Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Бекіту
|
Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Бір-біріне жақсы тілек тілейді.
Қызығушылықты ояту.
Ұялы телефон, ноутбук, планшеттің суреттерін көрсету. Оқушылар суретке байланысты сабақтың тақырыбын болжайды.
Оқу мақсатымен және бағалау критерийімен танысады.
Тыңдалым алды тапсырмасы
«Еркін микрафон» әдісі
1.Ғаламтор туралы не білесің?
2.Ғаламторды пайдалану адамзатқа не үшін қажет?
3.Ғаламторда отыру – сенің уақытыңның зая кетіп жатқаны емес пе?
Тыңдалым кезі
«Ғаламтор желісі туралы не білесің?» видеоны тыңдап, сұрақтарға жауап бер.
1.мәтіндегі негізгі ақпарат туралы не айтасың?
2.Ғаламтор тарихы туралы не білесің?
3.Қазіргі таңда ғаламторды қанша адам пайдаланады?
Тілдік бағдар
Есімше-сөйлемде екі түрлі мәнде , екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі .Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады. Мысалы: Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін. (М.Әуезов ) Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел).
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1.-ған,ген,қан,-кен: ал-ған, көр-ген, кет-кен,қайт-қан т.б.
2.-ар,-ер,-р,-с: бар-ар, кел-ер,оқы-р, көрме-с т.б.
3.-атын,-етін, -йтын,-йтін: айт-атын,кел-етін,тыңда-йтын, сөйле-йтін т.б
4.-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек: бар-мақ, кел-мек,жаз-бақ, без-бек, шаш-пақ, төк-пек.
Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалады.Көсемше жіктеліп,нақты қимылды білдіріп,етістік қызметінде қолданыылса,енді бірде қимылдың амалын білдіріп,үстеу қызметінде қолданылады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жұмыспен барғанын Абай дәл білмейді. (М.Әуезов). Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты. (М.Әуезов).
Тыңдалымнан кейін
1-тапсырма
Мәтінмен танысып, ақпаратты толықтыр.
Гаджет - ол кішігірім бағдарлама, қосымша ақпарат беретін. Мысалы: ауа-райы немесе валютаның курсы. Компьютердегі гаджеттердің көбісі Google Gadgets болып келеді. Және Windows Vista, Windows 7 дегі панельдің бүйір жағында тұратын қысқа (мини) бағдарламалар. Гаджет сөзін ағылшын тілінен аударғанда «құрылғы» деген мағына береді.Кез келген гаджеттің мақсаты өмір сүруді жеңілдету. Гаджеттің кең таралған түрі -ұялы телефондар.Олар тек қана сөйлесу үшін емес, сондай-ақ сағаттың, радионың, ауа-райының жəне т.б. рөлін атқарады.
Дескриптор
негізгі ақпаратты толықтырады- 2 балл
есімшені формалы етістіктерді анықтайды -2 балл
көсемше формалы етсітіктерді анықтайды- 2 балл
.
2-тапсырма
Берілген есімше, көсемше формаларының бірнешеуін түрлендіріп көр (тәуелде,септе, көпте және жікте).
Оқыған, келген, баратын, оқитын, келіп, жазып, айтады.
Дескрипторы:
- есімшені түрлендіреді- 2 балл
- көсемшені түрлендіреді -2балл
|
Ғаламтор материалдары kaztube.kz tarlan.kz.
https://www.google.com/search?
«Ғаламтор тарихы»
https://balapan.tv/news/1757/
|
|