Күні:23.02.2016 ж.
Сыныбы:6
Пәні:Дүние тарихы
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті
Сабақтың мақсаты: .Ежелгі Қытай мәдениеті және оның ерекшеліктеріне түсінік бере отырып, тапсырмаларды топпен бірге жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға данышпандары ,ғылыми білімі мен өнер табыстары туралы мәлімет беру.Қытайдың жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау мен қатар сұрақ –жауап арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: Топпен бірге жұмыс жасауға,сабаққа белсенді араласуға,адамгершілікке және де отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Оқытудың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі,сұрақ- жауап,тапсырмалар,бейнеролик,кестелер
Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,бетшелер,суреттер
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру 3 мин
-амандасу;
-сабаққа қатысымын тексеру ;
-топқа бөлу , яғни «Кун-фуцзы»және «Сымя Цянь» деген атаумен 2 топқа бөлемін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыбы:Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы
1 – тапсырма 5 мин
«Бетшелер» яғни әр оқушыға сұрақтар таратамын.Жауап береді.
1.Жібек маталары қайда қашан жасалынды?
2. Ұлы Жібек жолы деп аталуының себебі неде?
3.Чжан Цянь нені басқарды?
4.Қытай билеушілерінің жасаған жорықтардың мақсаты қандай болды?
5.Еңбекші халықтың жағдайы неге нашарлады?
6.Ван Ман деген кім?
7.Фан чун деген кім?
8.Қызыл қастылар көтерілісі деп не себебті олай аталды?
9. «Сары орамалдылар көтерілісі »жайында не білесің?
10.Ұлы Жібек жолының тармақтары қандай болды?
2-тапсырма 2 мин
Дәптермен жұмыс «ИӘ», «ЖОҚ» зымыран сұрақтары
1.Б.з.б ІІІ м.ж.та Жібек маталар жасалынды ма? ИӘ
2.Қытайлықтар жібек маталар жасау тәсілдерін басқа елдерге айтты ма? ЖОҚ
3.Италия мен Грекияда жерлеу орындарында жібек маталар мен шашақтар табылды ма? ИӘ
4.Ұлы Жібек жолы сауда жолына айналды ма?ИӘ
5.Чжань Цянь елді басқарды ма? ЖОҚ
6.Қытай қолбасшысы Бан Чао болды ма? ИӘ
7.Ван Ман есімді адамды халық патша етіп сайлады ма? Жоқ
8.Көтерілісшілері саны 10 мыңға жеткен көтерілісті Фан Чун басқарды ма? ИӘ
9.Ван Манды өлтіргеннен кейін оның орнына өз ұрпақтары келді ме? ЖОҚ
10.Чжан Цзяо мен оның екі бауыры «сары орамалдылар көтерілісін »басқарды ма? ИӘ
Актуалдау.
Б.з.б. ІІІ м.ж. не пайда болды?
Жібек маталар қайда пайда болды?
Қағаз пайда болмастан бұрын қайда жазу жазған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспар:
1.Жазуы мен әдебиеті
2.Кунфуцзы –ежелгі Қытай данышпаны
3.Сыма Цянь –қытай тарихының атасы
4.Ғылыми білімі мен өнертабыстары.
Қытайда өте ертеде иерогливтік жазу пайда болған. Қытай иерогливтері тігінен,жоғарыдан төмен қарай жазылады. Курделі жазу. Соған қарамастан ір түрлі кітаптар жазған.Олар ені 1 см,ал ұзындығы 20-40 см-ге дейінгі ағаш тақтайшаға жазылыпты. Олардың көптеген шығармалары белгілі. Сондай шығармаларында дүниенің жаратылуы жайында баяндалады. Сонымен қатар ақындары мен данышпан тарихшылары да көп үлесін қосты. Қытай әлем бойынша көптеген заттарды шығарды.
1- топ: Кун-фуцзы
2 –топ: Сыма Цянь
Оз бетінше оқиды.
Дамытушылық кезеңі:
1 тапсырма:
Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.
1. Б. з. б. 551 ж -
2. Б.з.б. 151 ж -
3.Б.з.б. 479 ж –
2 тапсырма:
Жауаптарын сәйкестендіріңдер.
№
|
Сұрақтары
|
Жауаптары
|
1
|
Өте ертеде иероглифтік жазу қайда пайда болды ?
|
Қытайда
|
2
|
Кун-фуцзы (Кунфуций) қашан дүниеге келген ?
|
Кун-фуцзы б.з.б. 551 жылы дүниеге келген.
|
3
|
Сыма Цянь әкесінің өсиеті бойынша не жазуға кірісті ?
|
Қытай елінің тарихын жазуға кірісті.
|
4
|
Алғаш шайды қалай пайдаланған ?
|
«Шай»сөзі қытайлықтардан шықты.Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды.Сөйтіп,ол басқа елдерге де тарады.
|
5.
|
Қытайлықтар ұсақ,жұмсартылған маталардың қалдықтарын неге айналдырған ?
|
Арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп,одан соң қағазға айналдырған.
|
3 тапсырма Жаңа сөздер:
Чэн Тан Цин Паньгу
Бекіту кезеңі
Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут
1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.
2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.
3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.
4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.
5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма
Бағалау.
№ 4 орта мектеп
Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті
Сыныбы 6 «ә»
Тарих пәні мұғалімі: Досқабылова А.Ж.
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |