Сабақ тақырыбы Әлеуметтік құрылымдағы топтпрдың негізгі сипаттамасы. Жалпы мәліметтер


Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (



бет2/2
Дата22.09.2023
өлшемі94,55 Kb.
#182040
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Жаһандану

5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта) (10 мин)



6. Үйге тапсырма (5 мин)

Әлеуметтік құрылымдағы топтпрдың негізгі сипаттамасы.

Дайындаған педагог



_Арысбай Назым Болатбекқызы
Т.А.Ә.
__________
(қолы)

Жаһанданудың қазіргі теориялары
Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін айта кетейік. Бұрын “жаһандану” ұғымы ғылымда дүниежүзілік тарихтың орнығуы (К.Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М.С.Горбачев, Ю.А.Замошкин), әлем-жүйе (И.Валлерстайн) терминдерімен көрсетілді. Жаһанданудың қазіргі таңда кеңінен қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біржақтылық жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығындағы әлеуметтік өзгерістің жаңа түрі ретінде бейнелейді. Басқалары жаһандануды адамзаттың бірлікке барар жолда жүріп өткен қадамдары деп түсінеді. Үшіншілері жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестер деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана кездесіп отырған жоқ. Бүгінгі таңда неғұрлым пікірталас тудыратын мәселе - жаһанданудың шегі, оның қоғамның мәдени және саяси жүйелеріне әсері болып отыр. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты шиеленістіріп, жаһандық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа бір саясаттанушы Иммануил Валлерстайн жаһандық және жергілікті мәдениеттер арасында әмбебап пен жергілікті диалектика бар екендігіне назар аударады. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер кездеседі. Мысалы, У.Ганнерстің ойынша, гомогенизация сценарийі (мәдени бірегейлендіру), жағдай сценарийі - бөтен, ең алдымен батыс мәдениетінің қаптауы, “перифериялық сыбайластық” сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, сұхбат және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп-жетілу сценарийі” ықтимал. Алайда тұтас алғанда көп жағдайда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуы айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады. Кедергі болатын басқа бір жәйт – бұл жаһандық әлеуметтанудың зерттеу пәні не болуы мүмкін - жеке қоғамдар ма немесе жалпы адамзат қауымдастығы ма деген мәселе. Әлеуметтануда жаһандануды әрі феномен және әрі ұғым ретінде қарастыру - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады. Жаһандануды сынаушылар бұдан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен мәдениеттерге телу дегенді көреді. Үшінші әлем елдеріндегі жаңғыру процесін сараптау көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ үлгісі болып табылмайды. Ақырында, жаһандану әлеуметтану әдістерін өзгерте ме? Э.Тирикьяни сияқты қазіргі зерттеушілер әлеуметтанудағы классикалық әлеуметтану парадигмаларын кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен алмастыру қажет деп тұжырымдайды. Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті А.Мартинеллидің пайымдауынша, жаһандану технология, қаржы, ақпарат саласындағы жаһандық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің сақталып отырған бөлінуі арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа нысандарын талап етеді. Мартинелли қазіргі заманғы жаһандану процесін реттеудің үш негізгі перспективасын атайды: халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі олардың ынтымақтастық этносымен бірге; ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының түбегейлі республикалық рухы; мульти-азаматтықтың космополиттік жобасы. Жаһандық әлемді қазіргі әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу ерекшеліктерінің бірі - жаңғыру теориясынан (соңғы он жылдықтарда үстемдік еткен) бас тарту, салыстырмалы интернационалдық саяси экономияның жаңа мектебінің пайда болуы, өйткені ол салыстырмалы жаһандық әлеуметтік дүние құрылымы мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Салыстырмалытарихи әдіс елдерді, ұлттарды және басқа субъектілерді сараптауда ұқсас келеді. Жаһандық әлеуметтанудың алдында тұрған басты мәселелер - жаһандық әлеуметтік қатынастар сахнасында кімдер негізгі субъект болып табылады және осыған байланысты мемлекет пен оның құрылымдарының рөлі қандай деген сұрақтарға жауап іздеу. Жаһандық әлеуметтану сараптамасының тағы бір пәні - әлемдік нарық пен геосаяси құрылымдарды сараптау. Бұл жәйт қазіргі әлеуметтану еңбектерінде көбінесе жаһандық процестерді тауар алмасуы мен айналуына әкеліп тірегендігі үшін жиі сыналады. Жалпы жаһандану туралы пікірталастарды төрт пайымдауға шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік; академиялық; идеологиялық; және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын пайымдау. Аймақтық немесе өркениеттік пайымдауға, жаһандануға басты көңіл бөлінбейтін пайымдаулар жатады. Бұл жерде мынадай мәселе көтеріліп отыр: Үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке бірегей тұжырымдама жасау қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теорияшыларының өздері осы елдер ғалымдарының Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы тектес ұмтылыстарын жергілікті теориялар мен тұжырымдамалар деп белгілейді. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының әлеуметтану тұжырымдамаларында жаһандануға қарсы тұжырымдамалар жиі кездеседі. Мысалы, француз интеллектуалдары мен Германияның кейбір әлеуметтану мектептері жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Еуропа мен Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі жоғары. Академиялық пайымдауларда әдетте жаһандану белгілі бір ғылым шеңберінде қарастырылады, жаһандану сараптамасының ең жарқын мысалы оның экономика пәні шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес әдісті, экономикалық дамудың ерекше нұсқасын Иммануил Валлерстайн ұсынды. Жаһанданудың идеологиялық пайымдаулары әдетте оған қарсы шығудан немесе оны қолдаудан тұрады. Жаһандануды жақтаушылар оны капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы деп суреттейді. Жаһанданудың қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк немесе Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді. Қазақстанның әлеуметтану ғылымы үшін жаһандану теориясының маңыздылығы неде? Ең алдымен оның тәжірибелік маңызы бар. Жаңа заман әлеміндегі кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің мүмкін-діктері мен болашағын бағалау үшін әлем-жүйе сараптамасына бет бұру көп жағынан жемісті болып табылады. Бұл әдіс әлеуметтік өзгерістерді мемлекеттік деңгейде талдауға құрылған дәстүрлі теориядан артықшылығын осыдан ширек ғасыр бұрын көрсетті, бұл халықаралық ғана емес, кейбір ішкі “эндогенді” процестерді ұғынуды шектейді. Жаһандану теорияларының кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып көрейік. Жаһандану үдерісінің анықтамасы мен мазмұнына теориялық көзқарастар Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер жаһандану секілді үдерістермен сәйкестендіріліп қаралады. Бұл, бір жағынан, батыстың постиндустриалды елдерін әрі қарай озық дамуға жетелеп, екінші жағынан, дамушы елдердің жоғары қарқынмен өркендеуіне үлес қосатын объективті табиғи, әрі тарихи сипат алатын процесс. Жаһандану тұжырымдамалары әлеуметтік жүйе дамуының дәйектемелерін көрсете алады. И.Валлерстайн, Э.Гидденс, Р.Робертсон, П.Штомпка, М.Элброу секілді шетелдік зерттеушілер жаһандану мәніне ерекше ғылыми қызығушылықпен зерттеу жүргізген. Олардың жұмыстарында жаһандану адамзат дамуына тұрақты және пайдалы үдеріс ретінде көрсетіліп, оның оң нәтижелер әкеліп, әлемді біртұтастыққа жетелейтіндігі айтылады. Әлемнің жаһандық даму мәселелері ресейлік ғалымдар арасында кеңінен зерттелуде (А.Володин, А.Панарин, Н.Покровский, А.Уткин, Ю.Яковец, Р.Яновский). Олар жаһандануды ұнамды құбылыс ретінде қарап, жаһандық әлем дамуының мәселелерін қарастырады (А.Панарин, В.Рукавишников, Р.Яновский). Жаһанданудың мәнін анықтаумен қатар, ғалымдар оның спецификалық өзіндік өлшемдерін атап көрсетеді (Н.Покровский). Оң баға берумен қатар, жаһандануды елдер мен адамдар арасындағы үлкен теңсіздік тудыратын жағымсыз үдеріс ретінде де қарастырады (А.Левашова, Ф.Юрлов). Осы тұрғыдан қарағанда, жаһандану бірполюсті әлемді құрудың негізін салатын идея ретінде көрсетіледі (В.Иноземцев). Жаһанданудың ғылыми негізінің пайда болуы қырғи-қабақ соғысының аяқталуымен байланысты. Ол кезде әлемнің құрылымы жаңа халықаралық жүйе – жаһанданумен, яғни нарықтың, қаржының, технологияның интеграциясымен ауысқан болатын. Әйгілі американдық әлеуметтанушы Э.Гидденс жаһандануды XVIII ғасырдан бері Батыс Европа модернизациясына жүргізіліп келе жатқан тергеу екенін атап өтеді. Осы мәселемен айналысып келе жатқан ғалымдар арасында жалпы «жаһандану» терминінің анықтамасы туралы да (В.Иноземцев, Р.Робертсон, В.Рукавишников, Ф.Юрлов), бұл процестің дұрыс не бұрыс екендігі туралы да бірде-бір пікір айтылмаған. Солай бола тұрса да, жаһандануды қиын да қайшылықты үдеріс ретінде санап, ешқандай күдік тудырмайтын құбылыс ретінде қарастырады (Э.Гидденс, А.Ковалев, Н.Косолапов, А.Панарин, Р.Робертсон, В.Яновский). Жаһандану үдерісінің пайда болуы жөнінде өткір ғылыми пікірталас туындаған болатын. Тарихшылар (Ф.Бродель) жаһандануға капитализмнің көп ғасырлар бойғы дамуыңың бір кезеңі деген сипаттама береді. Экономистер (П.Друкер, Т.Левитт, К.Оме) жаһандану процесінің қаржылық нарықтың трансмемлекеттенген кезінен басталғанын айтады. Саясаттанушылар (С.Хантингтон, Г.Шуман) жаһанданудың пайда болуын бүкіл әлемдегі демократиялық ұстанымдар мен институттардың таралуымен байланыстырады. Мәдениеттанушылар (П.Бергер) оны мәдениеттің әмбебаптануы мен батыстануынан, өмір сүру стилі, мінез-құлық формаларының белгілі бір қалыпқа келуімен, яғни Батыс елдерінің басқа елдерге ықпал етуінің басталуымен түсіндіреді. Әлеуметтанушылар (Э.Гидденс, Д.Мелоуз) жаһанданудың басталуы Батыстың ықпалы артуымен байланысты екенін құптайды. Біздің ойымызша, жаһанданудың дамуына индустриалды қоғам дамуынан постиндустриалдыққа өткен Батыс дамыған елдері түрткі болды. Көріп отырғанымыздай, жаһандану үдерісінің басталу мерзімі туралы біржақты пікірдің болмауы сол ұғымды әртүрлі тұрғыда қарастырудың әсерінен болып отыр. В.Л.Иноземцевтің байқауынша, ХХ ғасырдың 60-жылдарsyың соңында эпизодты түрде қолданыла бастаған «жаһандану» термині 1981 ж. алғаш рет американдық әлеуметтанушы Дж.Маклиннің бастамасымен концептуалды құрылымдардың арасына қосылған болатын. Дж.Маклин «әлеуметтік қатынастар жаһандануының күшеюінің тарихи үдерісін танып, оған түсініктемеге беруге» шақырған болатын. 80-жылдардың ортасында жаһандану тұжырымдамасы кең таралғандығы сонша, М.Уотерс «80- жылдардың мәні постмодернизм болса, 90-жылдардың басты идеясы адамзаттың үшінші мыңжылдыққа өтуі ретінде түсінілетін жаһандану процесі болуы мүмкін» деген пікір айтады. Бұл кезеңде, сонымен қатар, теорияның негізгі терминологиялық аспектілерін Р.Робертсон дамытқан болатын. Жаһандану теориясының классификациясын жасай отырып, оны іс жүзінде ағынды үдеріс ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда жаһандануды қолданыстағы әлеуметтік теориялар көмегімен түсіндріу мүмкіндігі туралы айтыс туындап келеді. Ғалымдар арасында жаһанданудың онтологиялық мәнін әлеуметтік өзгерістер мен дамулардың бұрынғы үлгіеріне қатысты сипаттауға талпыну жиі кездеседі. Логикалық ғылымды классикалық және классикалық емес әлеуметтануға бөлу тұрғысынан қарайтын болсақ, жаһанданудың бірнеше түсіндірмесін бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде, модернизацияның бір түрі ретіндегі глобализация (Р.Робертсон, М.Фезерстоун, Дж.Ритцер, Ф.Фухуяма, С.Хантингтон); модернизацияның жалғасы ретіндегі глобализация (Э.Гидденс, У.Бек, Ю.Хабермас); модернизациядан кейін келетін әлеуметтік жүйенің жаңа даму кезеңі (Я.Питерс, Д.Иванов). Я.Питерс жаһандану түсінігі парадигмасының өзіндік типологиясын ұсына отырып, негізі ретінде әлеуметтік өзара байланыстың мазмұнды белгісін, іс-әрекеттің нақты әдісін және қазіргі әлемдегі өмір сүру салтын алады. Бұл, ғалымның ойынша, біріншіден, «Өркениет қақтығысы» - әлем фрагментациясы мәдениеттік жіктелуде тамырланған (бірінші кезекте, нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерде) өркениеттік айырмашылықтардың әсерінен сөзсіз өмір сүреді; екіншіден, «Макдоналъдизация» - трансұлттық одақ көмегімен мәдениеттік гомогендену модернизация (батыстану, европалану, америкалану) астында өмір сүреді; үшіншіден, «Гибридтену» - өзара баюға, сонымен қатар мәдениеттік дәстүрлердің пайда болуына бастайтын мәдениет аралық өзара қатынастарының кең спектрі. Оның ойынша, барлық қазіргі заманғы мемлекеттер жаһандану үдерісіне тартылады. Ұйым стандарты ретінде қазіргі ұлттық мемлекет жаһандану формасының үлгісі ретінде көрінеді. Әлем егемен, аймақтық бірліктерге бөлшектелген және бөлінген және олар өздері бірегей құрылған әлемнің бір бөлігін құрайды. Егемен мемлекет дегеніміз – әлемдік экономикалық үдерістің қазіргі бейнелері және әлеуметтік құндылықтардың сақтаушылары. Алайда олардың жаһандану процесіндегі орындары біркелкі емес. Кейбір мемлекеттердің қуаты жаһандану арқасында өсіп келе жатса, керісінше кейбір елдерге бұл әлсіретуші фактор ретінде көрінеді. Тағы бір жаһандану теориясының классификациясын Н.Покровский ұсынады. Ол глобализацияның сызықтық моделін; И.Валлерстайнның «әлемжүйелік» моделін; жаһандық мәдениеттің моделін (У.Фезерстоун, Дж.Ритцер); жаһандық қоғамның моделін (Р.Арон, Э.Гидденс); жаһандық жүйенің моделін (Л.Склэр) атап өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет