі – «Аңыздың
ақыры» романы. «Аңыздың ақыры» романы тарихи тақырыпқа жазылып, тарихта болған Ақсақ
Темір өмірінің бір сəті көрініс бергенімен, бұл – үйреншікті мағынадағы дерекке
негізделген тарихи туынды емес. Жазушы тарихи аңыз шеңберінен шығып, қаламгерлік
қиялын қоса отырып, дербес психологиялық шығарма тудырған. Мұнда тарих – фон,
кезең колориті ғана. Сыншы С.Əшімбаев романның тарихи негізін баса айта отырып:
«шартты түрде болса да оқиға қай ғасырда, қай жерде болып еді, Əмірші деп
отырғанымыз кім, қай елдің ханы деген сұрақтың бетін ашу керек сияқты» [1] – деген
пікір білдіреді. Ə.Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны
маңызды емес. Мəселе, оқиғаның қашан жəне қалай болғанында емес, болған оқиғаның
адамгершілік-философиялық мəнінде. Сюжетке өткен дəуір оқиғасы арқау болғанымен,
ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік,
бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мəні бар мəңгілік мəселелерді қозғайды.

Сабақ бойынша рефлекси





Бағалау критерийі

Дескриптор

«Аңыздың ақыры» романындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын талдайды

«Аңыздың ақыры» романынан берілген үзінділерді оқиды

Көркемдегіш құралдарды анықтайды 

Айшықтау, суреттеу амалдарын табады 

Жазушының астарлы ойын анықтайды 

Кейіпкер бейнесін ашудағы қолданысына түсінік береді



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет