Сабақ тақырыбы Әлібек әдепті бала Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі259,92 Kb.
#119050
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1 3-сабақ. Әлібек - әдепті бала. ҚМЖ

Бағалау критерийлері

- тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- тыңдаған мәтінді сюжеттің даму желісі бойынша мазмұндайды;
- жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.

Лексикалық минимум

Әдепті/әдепсіз, мінез.

Грамматикалық минимум

Септік жалғаулары
Әлібек пен Марат кино (-ге, -қа, -ға) барды.

Құндылықтарды дарыту

Әдептілікке, үлкендерді сыйлауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім



ІІ бөлім. «Жаман» деген немене? № 2

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)



Ертеңгілік шеңбер. «Жүректен-жүрекке»
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.


(Ұ) Үй тaпcырмcы «Бәйге» ойыны aрқылы тексеріледі.
Әр ұпаймен белгіленген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.


Сабақ мақсаттарымен таныстыру.
- тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;
- тыңдаған мәтінді сюжеттің даму желісі бойынша мазмұндаймын;
- жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазамын.


Таныстырылым № 1



Таныстырылым № 2
Таныстырылым № 3-4



Сабақтың ортасы



(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Әдепті/әдепсіз, мінез.
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы түсіндіру.
Әдепті – инабатты, әдепсіз – тәртіпсіз, мінез – құлық.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Анама көмектесемін, ыдысты сындырып алды, сынған ыдыс
4. Сөйлемдер құрастыру.
Бүгін мен анама көмектесемін. Әли ыдысты сындырып алды. Ол сынған ыдысты жинады.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.


Тыңдалым алды тапсырмасы. Оқушылар түстер арқылы 3 топқа бөлінеді.
(Т) «Әдепті» деген сөзді топтастырады.

Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өз ой-пікірлерімен толықтырады.
Кері байланыс:
Тапсырманы орындауда не қиын болды?


Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
(Ұ) Оқушылар тақырыпқа қатысты аудиоматериалды 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі: (жарлы адам, басын иіп сәлем беру, сәлемдесу, үйренбеген, лайық/лайық емес)
«Әдептілік»
Бір күні ғалым мен бай сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, ғалымға басын иіп сәлем береді. 
Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі. 
Қасындағы бай: 
- Тақсыр, біліміңіз бар ғалымсыз. Жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. 
Сонда ғалым: 
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен. 
Ы. Алтынсарин 
(Т) Мәтін бойынша «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы деңгейлеріне қарай сұрақтарға жауап береді



Қызыл шарлар



Жасыл шарлар:



- Не себепті бай ғалымның әрекетін түсінбеді?
- Неліктен ғалым төмен иіліп сәлем берді?
- Бұл әңгіме бойынша қандай пікір айтасыңдар? 

- Әңгімедегі кейіпкерлері ата.
- Жарлы адам не істеді?
- Ғалым қалай сәлем берді?
- Ғалым байдың сұрағына не деп жауап берді?



Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
(Ж) Оқушылар тыңдаған материалды естеріне түсіріп,
«Шын-Жалған» атты кестені толтырады.



Сөйлемдер

Шын

Жалған

Бір күні ғалым мен жарлы адам сөйлесіп тұрады.




-

Жарлы адам ғалымға басын иіп сәлем береді

+




Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі. 

+




Ғалым жарлы адамға әдепсіздік көрсетті




-



Дескриптор:

  • Ақпараттың шын/жалған екенін ажырата алады.

  • Өз пікірін дәлелдей алады.

Кері байланыс: Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?»


Сергіту сәті.
Қолды алға созайық,
Қайшы кескен болайық.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
Енді еркін тыныстап
Демалайық дұрыстап.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
(Т) 2-3 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқиды.
Әлібек пен Марат киноға барады. Үйлеріне автобуспен қайтты. Келесі аялдамадан автобусқа әжей мінді. Марат орын бермеді. Әлібек орнынан тұрып:
- Әже, мына жерге отырыңыз! – деді.
Әжей Әлібекке:
- Өркенің өссің, балам! Әдепті бала екенсің! – деп, алғыс айтты.
«Əріптестер» әдісі. Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындайды, жұптасып өз нұсқаларын айтады.
Сұрақтары:
1. Әлібек пен Марат қайда барды?
2. Автобусқа кім мінді?
3. Марат не істеді?
4. Әлібек не істеді?
5. Әжей не деді?
Кері байланыс: Тапсырманы орындау қиын болды ма?
Не қиын болды?


(Ө) Грамматикалық қоржын. Тиісті қосымшаларды жалғап жазады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады.
Әлібек пен Марат кино (-ге, қа, -ға) барды. Олар автобус (-мен, -бен, пен) қайтты. Аялдама (-тен, -дан, -нан) әжей мінді. Әлібек әжей (-ға, -ке, -ге) орын берді.


(Т) 6-тапсырма. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.
Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.
Жағдаят: Көшеде ауыр сөмкесі бар әжей кетіп бара жатыр. Оны бір бала қағып кетті де әжейдің сөмкесіндегі заттары шашылып қалды. Сен не істейсің? Балаға не дейсің?
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.


Таныстырылым № 5
Орфографиялық сөздік
http://emle.kz/uploads/files/7897c672483778e6da555373be5d1099.pdf
Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7


Адами құндылықтар
https://www.youtube.com/watch?v=cde5ttk0xGE
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
https://www.youtube.com/watch?v=8ElSMik2Q_U

Үлгілі оқиға.


https://www.youtube.com/watch?v=ErlFl1PoGuw
Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9


Таныстырылым № 10


Таныстырылым № 11




Сабақтың соңы

Рефлексия:
«Чемодандар»
Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайды. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.
Үй жұмысы:
44 бет, № 5-тапсырма. Жазбаша.

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет