Құндылықтарды баулу
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Тарихтың,мəдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрметтеуге, ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
технология, сызу
|
АКТ қолдану
|
https://www.youtube.com/watch?v=4WyyirvYIZA
|
Бастапқы білім
|
Шаршының тіктөртбұрыштың анықтамасы мен қасиеттері туралы ұғымдарын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
1)Ұйымдастыру кезеңі «Артығын алып таста» тренингі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын-ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.
а) «Кубизм» әдісі.
|
Әртүрлі пішіндегі және түстегі геометриялық фигуралардың ішіндегі артығын алып тастайды. Оқушылар ойын айтады және ортақ ойлары бойынша топқа бөлінеді.
Әр топтан бір оқушы шығып кубикті айналдырып тастайды (кубиктің жан-жағына сандар жазылған) қай сан түссе,сол санды кеспе қағазды алып сұраққа жауап береді
|
ҚБ:
Сөзбен қолдау көрсету
ҚБ: мұғалімнің мадақтауы арқылы (өте жақсы, жарайсың, дұрыс...)
|
Геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.
1. Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. «INSERT» әдісі
Белсенді оқытудың «Конверттегі сұрақ» әдісі
1-топқа
Квадрат пішіндес екі жер телімінің қабырғаларының ұзындықтары 12 м және 16 м. Ауданы осы квадраттардың аудандарының қосындысына тең болатын квадрат қабырғасының ұзындығын табыңдар.
Шешуі: 1) 12м • 12м ꞊ 144 м2
2) 16м • 16м ꞊ 256 м2
3) 144 м2 + 256 м2 ꞊ 400м2
4) а2 ꞊ 400м2 а ꞊ 20м
Жауабы: а ꞊ 20м
2-топқа
Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 15 см. Осы тіктөртбұрышқа теңшамалы және қабырғаларының қатынасы 3:5 қатынасындай болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Шешуі:1) 4 см • 15 см ꞊ 60 см2
3х • 5х ꞊ 60 15х2 ꞊ 60 х2 ꞊ 60 : 15 х2 ꞊ 4
х ꞊ 2
3 •2 ꞊ 6см 5•2 ꞊ 10см
Жауабы: 6см, 10см
2. Практикалық жұмыс. Жұптық жұмыс.
«Көршіңмен кеңес» әдісі
1) Парта бетінің ауданын анықтаңдар.
2) Егер 1 м2 парта бетін сырлау үшін 50 г сыр жұмсалатын болса, онда сыныптағы 15 партаны сырлап шығу үшін неше кг сыр қажет?
Сергіту «Сапалақ» әдісі
3. Жеке жұмыс. Халықаралық зерттеу тапсырмасы
Есептердің жaуaптaрын интерактивті тaқтaда көрсетіп, тексеріп отырaмын
|
Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:
W- білемін;
+ жаңалық;
- білмеймін;
?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
Дескриптор:
Бірінші жер телімінің қабырғаларының ұзындықтары арқылы ауданын есептейді.
Екінші жер телімінің қабырғаларының ұзындықтары арқылы ауданын есептейді.
Екі жер телімінің ауданының қосындысын табады.
Аудан формуласы арқылы квадрат қабырғасының ұзындығын табады.
Дескриптор:
тіктөртбұрыштың ауданын есептейді.
аудан мен қабырғаларының қатынасы бойынша теңдік құрады.
тіктөртбұрыштың қабырғаларын табады.
Дескриптор:
- парта бетінің ұзындығы мен енін өлшеп, ауданын есептейді;
- қанша сыр жұмсалатынын табады;
Тақтада ағылшын тілінде жазылған терминдердің қазақша нұсқасын мұғалім айтқан кезде оқушылар ағылшын тіліндегі аудармасын сапалақпен ұру арқылы табады.
Дескриптор:
- учаскенің ұзындығы мен енін табады;
- бір қабатты кірпішпен қапталған дуалдың бағасын табады;
- бір жарым қабатты кірпішпен қапталған дуалдың бағасын табады;
- екі қабатты кірпішпен қапталған дуалдың бағасын табады;
- дуалды қай кірпіш түрімен қалаған тиімді екенін анықтайды;
|
ҚБ: «Фейерверк» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Ең жылдам және жауапты мейлінше көп тапқан оқушығы шағын сыйлық беруге болады.
Қ.Б. «Бағдаршам» арқылы бағалау. Әр оқушы топпен жұмыс жасай отырып, өзінің білімін жетілдіреді. Топтық жұмыс орындалып болған соң, алдарындағы қызыл, сары, жасыл стикердің бірін көтереді.
|
Оқулық,
және т.б, флипчарт, маркерлер
Сызғыш, метрлік лента
термин сөздер жазылған парақтар
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Қалыптастырушы бағалау
Егер әрбір торкөздің өлшемі 1 см болса, төмендегі суреттен тең шамалас, тең құрамдас фигураларды анықтаңыз:
Үй жұмысы: №
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі
|
Бас бармақ – басты мәселе
Балалы үйрек – бірлесу
Ортан терек – ойлану
Шылдыр шүмек – шынайылық
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы
|