Сабақ Тақырыбы: «Ер есімі -ел есіңде»Оразалы Досбосынұлы Сыныбы: 6 -сынып Мақсаты



бет1/4
Дата22.10.2023
өлшемі21,9 Kb.
#187447
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Оразылы


Таным сабақ
Тақырыбы: «Ер есімі –ел есіңде»Оразалы Досбосынұлы
Сыныбы: 6 -сынып
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ ақыны Оразалы Досбосынұлы таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ақын суреті, слайдтар , үнтаспа, бейне баян .


Ұйымдастыру кезені:
1.Кіріспе бөлім:
Айтыс өнері туралы түсінік беру
2.Негізгі бөлім:
Оқушыларға қазақ ақыны Оразалы Досбосынұлы таныстыру.
Оқушылардың айтысы.
3.Қортынды:
Оқушылардың арнаулары:
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіздерме оқушылар бүгінгі «Ер есімі –ел есіңде»Оразалы Досбосынұлы арналған таным сағатқа қош келдіңіздер.
Кіріспе бөлім:
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – айтыс өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі айтыс өнері – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Айтыс өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген.
Айтыс өнері - сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды. Бұлар – "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Айтыс өнері — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер туындысы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет