Мұғалімнің іс-әрекеті
Географиялық диктант арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1.Еуразия материгінің көп бөлігін қандай жер бедері алып жатыр? Таулар алып жатыр.
2.Еуразияның ең биік нүктесі қандай? Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы (8848 м.)
3.Еуразия материгінің ең төмен нүктесі қандай? Өлі теңізі (- 403 м.)
4.Құрылымы жағынан күрделі әрі биік тауларын ата. Кавказ,Армян,Иран,Памир,Тибет таулары.
5.Еуразия аумағынан қанша ірі сесмикалық белдеу өтеді?Оларды ата. 2.Альпі-Гималай және Тынық мұхиттық белдеулері.
6. «Отты шеңбер» деп аталатын аймақ қай мұхитта орналасқан? Тынық мұхитта.
7.Материктегі ең биік сөнбеген жанартауды ата. Ключевская шоқысы (4750 м.)
8.Материктің Еуропалық бөлігінің жер бедері қандай? Ойпаттар және аласа таулар.
9.Азияның көп бөлігінде қандай жер бедері қалыптасқан? Таулар,таулы қыраттар және үстірттер.
10.Пайдалы қазбалар пайда болуына баланысты қандай түрлерге бөлінеді? Магмалық және шөгінді.
|