1. Ұйымдастыру кзеңі - 5'
(жаңа сабаққа дайындық
2. Блиц – сұрақ
« Ия/жоқ»- 8' /
3. Жаңа білімді меңгерту - 7'
4.Сергіту - 5'
5.«Есеп шығару»
- 10'
6. Рефлексия –Топта Синквейн жазу- 5'
7.Кері байланыс - 3'
8.Үй тапсырмасын орындауға нұсқау - 2'
|
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу.
Оқушыларды «электрондар», «протондар» және «иондар» деп топқа бөлу. Сабақ мақсатымен жоспарымен, бағалау кретийлерімен таныстыру
Мақсатқа жету үшін,алдыңғы сабақты еске түсірейік,үй жұмысын қайталайық.
Оқушылардың білімін презентация арқылы тексеремін. «Блиц - сұрақ» фронталды өткізіледі.
Электр зарядының: оң және теріс екі түрі бар. (ия/жоқ)
ХБЖ- да электр өрісі кернеулігінің бірлігіне 1Н/Кл алынады. (ия/жоқ)
Электр өрісі тудыратын жұмыстың ығысатын зарядтың модуліне қатынасына тең шама кернеу деп аталады. (ия/жоқ)
ток күшінің формуласы: (ия/жоқ)
Ом заңын(ия/жоқ)
Тізбектеп жалғаудың формуласы:I = I1 + I2,
U = U1 = U2
(ия/жоқ)
7.Ток күшін вольтметрмен өлшейді (ия/жоқ)
8.БХЖ-де кедергі ампермен өлшенеді (ия/жоқ)
9.Өткізгіштерді тізбектей қосқанда жалпы кернеу тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеудің қосындысына тең. (ия/жоқ)
3. Жаңа білімді меңгерту
Мұғалім ауызша түсіндіреді:
Джоуль-Ленц заңы
Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж.Джоуль мен орыс ғалымы Э. Ленц зерттеді. Олар бір-біріне тәуелсіз Джоуль-Ленц заңы деп аталатын заңды тағайындады.
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және ток жүру уақытына тура пропорционал болады:
Q=.
4.Сергіту жаттығуларын орындауға оқушыларды шақырады. Жаттығу орындау үшін видео роликті қосады.
5.Есептер шығару:
№1. Амперметр тізбекте 15А ток күшін,дәл сол бөлікте вольтметр 24В кернеу көрсетеді.Ток 20 мин ішінде қандай жұмыс істейді
№2.Электр плитканың кедергісі 80 Ом,кернеуі 220В. 6 сағат ішінде плитка қанша жылу бөледі?
№3.Қимасы 0,5мм2 хромаль сымнан 700Вт қуаты бар, 220В кернеуде жұмыс істейтін қыздырғыш үшін спираль дайындау қажет. Сымның ұзындығын табыңдар. Хромальдың меншікті кедергісі 1.4 Ом*мм2/м
6. «Электр» және «Қуат» түсінігіне синквейн жазу.
Мұғалім Синквейн жазу ережесін түсіндіреді:
1-ші жол-тақырыптың атауы(зат есім)
2-ші жол-тақырыпты сипаттайтын екі сөз(сын есім)
3-ші жол-тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз(етістік)
4-ші жол-тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы(нақыл сөз)
5-ші жол- тақырыптың мәнін ашатын (синоним) сөз.
Бағалау критерийі бойынша оқушыларды бағалау.
7.Кері байланыс парағы: ББҮ кестесін аяқтау.
Балалар сабақ соңында сіздер көңіл-күйлеріңізді смайликтермен көрсетіңдер
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-ленц заңы.9-жаттығудың 2,4 есептерін шығарып келу және тақырыпты оқу
|
Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
Блиц-сұрақтар жазылған парақшалар оқушыларға таратылады.
Блиц-сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» арқылы жауап бере алады
Оқушылар өз білімдерін презентация арқылы тексереді.
«Блиц - сұрақ» жауаптары:
1. Ия;
2. Ия;
3. Ия;
4.ия;
5.ия;
6.Жоқ;
7.жоқ;
8.жоқ;
9.ия;
3«Электр тогының жылулық әсері.Джоуль-Ленц заңы» тақырыбының анықтамалары мен формулаларды жұмыс дәптерге жазып алады.
4.Оқушылардың барлығы орындарынан тұрып сергіту жаттығу орындайды
5.Есептердің шешімі,жауабы:
№1Берілгені:
t =20мин=1200с
I=15A
U=24В
Т/к: А- ?
Шешуі : A=I*U*t
А=15А*24В*1200с=432000Дж
Жауабы:4,32МДж
№2.Берілгені :
R=80
U= 220 В
t=6 с
Т/к:Q - ?
Шешуі: Q=
I=U/R
Q= U2 /R
Q=(220В)2 :80Ом*6*3600с =13.1МДж
Жауабы: 13,1МДж
№3.Берілгені:
S=0.5 мм2
P=700 B
U=220В
ρ=1.4 Ом*мм2/м
Т/к:L=?
Шешуі:
R=ρ*L/S; P=IU; R=U/I;
U2/P=ρL/S; L=U2S/Pρ;
L=(220B)2*0.5 мм2/700Вт*1.4Ом*мм2/м
=24.7м
Жауабы:24,7м
6.Оқушылар синквейн құруға кіріседі.
Электр
Күшті,қауіпті
қозғалады, қыздырады, жарқырайды
Ол өте әдемі және қажетті
Ток
Әр топ «ББҮ кестесін» толтырып, әрбір оқушы сабақтан алған әсерін смайликтермен көрсетіңдер
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
|