Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Бұл Windows жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың құрылымдық бірлігі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар.
Файл аты оң және сол жақ бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файл типін анықтайды. Сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді.
Файл атын жазғанда әріптерді, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды, дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі(!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,), {, }қолдануға болады.
Ал мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), нүктелі үтір(;), сұрақ белгісі(?), бөлгіш(/), үлкен(>), кіші(<), тырнақша(«»), нүкте(.)қолдануға болмайды.
Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар әртүрлі болады:
Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар әртүрлі болады:
txt, doc, dot, rtf – мәтіндік файлдар, Word және WordPad құжаттары;
ppt – Power Point қолданбасының презентациясы және т.б.
Бумалар (Қапшықтар) – бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Бумалардың 2 түрі бар: жүйелік және жұмысшы.
Бумалар (Қапшықтар) – бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Бумалардың 2 түрі бар: жүйелік және жұмысшы.
Windows – тегі барлық файлдар, құжаттар, таңбашалар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Ол бос болуы да мүмкін. Қапшықта аттары бірдей объектілер болмауы керек.