Геометрия пәні бойынша 10 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
І тоқсан
Сабақтың нөмірі: 1
Сабақтың тақырыбы: 7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушы планиметрия бөлімінің негізгі ұғымдарын және олардың қасиеттерімен оларға байланысты формулаларды қайталап, осы формулаларды қолданып есептер шығаруы тиіс.
2. Қысқаша конспекті
Мысал: 1. Табаны АС болатын теңбүйірлі АВС үшбұрышының ВN биссектрисасы жүргізілген. Егер 59° болса, бұрыш 2-ні табыңыз.
Шешуі: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең және BN биссектриса болғандықтан
Ал үшбұрыштың тең бүйірлігінен табанындағы бұрыштары . Демек . Енді сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 болғандықтан ізделінді бұрышымыз .
Жауабы: 121
Мысал: 2. АВD (АВ = ВD) және СВD (СD = DВ) тең бүйірлі үшбұрыштарда:
АВD = СDВ = 60°. АВСD төртбұрышының түрін анықтаңыз.
Шешуі: Теңбүйірлі АВD және СВD үшбұрыштарының төбелері 60° болғандықтан табандарындағы бұрыштары 60°- тан болады. Демек олар тең қабырғалы үшбұрыштар. АВ = ВD =DA ; СD = DВ= BC. Есептің шарты бойынша АВ = ВD, СD = DВ болғандықтан төртбұрыштың барлық қабырғалары тең. Ал қарама қарсы бұрыштары да тең. ∠С=∠A=60°, ∠B=∠D=120°. Бұдан төртбұрыштың түрі ромбы болатынын байқаймыз.
Жауабы: ромб.
Мысал:3. Шеңбердің сыртқы нүктесі P арқылы оны A және B нүктелерінде қиятын түзу жүргізілген, және шеңберді T нүктесінде қиятын жанама жүргізілген. Егер PA=4 см, AB=5см болса, PT – ны табыңыз.
Шешуі: PT2=PA·PB (жоғарыдағы кестедегі 9 формула)
PT2=4·(4+5); PT2=36; PT=6.
Жауабы:6.
3. Оқулық беттеріне, Интернет -ресурстарға сілтеме (видио үзінді)
Оқулық: Геометрия, 10 сынып авт. Ә.Н.Шыныбеков
4. Тапсырма: 1.(№ 0.15) Шамалары α және β-ға тең үшбұрыш бұрыштарының биссектрисалары қандай бұрыштар жасап қиылысады?
2. (№ 0.16) Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы 30°, гипотенузасы 24 см. Оның тік бұрышынан түсірілген биіктігі гипотенузасын қандай бөліктерге бөледі?
3. (№ 0.17) Шеңбердің радиусына тең хордасының ұштарынан жүргізілген жанамалар қандай бұрыш жасап қиылысады?
4. (№ 0.18) Тең бүйірлі трапецияның табандары 10см және 15 см, ал сүйір бұрышы 60°. Оның периметрін табыңдар.
5. (№ 0.24) Ұзындығы 12π см-ге тең шеңберге ұзындығы 6 см хорда жүргізілген. Осы хорда керетін кіші доғаның градустық өлшемін табыңдар.
5. Кері байланыс: орындаған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp мобильді қосымша арқылы жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |