10-сынып. Қазақ тілі.
5-тақырып. Қалай сәнді киінуге болады?
4-сабақ.18.10.16ж
Сабақ тақырыбы:
|
Еркін киінемін.
|
Білімділік
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
|
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқушыларды сән әлемі жайлы ақпарат бере білуге машықтандыру.
Лексикалық тақырып аясында суреттеу үлгілерімен таныстыру.
Тілдесім әрекеті негізінде оқушылардың қазақша тілін дамыту. Тілдік қарым-қатынас барысында өзара қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
|
Сабақ түрі
|
Аралас сабақ
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): сән әлемі жайлы айта біледі, қалай сәнді киінуге болатынын түсіндіреді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): соңғы сән үлгілері жайында ақпарат береді, сөйлемдер арқылы қандай киім киетінін сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): сыныптастарымен тақырып аясында тілдесе алады, сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
|
Негізгі түсініктер:
|
Талғам, кестесіз, сызықтары, биік өкшелі, еркін, соңғы (сән үлгісі), сыпайы (киіну), қарапайым, жарасымды және т.б.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Сәнді үкім» телебағдарламасының бейнебаяны, «Сымбат» сән академиясының альбомдары, буклеттері, смайликтер.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, жағдаяттық тапсырма, «Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі «Жеке әңгіме» техникасы, ойсергек.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті. Өзін-өзі тану.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан «Сәнді үкім» телебағдарламасының бейнебаянының қазақша түсірілімін көрсетеді, сұрақтар қояды: – Балалар, сендер сәнді киінгенді ұнатасыңдар ма? Сән әлемі жайлы қандай ақпарат бере аласыңдар? Соңғы сән үлгілерін сипаттап беріңдерші.
|
Бейнебаянды көреді, сұрақтарға жауап береді, сипаттайды.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс.
А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, спорттық киімдерді сипаттайды, мәтін құрайды, киім туралы мақал айтады, мағынасын түсіндіреді.
|
|
3. Грамматика.
Суреттеу ұғымымен таныстырады.
|
Суреттеумен танысады.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
4. Мәтінмен жұмыс.
А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
В) Оқылым. Жазылым. Айтылым.
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Г) Жазылым. Оқылым. Айтылым.
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
Оқылым. Жазылым. Айтылым.
Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді, сұрақтарға жауап береді.
Жазылым. Оқылым. Тілдесім. Мәтін құрастырады, сөйлем құрайды.
|
|
5. Ойсергек. «Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі бойынша ойсергек ұйымдастырады. Оқушылардың әрқайсысына бір-бір сөзден ойлауларын тапсырады, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді тақтаға жазғызады
(жалпы саны 15-20 сөздей болу керек) .
|
Сөздерді тақтаға жазады, шағын топқа бөлініп осы сөздермен тақырыпқа қатысты ауызша әңгіме құрастырады.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
IV. Бекіту
|
Мәтінсоңы жұмыс. Тілдесім. Жазылым. Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін дамыту үшін 9, 10-тапсырманы орындатады.
|
Тілдесім. Жазылым. Айтылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды, сатып алған киімдерді сипаттайды, мамандық иелерінің киім кию үлгісі жайлы жазады, диалог құрады, эссе жазады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Екі жұлдыз,бір тілек» техникасы бойынша бағаланады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
8-тапсырма. –бет.
|
|
VII. Рефлексия
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |