Сабақ тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»



Дата24.05.2017
өлшемі56,79 Kb.
#16999
түріСабақ
ШҚО Үржар ауданы Қарабұйрат ауылы

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ



Ашық сабақ тақырыбы:

Ғабит Мүсірепов

«Ана құшағында»

4-сынып


Бастауыш сынып мұғалімі: Мустафаева Толкын Сейсенбековна

2016-2017 оқу жылы



Күні: 10.02.2017 ж


Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4

Сабақ тақырыбы:

Ғ Мүсірепов Ана құшағында


Жалпы мақсат:

1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрену, романдағы басты кейіпкер туралы білу

Сілтеме:

Әдебиеттік оқыту әдістемесі. Уайсова Г.И. ,Әміров Р.С.,Жұмабаева Ә.Е.

- Алматы: Атамұра, 2014.



Оқу нәтижесі:

Мәтінді дұрыс түсініп оқиды, өз ойларын ортаға салып, жұппен, топпен жұмыс жасайды, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйренеді, романдағы басты кейіпкер туралы біледі

Негізгі идеялар:

ананың бала өміріндегі орнын білу

Сабақта қолданылатын материалдар:

интерактивті такта,флипчарт,оқулық, маркер, стикер, бейнеролик

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог.


Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Әңгімелеу, көрнекілік, «Айналмалы бекет», Жигсо, постер қорғау, эссе жазу



Тапсырмалар:

сұрақтарға жауап беру, сатылай талдау, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау




Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

Әртүрлі түспен топқа болу


Оқушының іс-әрекеті

Шаттық шеңберіне тұрады

Түстермен 2 топқа бөліну


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баубек Бұлқышев «Ана» мәтінін дауыс ырғағына салып жатқа айту



Оқушының іс-әрекеті

мәтінді дауыс ырғағына салып жатқа айту






Үлкен шеңбер әдісін қолдана отырып үй тапсырмасына дайындық дәрежесін білу

Үй тапсырмасын үлкен шеңберге тұрып орындайды

Бас бармақ әдісі арқылы уй жұмысын бағалау



ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында» әңгімесі бойынша мақсат қойғызу



  • Ақын жайлы мағлұмат беру




Оқушының іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты анықтайды, мақсат қояды






Ғ.Мүсірепов жайлы таныстырылым көрсету

«Қайырғали Смағұлов» туралы бейнеролик көрсету

Джигсо әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, өз бетінше білім алуын бақылау


Қабілетті оқушы Қадырғажы Сырым автор жайлы таныстырылыммен таныстырады

Кемеңгер жазушының


Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен? - «Қазақ солдаты». Иә, құлаққа етене таныс: «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен мәңгілік өлмес мұралардың бірі әрі бірегейі саналатын, ұлы жазушының таудай талантының арқасында дүниеге келген үлкен романның дәл өзі. Әрине, таудай талант иесі деп отырғанымыз – Ғабит Мүсірепов. Дәуірдің рухани – мәдени бел - белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ірі қоғам қайраткері, әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі. Шығармадағы бас кейіпкердің прототипі Кеңес Одағының Батыры Атыраулық ержүрек жауынгер Қайырғали Смағұлов. Бұны біреу білсе, біреулер біле бермейді.

  • Джигсо әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.

  • Әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндап беру




Қызығушылықты ояту(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




«Айналмалы бекет » әдісі арқылы жұптарға сұрақтар қойғызу

  1. топ эссе жазады

  2. топ постер қорғайды

Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру

Оқулықтағы жаттығуды орындау

1 топ эссе жазу

2 топ постерлерін қорғау




IV.Қорытындылау (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Білімдерін жинақтау мақсатында мәтінді сатылай талдау



Оқушының іс-әрекеті

мәтіндісатылай талдау:

Авторы

Тақырыбы


Жанр түрі

Идеясы


Мәтіннің тәрбиелік мәні

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау






Қосымша тапсырма беру

Шығармашылық  жұмыс:

Қайрош туралы монолог



V. Үйге тапсырма беру (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Әңгімені оқу, мазмұндау.

«Менің анам» өлең құрастыру

Қайырғали Смағұлов ( Қайрош ) туралы мәліметтер қарастыру




Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Әңгімені оқу, мазмұндау.

«Менің анам» өлең құрастыру

Қайырғали Смағұлов ( Қайрош ) туралы мәліметтер қарастыру


VI. Бағалау (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Жиынтық бағалау

Өзін өзі бағалауы, топ басшының бағалауы.

VII. Рефлексия(3 м

Мұғалімнің іс-әрекеті

Көңіл күй аралына алған білімдерін қорытындылау



Оқушының іс-әрекеті

Көңіл күй аралына алған білімдерін қорытындылау, стикерлерді тиісті жерге ілу.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет