Сабақ тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Білімділік



Дата23.03.2018
өлшемі46,41 Kb.
#39466
түріСабақ
1-тақырып. Өзім туралы Мұғалім: Набиева Г.К.

Сынып: 2 «д»

1-сабақ

Сабақ тақырыбы:

Екінші сыныпта оқимын.

Білімділік:

Тілдік қарым – қатынас барысында қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өзі туралы ақпарат беруге үйрету.

Дамытушылық:

Қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабіллетерін дамыту.

Тәрбиелік:

Сөйлесім барысында сыныптастарымен жағымды қарым – қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы «Қазақ тілі оқулығы».

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырыпқа қатысты жаңа атауларды меңгереді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді.


Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкес суреттер таңдай алады.

Жаңа сөздер:

Нешінші, екінші, үшінші, қабатта, жақсы көремін

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі – түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар, суретте, мультипроектор, альбомдар, слайдтар

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап. «Шаттық шеңбер» тренингі «Баспалдақ» техникасы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:

Тапсырма:

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын оқиды:
Бәрі жақсы баланың

Тілін алған ананың

Бәрі жақсы баланың «Беске» оқыған сабағын.
Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталайды.


Мұғаліммен бірге қайталайды. Бір –біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру.

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Қызығушылықты

ояту.

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында «Бес саусақ» өлеңін оқиды, ой шақыру сұрақтарын қояды:

Мынау -

Бес бармақ

Мынау -

Балаң үйрек

Мынау -

Ортан терек

Мынау -

Шылдыр шүмек

Мынау -

Кішкене бөбек


  • Балалар, сендер қайлай

ойлайсындар, өлеңде не туралы айтылады?

Оқушылар жауап береді.

  1. Мағынаны тану

  1. сөздікпен жұмыс

А) Мұғалім интерактивтік тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.




2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым.

оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.



Тыңдалым:Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

  1. Оқулықтағы

тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.


Жазылым. Суреттерге қарап диалогті толықтырып жазады.

  1. Сергіту сәті. Мұғалім

оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан, тұрғызып сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып



Бой ергітіп алайық!

Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды.

3.Ой толғаныс

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.


Оқылым.Айтылым. Мәтінді оқиды. Сөйлемдерге сұрақ қояды.

4.Бекіту.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттегі кейіпкерлердің атынан диалог құрады.


«Есте сақта» айдарында берілген сөздерді жаттатады.

Берілген сөздерді жаттайды, қайталайды.

  1. Бағалау.

Формативті бағалау. Мұғалім оқұшылардың өзара бағалау бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.


Каталог: uploads -> 2017 -> post12
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
post12 -> Эссе тақырыбы: «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер»
post12 -> Сабақтың мақсаттары: Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы айту
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана» Сабақтың мақсаты: Білімділік
post12 -> Lesson Study тәсілінің тиімділігі
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Фантазия Осы сабақта қол жеткізетілетін оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет