Диалог/жазылымға арналған пайдалы сөздер/сөздер тіркестері/фразалар: Заттардың бір бірімен араласып, біріне бірі өтуі құбылысын Х деп атайды.
Әсіресе Х … жылдам жүреді, баяуырақ – …, өте баяу – ... .
Температураны арттырғанда Х құбылысы ... жүреді.
Құндылықтарды дарыту
Топта/жұпта жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық.
Сыни тұрғыдан ойлаудың дамуы.
Талдау, қорытынды жасай алу дағдыларының дамуы.
(М) (Д) Қоңырауда (оқушылардың көңілін аудартпай) жағымды, хош иісті заты бар құты/флакон ашып қойыңыз (әтір немесе кофе). Оқушылардың біреуі жағымды хош иісті сезген соң кабинеттегі ауада иіс қалай таралатыны жайлы әңгімені бастаңыз. Әңгіме бірқалыпты сабақтың басталуына әкелуі тиіс. Күнделікті бақылаударының негізінде оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: