Сабақ тақырыбы: Файлдарды құру және сақтау. Негізгі жұмыс режимі. Командалық режимінің белгіленуі мен функциялары


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар



бет4/6
Дата07.11.2023
өлшемі31,99 Kb.
#190023
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
План 130 - 2 сабак 07.11.2023

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырмаларды қысқаша теориялық түсініктемеде көрсетілген командаларды пайдалана отырып, орындаңыз.

Теориялық түсініктеме:
MS DOS 1981 жылы Microsoft фирмасы IBM-нің тапсырысы бойынша құрылған.
MS DOS - MicroSoft Disk Operating System сөздерінің бас әріптерінен шыққан, ол Microsoft фирмасының дискілік операциялық жүйесі дегенді білдіреді.
MS DOS операциялық жүйесін жүктеу: Жүктеу жолы: «Пуск» - «Выполнить» - Command – OK.
А немесе D дисклерін қарау
Командалық жолға келесі сөзді теру керек: Cd (бос орын) А:(дискетті қарау үшін); Cd (бос орын) D: (D-дисклерді қарау)
DOS-та каталогтармен жұмыс
  1. Ағымдағы дискіні ауыстыру. Ағымдағы дискіні ауыстыру үшін диск атауын теріп, содан кейін қос нүктені теру керек, мысалы:


А: - А: дискісіне көшу
В: - В: дискісіне көшу
С: - С: дискісіне көшу
Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.

  1. Ағымдағы каталогты өзгерту. Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Cd (дисковод:)жол

  1. Каталогты қарау. Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады. Параметрлері: /P – Мазмұнды толық экранда көру. /W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар мен каталогтар атын көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады). /О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен каталог атаулары алфавиттік ретпен шығады, содан кейін файл атаулары алфавиттік ретпен шығады.

  2. Каталог құру. Жаңа каталог құру үшін Md (Make Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Md (дисковод:)жол

  3. Каталогты жою. Каталогты жою үшін Rd (Remove Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Rd (дисковод:) жол



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет