3. Жаңа тақырыпты меңгеру Жұппен жұмыс.
Әрбір жұпқа сұрақтар таратылады. Жұбымен бірге сұрақтарды талқылай отырып, жауаптарын қысқаша түрде дәптерге жазады.
Оқушылар өз жауаптарын айтады, талқылайды және бірін-бірі толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау:
мұғалім бақылауы және комментарийі;
жұптардың бірін-бірі бағалауы;
мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар Оқушылар
энергия түсінігін анықтай алады;
объектілерді салыстырып, дұрыс пікірді тұжырымдайды;
құралдардың тұтынатын энергия мөлшерін бағалай алады.
4.Электр энергиясыңы бірлігі мен құны Пайдаланылған электр энергиясын есептеу үшін, электр есептегіш құралы қолданылады. Ең болмағанда бір электр құралы токқа қосулы тұрса есептеуіш құралы жұмыс жасайды. Электр энергиясын есептеуіш құралының жұмысы ток көзіне қосылған электр құралының қуатына байланысты.
Электр энергиясын есептеуіш
1-сурет
Тізбектегі токтың жұмысын есептеу үшін қажетті құралдар: амперметр, вольтметр және сағат.
(Оқушылар дәптерге жазады)