Маятниктердің түрлерімен таныстырып, олардың периодын, жиілігін анықтауды үйрету.
Мақсат:
1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятниктермен таныстырып, периодының формуласын қорытып шығару арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятниктермен таныстырып, периодының формуласын қорытып шығару арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
2. Дамытушылық: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін компьютерлік модельден бақылау арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуге тәрбиелеу.
Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық .
Маятник тербеліп тұрғанда жүк АВ доғасының бойымен Ғқ кері қайтарушы, яғни қорытқы күштің әрекетінен үдеумен қозғалады.Бұл күштің шамасы қозғалыс кезінде өзгеріп отырады. Дененің тұрақсыз күштің әрекетінен қозғалысын есептеу өте күрделі.
Сондықтан есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз.
Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т.
Конустық маятниктің айналу периоды жүк сызатын шеңбердің ұзындығын сызықтық жылдамдыққа бөлгенге тең:
Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең:
ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан:
ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан
Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:
немесе
Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:
Математикалық маятниктің жібінің ұзындығы мына өрнек арқылы
есептеледі:
болғандықтан, математикалық маятниктің жиілігін мына
өрнек арқылы шығара аламыз:
Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық.
Мұндай қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды.
Егер серіппе l ұзындыққа созылса немесе сығылса, онда денені тепе-теңдік күйіне қайтаратын Ғ күші туындайды. Ұзару шамасы азғантай болған кезде бұл күш серіппенің ұзаруына пропорционал болады, яғни Гук заңы бойынша:
Ньютонның 2-ші заңын пайдалансақ, дененің қозғалыс теңдеуін мына түрде жазуға болады:
бұдан,
Гармоникалық тербелістердің жиілігі 1с ішіндегі тербелістер санын көрсетсе, циклдік жиілік секундтағы тербелістер санына тең болады, яғни:
Олай болса, . Осы өрнекті қозғалыс теңдеуімен салыстыра отырып алатынымыз:
Бұдан . екенін ескерсек, серіппелі маятниктің
периоды мынаған тең болады:
Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тек жүк массасы мен серіппенің қатаңдығына тәуелді болады.
Серіппелі маятниктің жиілігін мына өрнек арқылы шығара аламыз:
Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда