Сабақтың ортасы
3 мин
10 мин
10 мин
|
«Миға шабуыл» әдісімен бейне сурет. Оқушылар байқалған құбылысқа байланысты ой-пікірлерін білдіреді. Проблемалық сұрақ: нені көріп, не түсіндіңдер? Сабақтың тақырыбын ашады.
«ЖИГСО» әдісімен Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңын түсіндіру.(постер қорғау). Мәтінді 6 – топқа бөліп беру. Оқулықта берілген мәтіндерді оқуға 10 минут уақыт беріледі.
Қозғалмайтын зарядталған екі нүктелік дененің вакуумдағы өзара әсерлесу күші олардың зарядтарның модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал болады. Осы анықтаманы оқушылардың өзіне қысқаша тұжырымдату, яғни анықтаманың мағынасын өзгертпей одан кейбір сөздерді алып тастату: (қозғалмайтын, нүктесін, вакуум, модульдерінің.)
Сонда анықтама мына түрге келеді. Зарядталған екі дененің өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал.
мұндағы k = 8,9875517873681764·109 Н·м2/Кл2 тең тұрақты коэффициент.
Электр зарядтардың арасында пайда болатын күшті Кулон күші деп те атайды.
khoot.com
Force between charges - екі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күші
charge one - бірінші заряд
charge two – екінші заряд
distance – арақашықтық
constant number - пропорционалдық коэффициент
Дескриптор
1. Мәтіннен түсінгендерін айтады.
2. Топ ішінде және топ арасында мәтіннен түсінгенін айта біледі.
3. Күнделікті өмірден мысал келтіре отыра өз пікірлерін айтады.
ҚБ: « Бас бармақ әдісі» әдісі
Есеп шығару: .«Жекелей жұмыс» әдісі (саралау тапсырмалары)
Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары 20 Кл және 30 Кл . Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?
Бірінен-бірі 3 см қащықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?
1 мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?
Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай?
Электр заряды +2е су тамшысынан, заряды -3е кішкентай тамшы бөлінді. Тамшының қалған бөлігіндегі электр заряды (ж: +5е)
Егер өзара әсерлескен зарядтардың бірінің мәні 2 есе артса, ал әсерлесу күші өзгеріссіз қалса, онда олардың әсерлесу қашықтығы қалай өзгереді? (ж: есе арттыру керек.)
Бағалау критериі
|
Дескриптор
|
Белгі
|
Кулон заңының формуласын пайдаланып есептер шығара алады.
|
Формуладағы шамалар мен тұрақтыларды есте сақтай алады.
Өлшем бірліктерді ХБЖ жүйесіне келтіре алады
Формуланы пайдаланып есептей алады.
|
|
|
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrod0namika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-zaryady-kulon-zangy
khoot.com
|