2-кезең. Операциялық - орындаушылық кезең. (Жаттығулар орындау)
Поэзия минуты.
Оқушылар А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін жатқа айтады.
Сәйкестендіру тесті.
Екі бағанда дара, мағынасы, мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келетін сөздер беріледі. Оқушылар сәйкес сөздерді сызықпен қосады.
Топтастыру стратегиясы.
Оқушылар А.Байтұрсынов кім? деген сұраққа жауап жазады. (ақын, мұғалім, ғалым, аудармашы).
Полиглот. Оқушылар берілген сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.
ғалым- ...
мұғалім- ...
аудармашы- ...
ақын- ...
Блок тапсырма. «АС» картасы.
Екі бағанға сөздер жазылады, оқушылар сөздерді оқып, есте сақтаулары қажет. «Күн мен түн» ойынын ойнау арқылы оқушылар көздерін жұмған кезде екі блоктан да бірнеше сөздер алынып тасталынады. Оқушылар жоғалған сөздерді орнына қойып жазады.
оқулық Торғай
өлең Орынбор
әліппе Қарқаралы
аударма Байтұрсын
мақала Ахмет
«Мақал – сөздің мәйегі». Оқушыларға тақтада жазылған бірнеше мақалдың ішінен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын айшықтайтын мақалды тауып, оқып беру тапсырылады.
Ой түйіндеу. Бүгінгі өтілген тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
Достарыңызбен бөлісу: |