|
3 мин
2 мин
10 мин
7 мин
15 мин
5 мин
3 мин
|
І.Қызығушылықты ояту
ІІ.Топқа бөлу
Балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күнге сәттілік тілеу. Сабақтың қызықты, мазмұнды өтуі үшін қызығушылықты ояту мақсатында “Ертегілер ” кейіпкерлерінің аты жазылған кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлу.
Ертегі деген бір әлем,
Қиялың қанат қағатын.
Ертегі деген бір әлем,
Арманның өзін табатын, -дей отырып бүгін біз «Ертегілер» тарауы бойынша алған білімімізді толықтырып, пысықтайтын боламыз.
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл.
Үй тапсырмасын сұрау
1.Тазша балаға хат жазу
2.Өтірік әңгіме құрастыру
3.Өтірік өлең құрастыру
4. «Қырық өтірік» ертегісінің желісі бойынша диафильм құрастыру
Ертегілер тарауын пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру
І топ оқушыларына арналған конверт.
1.«Аяз би» ертегісінде Барсакелместегі інжілі қой ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты? Бір түгі — алтын,бір түгі – күміс,сойса терісі адамға тон.Соның терісінен үстіме киім тігіп кигім келеді,-дейді
2.«Ер Төстік» ертегісіндегі Кежекейді жар басындағы лашыққа шақырған кім?
3. «Қырық өтірік» ертегісінен тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады?
ІІ топ оқушыларына арналған конверт
1.«Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар береді және ол заттарды Жаман не істеді?
2. «Ер Төстік» ертегісіндегі ырымы жаман жер (Сорқұдық)
3. Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің?
Топтық жұмыс
І топ оқушыларына арналған тапсырма
Шығарма мазмұнына сай құрылған жоспар тарауларын дұрыс орналастыру.
ІІ топ оқушыларына арналған тапсырмалар
Сәйкестендіру
Ханның Жаманды сағынуы
|
Жақсы ісіңнің артында сауабы бар, Зұлымдықтың артында жауабы бар
|
Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы
|
Ескі дос естен кетпес
|
Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы
|
Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұятқа
|
Хан тағына отырған Жаман
|
Сертке берік бол, Досыңа серік бол
|
Жаманның сертке берік болуы
|
Алдыңа келсе атаңның құнын кеш
|
Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы
|
Ащы менен тұщыны татқан білер. Алыс пен жақынды жортқан білер
|
Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі
|
Есірген хан елді ермек етер
|
40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы
|
Ақыл – елдің қорғаны
|
Ханның Жаманды уәзір етуі
|
Арсыз адам жала жауып аздырады, Ақылды адам жол тауып оздырады
|
Меңдінің Жаманды таңдауы
|
Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара
|
ІІІ топ оқушыларына арналған тапсырмалар
Ассосация
1.Үшеуі жүріп келеді. Алдарынан құлағын жерге төсеп, тың тыңдап жүрген бір адам көрінеді.
2.– Матаулы қалың түйеден,
Таңдап та алған, Құба інген,
Артайын деп ер қосын,
Арнап та алған, Құба інген.
3. – Жаным алыста, өзіммен бірге сақтамаймын. Борықбұлақтың басында қырық елік жүреді. Соның ішінде қайқы қаракер елік бар, қайқы қаракер еліктің ішінде тоғыз қара сандық бар. Сол сандықтың ең кішісінің ішінде тоғыз балапан бар, сол тоғызы менің жаным болады.
1.«Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін еді
2. «Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі мына гауһар тастай жарып мені алады...»
3.– Қырғауылдың жүні жоқ болса да, қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын адал құс еді. Біреудің сиықсыз болуы – тәңірдің ісі. Қырғауылдың айыбы – тек сиықсыздығы.
|