Сабақ Тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабақтарындағы критериалды бағалау



Дата11.03.2020
өлшемі31,92 Kb.
#59910
түріСабақ
Байланысты:
онлайн жоспар 1

Алматы облысының білім басқармасы

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі

ONLINE-САБАҚ
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабақтарындағы критериалды бағалау
Пәні: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия
Оқытушы: Нурбекова Ақмарал Маметқазықызы

Топ: 310


Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Жаркент қаласы, 2020

Оқу орны: Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі

Күні: 13.02.2020

Пәні: Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, каллиграфия


Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабақтарындағы критериалды бағалау


Оқытушының аты-жөні: Нурбекова А.М.

ТОП: 310


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Критериалды бағалау құрылымын меңгере отырып, әдебиеттік оқу сабақтарында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру.

Күтілетін нәтиже

Барлығы: Критериалды бағалау және оның құрылымы туралы біледі

Көпшілігі: Критерийлер арқылы бағалаудың артықшылығын түсінеді

Кейбірі: Әдебиеттік оқу сабақтарында шығармалар бойынша оқу мақсаттарын таңдап, тапсырмалар әзірлеп, критерийлер мен дескрипторлар құрай алады

Бағалау критерийлері

- жұмысты критерийлер арқылы бағалайды;

- мәтінге мақсат таңдап бағалау критериін, тапсырма, дескриптор құрады;

- аяқталған әрекетке кері байланыс береді.



Сілтеме:

Заманауи сабақты жоспарлау бойынша әдістемелік ұсыныстар, «НЗМ» ДББҰ, Астана, 2018

Қалыптастырушы бағалауда сұрақ қою әдістерін тиімді қолдану, «НЗМ» ДББҰ, Астана, 2018

Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс, Б.Умиралиева, С.Сапарбаева, Шымкент, 2017

Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер, А.Әлімов, Астана, 2018

WWW.YouTube.com педагогикалық шеберлік орталығы каналы


Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Сабақтың басталуы

(1 мин)


Мағынаны тану (1 мин)
Мағынаны ашу (2 мин)

(2 мин)



Жағымды психологиялық ахуал орнату. «Айна» әдісі

Топқа кіріктіру. Әр түсті қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлінеді.


«Торсия» әдісі.

Бүгінгі сабақтың афоризмі:

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай)


Сабақ мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже:

-Критериалды бағалау туралы алдыңғы білімді тереңдету

- Әдебиеттік оқу сабақтарында қалыптастырушы бағалау түрлері мен әдістерін қолдана алу

-Мәтін бойынша оқу мақсаттарын таңдап, тапсырмалар әзірлеп, критерийлер мен дескрипторлар құру.
Білімді бағалау шарттарымен таныстыру.

Ортақ мақсатқа жұмылу

Уақытты басқару

Дәл, нақты жауап

Белсенділік

Ұтқырлық.

Аталған шарттар бойынша қалам және қарындашпен бағаланып отырады: «Қаламмен жазғаның өшпейді, қарындашпен жазғаныңды әркім өшіріп, түзетеді».


Түрлі-түсті қағаз қиындылары

Интерактивті тақта

Ватман қағазы


Сабақтың ортасы

(3 мин)

(5 мин)

(10 мин)



(7 мин)

(5 мин)



Білімді өзектендіру: «Сұрақ-жауап» әдісі

- Критериалды бағалау туралы не білесіңдер? Презентация. «Критериалды бағалау деген не?»





  1. Белсенді жаттығу:

«Өзіңді бағала» сурет салу әдісі. А4 қағазды 4 бөлікке бөліп, 2-бөлікке көбелектің суретін салады. 1-бөлікке бағалайды. Қалай бағалағанын айтады. 3-бөлікке бағалау критерийлерін жазады. 4-бөлікке критерийлер арқылы бағалайды. Мақсат: Еш критерийге сүйенбей бағалаудың қиын екенін түсінеді.

Өзін-өзі бағалау.

Топтық тапсырмаларды орындау.


  1. Белсенді жаттығу: «Айналмалы бекет» әдісі

Әр топқа 3 сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу кітабы, Әдістемелік құрал және Оқу бағдарламасы беріледі. Оқулықтан өздері таңдап алған мәтінге оқу мақсаттарына сәйкес, Б.Блумның таксономиясы арқылы тапсырма, критерийлер, дескрипторлар құрайды.

Оқытушының кері байланысы, бағалауы.




  1. Белсенді жаттығу:

Постер қорғау. «Фрайер» моделі. Ережесі мен шарттарын, берілетін уақытты хабарлау.

1-топ. Оқу мақсаты

2-топ. Критерий

3-топ. Дескриптор

4-топ. Кері байланыс

Топтық бағалау.


«Топтық тексеру» әдісі.

Ең көп сыйлық жинаған топ ортаға шығады, басқа топтар сұрақ қояды.



Слайд материалдары
А4 қағазы, қалам, қарындаш

Әдебиеттік оқу кітабы 3 сынып, оқу бағдарламасы орта мерзімді жоспар,

маркерлер, А3 қағазы

Ватман қағазы, маркер, магнит, тақта



Сабақатың аяқталуы

Бағалау

(2 мин)

Рефлексия. (2 мин)



Топтық жұмыс нәтижесі: топтағы қарындаш пен қалам санын есептеп, қалыптастырушы бағалау қорытындысы шығарылады.

Студенттер стикерлерге жазып, жетістік баспалдағына іледі.

-Мен .................................................................білемін.

-Мен …………………………………………түсіндім.

-Мен ……………………………………жасай аламын.
Қорытынды. Сабақты қорыту, кері байланыс беру.

Машықкерге өсиет: әдебиет-ардың ісі екенін есте сақтай отырып, оқушының қандай нашар жұмысы болса да, оның 1 жақсы ісін тауып, оны атап өтіп барып, қалай дұрыс істеу керек екенін айтыңыз.




Стикерлер, түрлі-түсті сурет



Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін студенттер не білді?

Аудиториядағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ туралы өз пікірім:




Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:
2:


Сабақ барысында топ немесе жекелеген студенттер іс-әрекетіне қарап, менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1:
2:


Тексерген:


Колледж әдіскері________________Ж.Бағдаулет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет