«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
№24 жалпы білім беру орта мектебі» ММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Сыныбы: 6«Ә»
Математика пәні мұғалімі: Есбосынова Айжан
Ақтау, 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Мақсаты: 1. Білімділік: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру және алмастыру тәсілімен есепетер шығара блуге үйрете отырып дағды қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өздігінен есептеу, ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге қызығушылығын, танымдық шығармашылық белсенділігін арттыру;
3. Тәрбиелік: мәдениеттілікке, сауатты жазуға, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу, дүниетанамын кеңейту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, математика
Оқыту технологиясы: деңгейлеп-саралап оқыту;
Көрнекіліктер:Интерактивті тақта;
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру: сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа зейінін жинақтау.
Сұрақ: Күн жүйесінің құрамындағы қандай планеталарды білесіңдер?
Жауап: «Жер» - бұл Күн жүйесінің құрамындағы 9 планетаның бірі. Жер Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета. 1 тәулікте өз осін бір рет, 1 жылда Күнді толық 1 айналып шығады.
Пысықтау сұрақтары:
- екі айнымалысы бар теңдеу дегеніміз не?
- Мына сандар жұптарының (-4,4), (5,-2), (6,-4) қайсысы 2х+3у=4 теңдеуінің шешімі болады?
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
«Марс» - диаметрі жағынан Жерден 2 есе кіші. Марсқа автоматты станция зертханалар жіберіліп, Жерден жіберілген бұйрық бойынша радио, теледидар арқылы Жерге жеткізіп отрды. Марстың қазақша аты - «Қызыл жұлдыз».
Марс планетасының тапсырмаларын орындайық. № 1497
«Юпитер» - қазақша аты «Есекқыран». Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы бойынша 300 есе үлкен. Басқа планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналады. Жерден қашық орналасқан.
Деңгейлік тапсырмалар:№1498
№ 1499
№ 1500
Оқушылар бізге хат келіп тұр екен. № 21 мектепт34 оқушыларынан хат келген екен.
Оқушылар, бізге көмек керек болып жатыр. Біз бүгін математикадан екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді алмастыру тәсілімен шығару тақырыбында сабақ өттік. Бірақ біз оқулықтағы № 1510 (1,2) есепті шығара алмай отырық. Сол есепті шығарып көріңіздерші.
Сәлеммен № 21 сыныптың 6 сынып оқушылары!
Сергіту сәті: Сатурн планетасының тапсырмасы.«Әзіл есептер»
Сатурн Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздығының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді. Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес, өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болады.
Дайындауға болады , бірақ жеуге болмайды. (Сабақ)
Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыруға қиын. (Мамық жүн)
Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
Жыл он екі ай ішінде 30, 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)
Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. Әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
Столдың төрт бұрышы бар 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4 – тен артық 5 – тен кем сан шығады. (үтір 4,5)
Екі жарым таяқтың неше ұшы болады? (6 ұшы болады)
Үйге тапсырма:1510 (2,4)
1511
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
| Қорытындылау:
Оқушыларды бағалау
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |