Сабақ тақырыбы Энергетикалық деңгейлер. Лабораториялық жұмыс №1 «Атомдардың модельдерін жасау»



Дата10.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#78786
түріСабақ
Байланысты:
2 СЖ Н1 Химия 8 Энергетикалық деңгейлер


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А Атомда электрондардың орналасуы

Мектеп:




Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып:




Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Энергетикалық деңгейлер. Лабораториялық жұмыс №1 «Атомдардың модельдерін жасау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- әрбір электрон қабатындағы электрон сандары белгілі максимал мәннен аспайтындығын түсіну.

-s және p орбитальдарының формасын білу;

- алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын жаза білу.


Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді

-атом құрылысын білу және электрон санын дұрыс көрсетеді;

-периодтық кестедегі ақпаратты пайдалана алады.



Оқушылардың көбісі үйренеді:

-5-6 элемент атомының электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын дұрыс құрастырады;

-3-4 атом модельдерінің схемасын құрастыра алады.



Кейбір оқушылар үйренеді:

-атом модельдерін біле отырып, элемент атомын анықтай алады.

Бағалау

критерийлері

-ұсынылған атомдар үлгілерінің сызбаларын дұрыс салады және дұрыс көрсетеді;

-бейнеленген әр деңгейдегі толық (максимальды) орналасқан электрон сандарын кесте арқылы толтырады;

- атом құрылысын білу және электрон санын дұрыс көрсетеді;

-периодтық кестедегі ақпаратты пайдалана алады;

-5-6 элемент атомының электрондық конфигурациясын дұрыс құрастырады;

-3-4 атом модельдерінің схемасын құрастыра алады;



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- атомды ауызша сипаттау және энергетикалық деңгейлерге сәйкес ядро айналасында электрондардың таралуы үшін арнайы лексиканы пайдаланады



Пәнге қатысты лексика мен терминология

атом, электрондық қабат, энергетикалық деңгей, жүйелік, топ, қашықтық

жуық, барынша алшақ, ішкі, сыртқы орбиталь (s, p), ядро,

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл атом ядросы, ал бұл электрон.

Электрондар әр түрлі энергияға ие және энергияларына сәйкес белгілі қабаттарда таралған.

Электрондар қабаты атом ядросынан жақын/алыс орналасқан

Қай электронда энергия көп/аз?


Құндылықтар

- Сыйластық (бір-бірінің ойын айту кезінде)

- Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында)

- Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру)


Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Презентация/бейнебаяндар

Өмірмен байланыс

Күнделікті пайдаланылатын материалдардан «Атом моделін» құрастыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім

7.4А Атом құрылысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин


Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу!

Оқу және сабақ мақсаттарымен танысу



Презентация


Сабақтың ортасы

3-13 мин

14-24 мин

25-37 мин



Алдыңғы сабақты маңыздылау.

Кестелерді толтыру (жеке жұмыс):

1-нұсқа 2-нұсқа

Өзара бағалау.

Бағалау критерийлері бойынша (слайд):

-атом құрылысын біледі, электрон, нейтрон, протон(кем дегенде 4 элементтің) санын дұрыс анықтайды;

-периодтық кестедегі ақпаратты пайдалана алады.


Жауаптары:


Тапсырма 2. Алғашқы 20 элементтің атомдарында электрондардың орналасуын суреттеу. Мұғалім тақтада бір атомның электрондарының орналасуын көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыстарды орындау



Қосымша 1

Тақтамен жұмыс

Қосымша 2

Қосымша 3



Сабақтың соңы

38-40 мин



Рефлексия. Кері байланыс.






Сабақтың басы

0-2 мин


Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу!

Сабақтың мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру





Сабақтың ортасы

3-8 мин


9-21 мин

22-37 мин



Фронтальды сұрау: (интернет сайты бойынша)

  1. «Энергетикалық деңгей» ұғымын қалай түсіндіресіз?

  2. Энергетикалық деңгейлердегі максимал элекрон сандары болуы немен байланысты?

  3. Элементтердің s-, p-элементтері болып жіктелуі немен байланысты?

Оқушылардың электрондық конфигурациясысын жазу дағдысымен жұмыс жасау

Si, Cl, Na, Mg, Ca
Кейбір оқушылар тапсырмаларды тез орындаған жағдайда, мұғалім таңдауға элементтерді ұсынады.
Презентациямен жұмыс. Оқушыларға s және p орбитальдарының формасын көрсетіп, дәптеріне жазып алу;
Лабораториялық жұмыс №1 Атомдардың модельдерін дайындау

Оқу мақсаты:

- бірінші 20 элементтің электрондар санын атай білу;

- меңгерілген білімдерді электрондардың электрондық қабаттарда орналасуының модельдерін салу үшін қолдану.


http://www.xumuk.ru/esa/

Презентация


Лабораториялық жұмыс №1

Сабақтың соңы

39-40 мин



Рефлексия. Кері байланыс.





Үй жұмысы

Оқушылар микро-топтарға (3-4 оқушыдан) бөлініп, күнделікті пайдаланылатын материалдардан «Атом моделін» құрастырады. Шарт: негізгі идея химиялық және физикалық мәліметтермен байланысты болмай, тұрмыстық ақпаратты қамтуы қажет.

Бағалау критерийлері:

- креативтік;

-мазмұны;

-эстетикалық;

-көркемдік мотиві.



Презентация


Үй жұмысы

Теориялық материалды қайталау.




Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

атом құрылысын білу және электрон санын дұрыс көрсетеді;

-периодтық кестедегі ақпаратты пайдалана алады.

Көбісі:

-5-6 элемент атомының электрондық конфигурациясын және графиктік формуласын дұрыс құрастырады;

-3-4 атом модельдерінің схемасын құрастыра алады.

Кейбіреулері:

-атом модельдерін біле отырып, элемент атомын анықтай алады.








Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет