Сабақ тақырыбы Екісанның қатынасы. Екісанның пайыздық қатынасы



бет66/93
Дата18.10.2022
өлшемі23 Mb.
#153728
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93
Байланысты:
6 сынып1 токсан

Сабақты қорытындылау:
Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.
1.Сабақтың мақсаты қандай болды?
2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?
3.Нені түсінбедіңдер?
Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:
- тақырып бойынша не білемін?
- тағы не білгім келеді?
- не істей аламын?
Үйге тапсырма:№5, 6; тақырыпқа байланысты өмірде кездесетін жағдаяттарды пайдаланып 2 есеп құрастырып келу







Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: №33

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.10 бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаттары

бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосады және азайтуды орындайды

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



№1. Координаталық түзудің көмегімен сандарды қосып, азайтыңыз (Слайд 3-5):
5+2 -6+4 -3+(-3) 5+(-6) -2+0

№2. Қандай сандар


а) 6 санынан 3 бірлікке;
ә) -3 санынан 5 бірлікке;
б) -1 санынан 4 бірлікке қашық орналасқан?

№3. Бос орындарды толтырыңыз:


-4+ ?=5 5+ ? = -1 -7+?=-5 -3+?=-8

Сонымен
1. Координаталық түзуді пайдаланып екі бүтін санды қалай қосамыз?


2. Екі санның айырмасын қосынды түрінде қалай жазуға болады?



Алдыңғы өткен сабақ мақсатын еске түсіріп,сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын ашамыз (Слайд 1):
1.Координаталық түзу дегеніміз не?
2. Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?
3. Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?
4. Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?
5. Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?
6. Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?
(Слайд 2)
Келесі тапсырманы ауызша шешуге ұсыну:
Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? (Оқушылар өз ойларын айтады).
Оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақ мақсатымен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет