Ашық сабақ тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Мақсаты:Арт-терапия бағытының ертегі терапиясы арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.Ертегіні кейіпкерлендіре отырып тіл байлықтарын арттыру,әр-түрлі мінез-құлықтарды ажырата білуге үйрету.Әр түрлі тапсырмалар арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Ертегі суреттері,слайд т.б.: П:Саламатсыздарма балалар. Көңіл-күйлерің қалай?
Амандасу рәсімі: «Ақбота» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласымыз.
Алдыменен қонақпен,
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
П: -Жарайсыңдар,енді кәнеки балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері: “Сиқырлы гүл”
П: -Өте тамаша, осындай көңіл күймен “Ертегілер еліне саяхат” атты сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
-Балалар сендерге саяхатқа шыққан ұнайды ма? Жалпы қандай ертегілерді білесіңдер? Ертегі бізге нені үйретеді? (Жақсылық мен жамандықты ажыратуға)
-Дұрыс айтасыңдар.Ертегіде жақсы,қайырымды,еңбекқор кейіпкерлер жеңіске жетеді.
Ал біреуге жамандық жасайтын адамдар жеңіліп қалады.
-Балалар,бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Саяхатқа бару үшін көзімізді жұмып, 3 ке дейін санаймыз
Ал ендеше саяхатымызға аттанайық ...
Мінекей балалар біз ертегілер еліне келдік. Қараңдаршы айнала сондай тамаша.
Мыстан кемпір: -Менің сыпыртқым мында екен ғой,мұнда не болып жатыр,-деп осы кезде ішке мыстан кемпір келеді.
-Тимеңдер,неғып жүрген балаларсыңдар,неге менің мазамды аласыңдар? П:-Әжетай,бұл балалар өте жақсы балалар.Біз ертегілер еліне саяхатқа келдік.
Мыстан кемпір: -Саяхатқа дейсіздерме? Олай болса балақайлар, алдымен менің сендерге арналған тапсырмаларым бар.
П:-Жарайды,біздің балалар жауап беруге дайын.
Солай ма балалар?
Мыстан кемпір: -Мен мына сыпырғышымды жерге 3 рет ұрғанда сиқырлы қобдиша пайда болады... Қобдишаның ішінде тапсырмалар берілген.
-Кәне барлығың бірге үшке дейін санаңдар. 1, 2,3...
(қобдиша пайда болады)
П: -Ой,әже міне керемет. Нағыз сиқырлы ертегі елі деп осыны айт.
-Ендеше алғашқы тапсырманы орындайық.
1-тапсырма бірнеше жұмбақтарымның шешуін тауып көріндер.
1-ші: Жұмбақ
Үйін жинап ертеңмен,
Миіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты. Бұл қай ертегі? (Мақта қыз )
2-ші:
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта аламады.
Бұл қай ертегі? (Шалқан)
3-ші: Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп бір азаңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі? (Бауырсақ)
Мыстан кемпір:1-ші тапсырманы жақсы орындадыңдар.Енді екінші тапсырманы қалай орындайды екенсіңдер соны көрейін.
2-тапсырма: Ертегі кейіпкерлерінің суретін ретімен қою. (1 сурет құрастыру,2 сурет ретімен қою, 3 сурет сызбамен көрсету)
П: - Жарайсыңдар балалар, келесі тапсырманы көрейік.
Мыстан кемпір: Жарайсыңдар балалар. Өте ақылды екенсіңдер.
П: - Ия, әжетай біздің балалар өте жақсы. Ендеше қазір біздің балалармен бірге психологиялық жаттығу жасайық.
«Болады, болмайды» жаттығуы. Барысы: Психолог сөздер айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса – онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді – алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын топылдатады.Қасқыр сәбіз жеп отыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді.
П: -Жарайсыңдар,өтетамаша.
Мыстан кемпір: - Балалар соңғы тапсырманы өзім айтам,менің де сендер сияқты әдемі болғым келеді.
Шығармашылық жұмыс:
-Балалар,әжейге моншақ жасап берейік. Ол үшін 2-ге бөлініп алдарыңдағы түрлі түсті макаронды жіпке өткізіп, моншақ жасаймыз.
Балалардың жұмысына баға беру.
П: Әжей,балалардың сыйлықтары ұнады ма?
Мыстан кемпір: -Иә,ұнаған да қандай.Мен сендерге ризамын,жақсы,білімді балалар екен. Маған бәрі қатты ұнады. Сендерге көп рахмет балалар.
П: - Сізге рахмет әжетай. Енді бізге өз тобымызға қайтуымыз керек. Солай ма балалар? Қоштасатын сәт те келіп жетті.
Мыстан кемпір: Ендеше балалар келесі кездескеншке сау болыңыздар. Қазір сендер көздеріңді жұмып 3 ке дейін санаңдар...
Рефлексия:
П: -Балалар,біз қандай саяхатқа бардық?
-Біз онда кімді кездестірдік?
-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
- Жарайсыңдар балалар, осымен біздің бүгінгі «Ертегілер еліне» саяхатымыз аяқталды. Сабаққа жақсы қатысып, ойын ойнап, тапсырмаларды орындап, жақсы айткандарың үшін сендерге балалар рахмет.
- Ал, енді қонақтармен қоштасайық.
- Сау болыңыздар!