Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.1.3.9 көпбұрыштың ауданы ұғымы және оның қасиеттерін біледі;
8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
8.1.3.12 үшбұрыштың ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады
8.1.3.13 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
Сабақтың мақсаты
меңгерген қасиеттер мен формулаларды қолданып, фигуралардың аудандарын есептеу дағдыларының дамуына жағдай жасау
Бағалау критерийі:
Оқушылар:
Үшбұрыштың ауданын есептеу формулаларын біледі және қоданады.
Тіктөртбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың ауданын есептеу формулаларын біледі және қоданады.
Трапецияның ауданын есептеу формуласын біледі және қоданады.
Қолданбалы есептерді шығаруда үшбұрыштың, тікбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың, трапецияның аудандарын есептеу формулаларын қолдана алады.