Сабақ тақырыбы Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс



Дата16.02.2020
өлшемі169,04 Kb.
#58184
түріСабақ
Байланысты:
9 сынып Резонанс Сабақ жоспары Байсеитова С.Ш.

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3B бөлім – Тербелістер


Күні:

Сынып: 9

Мектеп: ФМБ НЗМ Семей қаласы
Мұғалімнің аты –жөні:
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау;

9.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау



Сабақ мақсаттары

Еркін және еріксіз тербеліске сипаттама беру. Резонанс құбылысын түсіндіру; резонанстың пайдасы мен зиянына мысал келтіру.

Бағалау критерийлері

Еркін және еріксіз тербелістерге сипаттама береді

Резонанс құбылысының сипаттамасын сапалы түсіндіреді;

Резонанстың техникадағы және тұрмыстағы қолданылысын түсіндіреді;

Құбылысты тәжірибе жүзінде бақылап, резонатор құралын қолдана алады (мысалы, камертон);

Резонанстың пайдасы мен зияны туралы түсіндіреді


Күтілетін нәтиже:


Еркін және еріксіз тербелістерге анықтама береді, оларға мысалдар келтіреді

Еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттайды

Резонанс құбылысын сипаттайды


Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология тербеліс, еркін, еріксіз тербелістер, резонанс

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері 

Тербелістердің амплитудасы күрт артады…

Егер үйкеліс күштері үлкен болатын болса…резонанс әлсіз білінеді.

Амплитуданың артқанда ... та артады. Бос келе жатқан жүк автомобилінде шоқалақ жолмен жүргенде резонанс ... байқалады. Жүк тиелген автомобильде шоқалақ жолмен жүргенде резонанс ... байқалады.



Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында ешкімнің көмегінсіз, өз бетімен орындауы)

  • Оқушылардың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Өмір бойы білім алу құндылығын қалыптастыру үшін қайталау оқу анасы екендігін естеріне түсіріп, үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығына тоқталу

  • Оқушылар арасында жұптық, топтық жұмыстар орындау барысында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Математика (график), музыка (акустикалық резонанс), тарих (зиянды резонанс көріністері – көпірлердің қирауы)

АКТ қолдану дағдылары

Еріксіз тербелістер, Резонанс

https://www.youtube.com/watch?v=Cp_gBbsk3us



Такома көпірінің қирау видеосы:

http://www.youtube.com/watch?v=ASd0t3n8Bnc&list=PL7FC90911A89C6D7F&index=2&feature=plpp_video

немесе

http://www.youtube.com/watch?v=j-zczJXSxnw



Шарапқа арналған бокал резонансы бойынша бейнеролик:

http://www.youtube.com/watch?v=BE827gwnnk4&safe=active



Бастапқы білім

Математикалық және серіппелі маятник


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру – сыныптағы оқушыларды түгендеу; бүгінгі сабақтың барысы – жоспарымен, орындалатын іс-әрекеттермен таныстыру

Осы тақырыптың алдында өтілген материалдарды пысықтау, үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында оқушылармен жұптық жұмыс орындау.


Серіппелі маятниктің қозғалысы кезінде энергияның түрленуін қарастырыңыздар. Кестеде келтірілген шамалар қалай өзгеретіндігіне қарай оны толтырыңыздар. Төмендегі белгілерді қолданыңыздар


Нүкте

Серпімділік және ауырлық күшінің тең әрекет күші

Жылдамдық

Потенциалдық энергия

Кинетикалық энергия














































































max

↑↑

↓↓

0

Кестенің толтырылуын тексеру – бағалау – әр жұптағы оқушылар өз жұмыстарын келесі жұпқа бередді, бірін-бірі тексереді, мұғалімнің ұсынған жауаптарымен салыстырады. Бірін-бірі – өзара және өзін –өзі бағалау жүзеге асырылады.


Таратпа материал – кестені толтыру





Сабақтың ортасы

Келесі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Мұғалім тербелістің екі түрімен таныстырылады.

  • Еркін тербелістер

  • Еріксіз тербелістер

Оқушылар осы екі түріне мысалдар келтіреді.

  • Қандай тербелістерді өшетін тербелістер деп атайды?

  • Өшетін тербелістердің бар болуының себептерін атаңыздар.

Демонстрациялық тәжірибе көрсету. Резонанс құбылысын Бартон маятнигі арқылы демонстрациялау. Төмендегі суретте көрсетілгендей тербелмелі жүйені құрастырыңыз. Жүргізуші маятник – ұзындығы 0,5 м темірден немесе басқадай металдан жасалады. Қалған маятниктердің ұзындықтарын 0,25 см-ден 0,75 см-ге дейін әр түрлі ұзындықта алу керек. Жетекші немесе жүргізуші маятникті тепе-теңдік қалпынан шығарып, тәжірибені осы қондыпғыны қырынан қарап тұрып бақылау керек. Сонда тербелістер, амплитудалары жақсы көрінеді.

Оқушыларға резонанс құбылысын анықтап көруді тапсырыңыз. Яғни, фазалық ығысуларды, тербелістердің амплитудаларының кемуін – тербелістің өшуін, тербелістің өшуіне не ықпал ететіндігін өте мұқият бақылаулары керек. Конустық маятниктердің қайсысы жетекші маятникпен резонансқа түседі? - деп сұраңыз.

Маятниктер әр түрлі амплитудамен тербеледі. Конустық маятниктердің ішінде жетекші маятникпен резонансқа жібінің ұзындығы жетекші маятникпен бірдей немесе шамалас маятник қана түседі. Сонымен қатар, резонансқа түскен маятниктің тербеліс фазасы жетекші маятниктің фазасына қарама-қарсы болады.

Резонанс құбылысында да энергияның сақталу заңы орындалады.

Міне, осы тәжірибеден мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталатын құбылысты көреміз.

Резонанс құбылысына сипаттама беретін видео көрсетіледі

https://www.youtube.com/watch?v=nQaJloZD-xY

Оқушылар видеоны екі- үш сөйлеммен қорытындылайды.

Резонанстың пайдалы және зиянды әсерлері туралы мағлұмат беріледі. Осыдан кейін резонанстың теріс және пайдалы әсерлері туралы видео көрсетіледі және талданады.

(Т/Ө) Оқушылар ғаламтордың және кітаптардың көмегімен резонансты пайдасы мен зиянын зерттей алады. Олар Такома қаласы арқылы бұғаз туралы видеоны көрген соң резонанс кездесетін басқа мысалдарды ұсынуы мүмкін, мысалы: машина айнасы немесе киім кешекке арналған центрдентепкіш кептіргіш машина, бір мотордағы бір жиілікте вибрацияланатын қозғалтқыш. Өшетін тербелістердің резонансқа ұшырау әсерін білу жер сілкінісі кезінде ғимараттарды зақымдалудан қорғау үшін пайдалы.

Оқушылар көрген видеоларды жұптарымен талдап оның пайдалы және теріс әсерлеріне бір-бір мысалдан келтіреді.



  1. Бекіту сұрақтары:

  2. Өшетін тербеліс, мысалдары

  3. Өшпейтін тербеліс, мысалдары

  4. Еркін тербелістің анықтамасы, мысал келтіріңіздер.

  5. Еріксіз тербелістің анықтамасы, мысал келтіріңіздер .

  6. Резонанс құбылысы деп қандай құбылысты айтады?

  7. Резонанс құбылысының өмірдегі көріністеріне мысалдар келтіріңіздер, құбылыс неліктен болатынын сипаттаңыздар.

  8. Резонанстың мысалдары: пайдасы, зиянына мысалдар келтіріңіздер.

Қалыптастырушы бағалау «Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс»

Керілген жіпке ілінген бірнеше конустық маятниктерден және жетекші маятниктен тұратын Бартон маятнигі моделі

http://practicalphysics.org/Barton-pendulums.html
Такома көпірінің құлау видеосы:

http://www.youtube.com/watch?v=ASd0t3n8Bnc&list=PL7FC90911A89C6D7F&index=2&feature=plpp_video

немесе

http://www.youtube.com/watch?v=j-zczJXSxnw


Бартон маятнигі-видео

https://www.youtube.com/watch?v=SS1kmiNFbgQ


Қосымша 1- қалыптастырушы бағалау парағы



Сабақтың соңы
Үйге тапсырма


Сабаққты қорытындылау.

Рефлексия

Кері байланыс беру.

Сөздерді жалғастырыңыз:

- Бүгінгі абақта мен ...

- Мен үшін ең қиын болғаны ...

- Енді мен білемін ..

- Маған .... туралы әлі де оқу керек

Оқулықтан §28 – оқуға; 23 жаттығу


«Жетістік сатысы» немесе «Жетістік көпірі» немесе «Жетістік ағашы»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мектеп құндылықтарын іске асыруға қандай мүмкіндіктер бар?











Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?



1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет